Accessibility links

Алматыда жер сатуға қарсылық білдірді


Алматыда бүгін 30 шақты белсенді жер сатуға қарсы акция өткізді. Олар үкіметке мамырдың 21-і күні жер сатуға қарсы митинг өткізуге рұқсат сұрайтынын, рұқсат етілмесе мамырдың 31-і - сталиндік қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні жалпыхалықтық ереуілге шығатындарын ескертті. Жиналғандар арасында белсенділер Жарылқап Қалыбай, Гүлбахрам Жүніс, Ғабиден Жәкей бар. Рұқсат етілмеген акцияны полиция сырттай бақылап тұрды. Саябақта наразылық танытушылармен қатар коммунистер де болды. Көпшілігі егде, қарт коммунистер жылда 22 сәуір - коммунистер көсемі Владимир Лениннің туған күнін еске алуға жиналады.

XS
SM
MD
LG