Accessibility links

Кандидат Назарбаевпен кездеспек болғандар Астанадан қуылды


Наразы үлескер арызын Ақордаға жеткізе алмады. Астана, 15 наурыз 2011 жыл

Наразы үлескер арызын Ақордаға жеткізе алмады. Астана, 15 наурыз 2011 жыл

Кезектен тыс өтпекші президент сайлауына үміткерлердің бірі – қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеспек болған бір топ үлескер Астанадан қуылды. Ал олардың белсендісі Есенбек Өктешбаев 15 күнге қамауға алынды.


НАРАЗЫЛЫҚ

Бір топ үкіметтік емес ұйым бас қосып, Астанада қамауға алынған «Халыққа баспанасын қалдырайық» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Есенбек Өктешбаевты босатуды талап етіп, наразылық шараларын өткізбекші. Бұл туралы бүгін, наурыздың 16-сі күні «Талмас» қоғамдық ұйымының жетекшісі Айнұр Құрманов мәлімдеді.

- 15-і күні өткен сот процесінің басталуынан аяқталуы тез болды. Алдымен Астананың Алматы аудандық ішкі істер басқармасының шағын залына әкелінген 70-ке тарта азаматтың онын бөліп тастаған. Олардың жетеуін әкімшілік жауапқа тартып, үшеуін құжаттары жоқ деген желеумен қамауға алмақшы болған.
Айнұр Құрманов, "Талмас" республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі (сол жақта) және Вадим Курамшин, құқық қорғаушы. Алматы, 16 наурыз 2011 жыл

Кейін белгілі болғандай барлығын кешкі сағат сегіздің шамасында автобусқа отырғызып, теміржол вокзалына алып барып, «ауылдарына» қайтарып жіберген. Ал Есенбек Өктешбаевты 15 күнге қамау туралы үкім шығарылып, тағы 4 белсендіге 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салып жіберген, - дейді Айнұр Құрманов.

Оның сөзінше, қазір «Халыққа баспана қалдырайық» бірлестігінің аймақтағы мүшелері мен өзгеде үкіметтік емес ұйымдар бірігіп, Өктешбаевты босатуды талап етіп, наразылық акциясын ұйымдастырмақшы.

ҮМІТКЕРМЕН КЕЗДЕСУ

Кеше, наурыздың 15-і күні республиканың көтеген аймағынан жиналған үлескерлер Астанаға барып, қазіргі президент, әрі президенттікке кандидат – Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеспек болғандығы жайлы Азаттық бұдан бұрын хабарлаған еді.

Алайда, 300-ге тарта азаматты кандидат та, оның штабындағы сенімді өкілдері де қарсы алған жоқ. Оның орнына Астананың әскери жасағы мен полиция қарсы алып, президентпен кездесуді талап еткен 70-ке тарта азаматты бөлімшеге алып кетті.

Астанаға барып үміті ақталмаған «Халыққа баспана қалдырайық» бірлестігінің мүшелері, «егер Назарбаев бізбен кездесуге келіссе, біз Астанаға тағы баруға дайынбыз» деп отыр.
Наразы үлескерлер мен полиция арасындағы жұлқылас. Астана, 15 наурыз 2011 жыл

- Біз президентімізбен, алдағы сайлауға түспекші кандидат – Назарбаевпен кездесіп, өз проблемаларымызды ғана жеткізгіміз келді. Кеше Астанада суық болды, соған қарамастан Ақ Орданың алдында сағат 10-нана 15-ке дейін тұрдық. Бізбен ешкім кездеспеді. Біз өзіміздің келетіндігіміздің наурыздың 9-ы күні хабарлап, алдын ала хат жолдаған едік. Сондықтан президент біздің келетіндігімізді білмей қалмауы мүмкін емес - дейді кешегі жиында болған бірлестік мүшесі Жанна Садықова.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG