Accessibility links

Бүгін қасиетті Рамазан айы басталды


Қарабалық ауданының орталығындағы мешіт. Қостанай облысы. Маусым 2009 жыл.

Қарабалық ауданының орталығындағы мешіт. Қостанай облысы. Маусым 2009 жыл.

Тамыздың 11-інде мұсылман әлемінің маңызды ғибадат айы - қасиетті Рамазан айы басталды. Бұл айға аман-есендікте жеткен әрбір мұсылман мадақ айтып, бір ай бойы ауыздарын бекітеді.

Ораза ғибадаты - мұсылманға міндет етілген бес парыздың бірі. Ораза өзін мұсылман санаған балиғат жасындағы адамға міндет болып табылады. Тек ауруларынан айығу үміт етілмеген жандар мен ораза ұстауға шамасы келмейтін қарт кісілер ғана әлеуметтік әлсіз жандарға фидия төлемін берумен босатылады.

Тамыздың 11-і күні басталған ораза қыркүйектің 8-і күні тәмамдалып, жиырма тоғыз күн тұтылады. Бұл күндері мұсылмандар бірін-бірі ауызашарға шақырып, жақсы тілектер айтады.

Рамазан - араб сөзі, түбірі «рамзау» - «өте ыстық» деген мағынаны білдіреді. Ғұламалар мұны: «Рамазан айында ораза ұстаған пенденің бойына біткен кішігірім күнә-кемшіліктері күйіп кетеді», - деп түсіндіреді.

Ораза ұстаудың пайдалы екендігін медицина мамандары да қуаттайды. Мәселен, ораза ағзаның иммундық жүйесін күшейтеді, семіздік пен оның салдарынан, бауырда тастардың жиналуынан және қуық жолдарында зәр тұздарының түзілуінен сақтайды. Сондай-ақ денедегі жасушаларға тұрып қалатын қатерлі улағыш заттардан қорғап, реттейді.

Оразаның әр күнінде барлық мешіттерде Тарауих намазы оқылып, Құран кәрім хатым түсіріледі. Сонымен қатар, осы айдың ішіндегі қасиетті түндердің бірі Қадір түні ерекше ғибадат өетеледі..Биыл Қадір түні қыркүйектің 5-інен 6-сына қараған түнге сәйкес келіп тұр.

Ораза кезінде пітір садақа беріледі. Биылғы пітір садақаның мөлшері 140 теңгенің көлемінде бекітілді.

Рамазан айынан кейін Ораза айты атап өтіледі. Алдағы айт қыркүйектің 9-ында басталады.


Алматының орталық мешітіндегі алғашқы тарауық намазы. 10 тамыз 2010 жыл.

  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG