Accessibility links

Бірі тубдиспансерде, екіншісі перзентханада қайтыс болған ана мен баланың туыстары аяқтарынан таусылып жүр


Босанғаннан кейін ауруханада қайтыс болған Алевтина Абишева. (сол жақта)

Босанғаннан кейін ауруханада қайтыс болған Алевтина Абишева. (сол жақта)

2007 жылдың желтоқсан айының 11-і күні 25 жасар Алевтина Абишева Майқұдықтағы нөмірі 3 ші перзентханада босанады. Артынша босанған келіншекті дәрігерлер облыстық тубдиспансерге аттандырыпты. Тубдиспансерде Алевтина екі күннен кейін көз жұмады. Ал нәресте перзентханада бес күн жатып, шетінеп кеткен.

Осыдан кейін дабыл қаққан келіншектің отбасын Алевтинаның науқасы оған дейін қалай анықталмаған деген сұрақ мазалайды. Өйткені жүктілік кезінде болашақ ана дәрігердің бақылауында болған. Алевтинаның туыстары күдік туғызатын жайттардың көптігінен полицияға шағымданып, мәйітке сот медицияналық сараптама өткізілуін талап еткен.

Құзырлы орындарға шағымданбаған жері қалмаған қайтыс болған келіншектің туыстары сот медициналық сараптама қортындысына жарты жыл дегенде әрең дегенде қол жеткіздік дейді. Оның өзінде басында жергілікті медицина қызметкерлері әр нәрсені сылтауратып, қорытынды беру ісін созуға тырысқан. Амалы қалмаған отбасы Ұлтттық қауіпсіздік комитетіне шағым түсіргеннен кейін ғана, сот медициналық сараптаманы Астананың сарапшылары өткізіп, тағы сол орган басшылығының қадағалауымен, тоқтап қалған іске жан бітті дейді Алевтинаның туыстары.

Сот медициналық сараптамалық анықтама жасаушылар Алевтинаның ағзасында түберкулез ауруының белгілері болмаған деген қорытындыға келген.. Керісінше сараптама қортындысы бойынша әйел ағзасында инфекциялық токсикологиялық шок болған деген диагноз қойылған. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдай адамның ағзасы әбден тозығы жеткенде орын алады.
Туыстары перзентханаға өз аяғымен дін аман кірген Алевтинаның мұрттай ұшуына не себеп болды дейді.

Айта кету керек осы қайғылы оқиғаны жүрегі көтере алмаған Алевтинаның 30 жасар ағасы Вячеслав Югай қарындасынан айырылған соң 3 ай әділдік іздеген далбасалық өмірден кейін көз жұмып тынған. Енді бұл отбасында ағалы, қарындасты бауырлардың бірі екі жастағы, екіншісі кәмелеттік жасқа толмаған балалары жетім қалыпты.

Дегенмен іске бұл жерде де нүкте қойылған жоқ. Істі жүргізуші тергеуші Фарид Гайнутдинов бірінші рет жасалған сот медициналық сараптама қорытындысын жоққа шығарып, өткен жылдың қыркүйек айында Алевтина Абишеваның туыстарын сот медицияналық сараптаманы екінші рет жасауға рұқсат беретін қаулымен таныстырады.

-Жауап алушы бізге ол құжаттың ана мен баланың өліміне себепші болған дәрігердің кінәсін анықтауда керек болатындығын айтқан. Дей тұрса да кінәні анықтайтын екінші сараптама қортындысы дайын болатын уақыт та созылып кетті,- дейді қайтыс болған қыздың туыстары.

Осы жағдай төңірегінде туындап отырған дау -дамай барысында хұқық қорғау орындары қандай да бір мағлұмат беруден бас тартып отыр. Ал Абишевтар отбасы дәрігерлердің кінәсін анықтайды деген екінші сот медициналық сараптама қортындысын күткендеріне жарты жыл болыпты.
Алевтинаның әпкесі Лейла Аренова. Қарағанды


Мамандардың айтуынша, дәрігерлердің кінәсін дәлелдеу тәжәрибеде өте қиынға соғады. Біріншіден сараптама жүргізетін де сол ақ халатты жандардың болуы, екіншіден мұндай қиын іске хұқық қорғаушылар аса ден қойып араласа бермейді. Ал Алевтинаның туысы Лейла Аренова облыстық денсаулық сақтау басқармасы да жоғары жақтағы ұпай сандарына нұқсан келмеуі үшін бұл істің тоқтап қалуына қолдан келгеннің барын жасауда дегенді айтады. Бірақ кінәлілер анықталып, жазаларын арқаламайынша, істі соңына дейін жеткіземіз деп отыр.

Мәселенің анық- қанығын білу мақсатында Майқұдықтағы перзентханаға қоңырау шалдық. Тілшілердің сұрап тұрғанын естіген хатшы қыз "Бас дәрігер бөлімдерді аралауға кетті, кейінірек тағы бір хабарласарсыздар" дегенді айтты. Алайда жарты сағаттан кейін тағы қоңырау шалып, бас дәрігерді сұраған тілшіге, ол облыстық денсаулық сақтау басқармасына есеп беруге кетіп қалды деді. Бас дәрігермен тілдесу мүмкін болмаған соң басқармада отыратын облыстың бас гинекологы Құралай Медеубаевамен тілдестік
Облыстың бас акушер-гинекологы Құралай Медеубаева. Қарағанды.

- 2007 жылдың желтоқсанында маған Майқұдықтағы нөмірі 3- ші перзентхана директоры хабарласып, оларда науқас әйелдің босанып, ауыр халде жатқанын және онда түберкулез ауруының нышаны байқалады, сондықтан әйелді тубдиспансерге ауыстыру керектігін айтты. Мен оған өзім барып қарамайынша оны ешқайда қозғамай тұруын сұрадым. Алайда ол менің рұқсатымсыз ауыр халдегі әйелді Майқұдықтағы нөмірі 1 -ші ауруханаға апарған.

Ол жерде әйелдің түрін көріп, шошынған олар ауруды қабылдамаған. Осыдан кейін Татьяна Юзик сол жердегі таныс фтизиатрмен келісіп, ауруды қаратып, оған облыстық тубдиспансерге жолдама бергізген. Осындай хабарды естіген соң облыстық денсаулық сақтау басқармасынан комиссия құрылып, ауруды қарауға барғалы жатқанымызда, облыстық тубдиспансердің бас дәрігерінің орынбасары қоңырау шалып, ауру келіншектің қайтыс болғанын айтты,- дейді Құралай Медеубаева.

Құралай Медеубаеваның айуынша, осыдан кейін басқарма тарапынан Алевтина Абишеваның тұрғылықты жеріндегі емхана мен перзентханаға тексерістер жүргізілгеі. Нәтижесінде перзентханада міндетті түрде болуы тиіс рентген аппаратының жоқтығы анықталған. Ал емханадан алынған мағлұматқа сүйенсек, Алевтина босанар алдында бронхит ауруынан емделіп жүрген болып шықты. Сонымен қатар ол жүкті болардың дәл алдында жасанды түсік жасатқан екен. Ал ол босанған кездегі баланың салмағы бір жарым килограмм болып әлсіз туылған деген уәждерді алға тартты Медеубаева.

Өз бетімен шешім қабылдаған перзентхана директоры Татьяна Юзикке қатысты ешқандай шара қолданылмаған. Себеп, перзентхана бүгінгі таңда «Аймақтық акушер-гинекологтар орталығы» ЖШС нің жекеменшігіндегі мекеме. Тағы бір айта кететіні тексеріс барысында перзентханадағы әйелдерді бақылайтын терапевтің бұл істерге арнайы сертификаты жоқтығы және ол штаттан тыс қабылданған, зейнеткерліктегі маман анықталған. Перзентхана басшылығы осы оқиғадан кейін «терапевті» жұмыстан шығарып жіберіпті.

Осылайша Қарағанды қаласында 2007 жылы ауруханада жаңа босанған ана мен оның нәрестесінің өліміне байланысты дәрігерлердің үстінен қозғалған қылмыстық істің шегі мен шеті әзір анықталар емес.

Ал Қарағанды облысында соңғы екі жылда перзенханалардағы ана өлімінің 13 жағдайы кездесті дейді облыстық бас акушер-гинеколог Құралай Медеубаева.
XS
SM
MD
LG