Accessibility links

ЕАЭО келісімі қарсаңында белсенділер мен журналистер қамалды


Азаттық тілшісі Өркен Жоямерген өзіне қатысты әкімшілік соттың басталуын күтіп тұр. Астана, 28 мамыр 2014 жыл. (Сурет Алмас Мақсұтовтан алынды)

Азаттық тілшісі Өркен Жоямерген өзіне қатысты әкімшілік соттың басталуын күтіп тұр. Астана, 28 мамыр 2014 жыл. (Сурет Алмас Мақсұтовтан алынды)

Астанада Еуразия Одағына қарсы жиынға қатысқан бірнеше белсенді «ұсақ бұзақылық» жасады деген айыппен тұтқындалды. Арасында хабар дайындауға барған Азаттық тілшісі де бар. Алматыда прокуратура белсенділерді «акция өткізбеу» туралы ескертті.

Астанада Еуразия Одағына қарсы іс-шара өткізбек болған 10 адам әкімшілік сот шешімі бойынша «ұсақ бұзақылық» жасады деген айыппен үш күннен төрт күнге дейінгі мерзімдерге әкімшілік қамауға алынды. Қамалғандардың бірі - іс-шара туралы хабар дайындауға барған Азаттық тілшісі Өркен Жоямерген.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, «16/12» интернет порталының журналистері Санат Урналиев пен Виктор Гудзь де әкімшілік қамауға алынған.

Есіл аудандық ішкі істер басқармасының Астана қаласы ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотына жіберген рапортында Өркен Жоямергеннің Журналист Өркен Жоямергеннің ісі бойынша полиция қызметкерінің жазған баянхаты. Астана, 27 мамыр 2014 жыл.

Журналист Өркен Жоямергеннің ісі бойынша полиция қызметкерінің жазған баянхаты. Астана, 27 мамыр 2014 жыл.

Қазақстан әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде қарастырылған «ұсақ бұзақылық жасағаны» айтылған.

Астана қаласындағы әкімшілік қамауға алынғандар ұсталатын абақтының кезекші бөлімі журналист Өркен Жоямергеннің төрт тәулікке қамалғанын Азаттыққа растады.

27 мамыр күні Астанада «Антигептил» қозғалысының белсенділері мен бірқатар қала тұрғындары, жиыны 20 шақты адам қала шетіндегі Ильинка кентінде жиын өткізіп, 29 мамыр – Еуразия Одағы туралы келісімге қол қойылатын күнгі іс-шараларын жоспарламақ болған. Белсенділер онда іс-шаралар өткізу үшін киіз үйді жалға алып, журналистерді де шақырған. Олардың ізінше барған полиция жиналғандардың барлығын ұстап әкеткен.

Полиция «Еуразия Одағына қарсы жиын» өтетін жерге жақын тұратын Астананың жеті тұрғынынан арыз түскенін, онда белсенділер «тұрғындарға дөрекі сөйлеп», тіпті кейбіріне «қол жұмсағаны» жазылғанын айтады.

Сейсенбі күні ұсталып, әкімшілік қамауға алынғандар туралы Азаттыққа берген түсініктемесінде Астана қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы София Қылышбекова «олар қоғамдық тәртіпті бұзып, демалушылардың мазасын алған» деді. Бірақ айыпталғандардың нақты не істегендері туралы айтпады.

Қамалған журналистер мен белсенділер өздеріне тағылған айыптарды Белсенділер Ильинка ауылында жалға алған киіз үйде отыр. Астана, 27 мамыр 2014 жыл.

Белсенділер Ильинка ауылында жалға алған киіз үйде отыр. Астана, 27 мамыр 2014 жыл.

мойындамай, оларға қарсы жазылған шағымды «Еуразия Одағына қол қойылатын күн қарсаңындағы арандатушылық» деп атайды.

Ұсталғандардың бірі белсенді Мақсат Нұрыпбаев Азаттыққа әкімшілік соттың түнімен өткенін айтып берді.

"Сот таңғы сағат алтыға дейін болды. Бізге қарсы төрт адамға арыз жаздырып алған, оның үшеуі мас күйде болды, полиция бөлімінде отырғанда көрдім. Сот ұсталғандардың тоғызын төрт тәулікке, біреуін - үш тәулікке қамауға шешім шығарды. Арыз жазған төрт адам біз жиналған жерде соңғы қалған он шақты адаммен жанжалдаспақ болған. Бірақ біздің адамдар олардың арандатушылар екенін біліп, жанжалдаспай кетіп қалған. Қайтып бара жатқан жолда он шақты адамымызды полиция ұстап алып, жаңағы төрт адамның арызын көрсетеді. Осы арыз бойынша "ұсақ бұзақылық жасады" деп соттап отыр" деді Мақсат Нұрыпбаев.

Оның айтуынша, полиция Ильинкадағы жиынға қатысқандардың екі тобын ұстаған. Алғашқы топта ұсталған 17 адамды төрт сағатқа жуық уақыттан соң "Еуразия Одағына қарсы жиынға" қатысып шыққан соң ұсталғандардың бір тобы Есіл аудандық полиция бөлімінде. Астана, 27 мамыр 2014 жыл.

"Еуразия Одағына қарсы жиынға" қатысып шыққан соң ұсталғандардың бір тобы Есіл аудандық полиция бөлімінде. Астана, 27 мамыр 2014 жыл.

босатқан. Кейін тағы он адамды ұстаған. "Қамалғандар солар" дейді белсенді.

Еуразия Одағына қарсы пікір білдіріп жүрген кейбір қазақстандық белсенділерге мамырдың 28-і мен 29-ы күндері қандай да бір акцияға қатыспау туралы жазбаша ескерту тапсыру үшін сәрсенбі күні прокуратура өкілдері олардың әрқайсысының үйлеріне барған.

Алматыда прокуратурадан ескерту қағаз алғандары туралы белсенділер Ғалым Ағелеуов, Ринат Кибраев пен Ермек Нарымбаев Facebook арқылы хабарлады. Дәл осындай мазмұндағы жазбаша ескертуді билік өкілдері өзіне тапсыруға әрекеттенгені жайлы белсенді Андрей Цуканов та айтады. «Ар.Рух.Хақ» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Бақытжан Төреғожинаның үйінің алдында таңертеңнен бері полиция қызметкерлері тұрғаны жайлы белсендінің серіктері хабарлады.


Бұған дейін мамырдың 29-ы күні Астанада Ресей, Қазақстан мен Беларусь президенттері Еуразия экономикалық одағын құру туралы келісімге қол қояды деп хабарланған. Бұл күн таяған сайын Алматы мен Астанада Қазақстанның жаңа бір аймақтық одаққа кіруіне қарсы азаматтық акциялар жиі өте бастады.

Материалды дайындауға Светлана Глушкова үлес қосты.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG