Accessibility links

Чехиядан қайтарылған Мұхамбетовтың туыстары оның қайда екендігін білмейді


Марғұлан Мұхамбетов чех лагерінде. қазан, 2009 жыл.
Марғұлан Мұхамбетов чех лагерінде. қазан, 2009 жыл.

Чехиядан мәжбүрлі түрде қайтарылған 26 жасар Марғұлан Мұхамбетовтың туыстары оның қазір қайда екенінен хабарсыз. Исламдық "таза дін" қауымының мүшесі Мұхамбетов Чехиядан қазанның 10-да депортацияланған болатын.

Азаттық радиосының мәліметінше, Марғұлан Мұхамбетовты чех офицерлері 11 қазан күні «Прага-Алматы» әуе бағытымен ұшып келіп Қазақстанның шекара қызметіне тапсырған.

Алматы әуежайының шекаралық қызметінің өкілі Азаттық радиосының тілшілеріне «бостандыққа жіберілген Мұхамбетовты әуежайдан достары, не болмаса туған-туыстары күтіп алған» деп хабарлады.

Алайда Атырау облысының Аққыстау ауылында тұратын оның жақын туыстары қазір Марғұланның қайда екенін білмейтіндіктерін мәлімдеген. Оның әке-шешесі мен бауыры Азаттыққа берген сұхбатында Марғұланның депортацияланғандығы жөнінде тек интернеттен білгендерін және оның Алматыда ешқандай достары жоқ екенін айтты.

Марғұлан Мұхамбетовтың туыстары оның тағдырына байланысты алаңдап отырғандықтарын жеткізді.
XS
SM
MD
LG