Accessibility links

Қазақстанда «діни ұстанымы сенімсіздерді» әскер қатарына алмауға тырысады


Әскерге шақырылғандарға арналған қалалық жинақтау орны. Алматы, 12 қазан 2011 ж.

Әскерге шақырылғандарға арналған қалалық жинақтау орны. Алматы, 12 қазан 2011 ж.

Қазанның 13-і күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламент пен қоғам арасында біраз дау тудырған діни қызмет туралы заңға қол қойды. Ал биыл әскерге шақырылғандар діни сеніміне қатысты тексеруден өтіп жатыр.


Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңда мемлекеттік мекемелерде діни құлшылық орындарын ашуға тыйым салынған. Ал әскер қатарында жүргендердің діни парызын өтеуі немесе олардың әскерге бару-бармауы даулы мәселе болып отыр.

ӘСКЕРДЕГІ ДІН

Әскерге шақыртылған Талғат Ағатай Алматыдағы Д.Қонаев атындағы университетті бітіріпті. Ол өзінің жеке іс парағында діни сеніміне қатысты тарау болғанын, оған «өз дінімді сыйлаймын» деп жазып, сынақтан өткенін айтты.

Ал Алматы облысы, Іле ауданынан келген әскерге шақырылушы Ерлан Ахметов әскерге жақсы жұмысқа орналасу үшін баратынын жеткізді. Психологиялық әңгімелесу сынағында өзінен «өмірге деген көзқарасың қандай, болашақ бар деп ойлайсың ба? деп сұрағанын айтады.

Әскерге алынғанға дейінгі жағдаймен танысқаннан соң, Семей қаласында әскери борышын өтеп келген Мұхтар Бекболат есімді Алматы облысының азаматынан әскердегі дін ұстану жайын сұрадық. Ол әскерде дін ұстануға рұқсат берілмегенін айтады.

- Бөлімімізде намаз оқитын жігіттер болды. Бірақ оларға азаматтық өмірге шыққан соң оқисыңдар деп, намаз оқуларына уақыт бөлмеді. Ораза ұстауға да рұқсат берілмеді. Себебі үш уақыт тамақтануың керек, - дейді ол.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СЫНАҚ

Алматы қалалық қорғаныс істері басқармасының шақыру бөлімінің бастығы Марат Сейсенбаевтың айтуынша, әскерге шақырылғандар арасында радикалды сенімге бой ұрғандарды бірден анықтау қиын.

- Шыны керек, мұны анықтай алмайсың. Шақырылушының маңдайында "террорист", "экстремист" деп жазылып тұрған жоқ қой. Тек психологиялық тексеру барысында ол (діни ұстанымын - Азаттық) мінез-құлығымен көрсетіп қалуы мүмкін

«Осылай өзіміз де психолог болып алдық, ол үшін жарты сағат әңгімелессек жеткілікті»,- дейді ол.

Тұрғылықты жеріндегі әскери комиссариаттағы медициналық, психологиялық тексерістен өтіп келген шақырылушы қалалық жинақтау орнында да бірнеше кезеңнен тұратын тексеруден өтеді.

Жеке іс парағы «таза» шақырылушы бұдан соң тағы медициналық тексеруден өтеді. Денсаулығы жараған шақырылушы одан ары Қазақ сарбаздары "Дала қыраны" әскери жаттығуларының ашылуы кезінде. Алматы облысы, 8 тамыз 2011 ж.

Қазақ сарбаздары "Дала қыраны" әскери жаттығуларының ашылуы кезінде. Алматы облысы, 8 тамыз 2011 ж.

психологиялық сынақтан өтеді екен.

Марат Сейсенбаевтың айтуынша, соңғы төрт жылдан бері жүргізіліп келе жатқан психологиялық сынақ шақырылушының психикалық жай-күйін, әскерде қызмет етуге психикалық тұрғыдан дайындығы тексеріледі.

Ол Азаттық тілшісінің шақырылушының діни сенімінің «дұрыс, я бұрыстығын» қалай анықтайсыздар?» деген сұрағына:

- Бұл жайлы әлі заң қабылданған жоқ. Енді кіргізетін шығар. Біз қазір басшылыққа алатын заңнамада шақырылған адамның дінді ұстануы, ұстанбауы турасында көрсетілмеген. Бірақ психологиялық сынақта шақырылушының дінді ұстанатынын, я ұстанбайтынын анықтаймыз. Әскерге шақырылғандардың арасында намаз оқитындары да болды, жібердік. Оларға айтып түсіндіреміз. Кейбір шақырылушылар «болды, мен әскерге барамын, бір жыл намазымды ысырып қоя тұрамын, кешіріледі» деп келіскендері болды. Ал тағы бір шақырылушының өзі, ата-анасы «баламды соттаса соттап жіберсін, бірақ балам намазын оқиды, әрі әскерге барады» деді. Оған келісіп, жібердік. Жарты жыл болды, әскерде жүр, бір ескерту алған жоқ, - деді Марат Сейсенбаев.

МӘСЕЛЕНІ КЕЛІСІММЕН ШЕШУГЕ БОЛАДЫ

Оның айтуынша, әскери бөлімнен келген қызметкерлер өздеріне намаз оқитындарды алмауға тырысады екен. Дегенмен, дін ұстанатын шақырылушының әскерге бару-бармауы екі жақты келісім арқылы шешілетін көрінеді.

- Дін ұстанатын адаммен қосымша әңгімелесеміз. Себебі ол қару асынып жүреді, қарауылда тұрады, сол кезде намаз уақыты келіп қалады ғой. Негізі әскерге бару-бармауды шақырылушының өзі анықтайды. Егер Мұхаммед пайғамбардың туған күні – мәуліт мейрамын атап өту жиыны. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Алматы, 5 наурыз 2011 ж.

Мұхаммед пайғамбардың туған күні – мәуліт мейрамын атап өту жиыны. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Алматы, 5 наурыз 2011 ж.

шақырылушы діни себеппен әскерге барудан бас тартса, біз оларға ешнәрсе істей алмаймыз. Себебі, заңда ол турасында жазылмаған. Ал жалпы шақырылушы әскерге қарсы болып, барғысы келмесе қылмыстық кодекстің 326 бабы бойынша екі жүзден мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлейді немесе алты айдан екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Біз олардың ісін дайындап, прокуратураға береміз, ары қарай солар айналысады - дейді Марат Сейсенбаев.

ДІН ТУРАЛЫ СҰРАҚ

Алматы қалалық қорғаныс істері басқармасындағы әскери-дәрігерлік комиссияның психиатры Ольга Тагаева әскерге шақырылғандардың психикалық эмоционалдық жай-күйін, жүйке жүйесіндегі ауытқушылықты, әскерде қызмет етуге моральдық тұрғыда дайындығын тексереді екен.

Ол психологиялық жазбаша сынақта «қандай дінді ұстанатыны туралы» сұрақ бар екенін айтады.

- Сынақтан өтушілер ол сұраққа көбінесе тек «дінге сенемін» деп жауап береді. Биыл төрт жүзден аса адам сынақтан өтті. Бірақ я ортодоксалды, я радикалдық діни сенімді ұстанатындар кездескен жоқ. Былтыр «Иегова куәгерлері» ағымының бір өкілі болған. Бірақ ол медициналық тексеруден өтпей қалды, - дейді Ольга Тагаева.

Алқ қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша, биылғы күзде Қазақстанның қарулы күштері қатарына шақырылғандар саны 14 мың адамды құрайды.
  • 16x9 Image

    Айбек БЕЙСЕБАЕВ

    Айбек – Азаттықтың қазақша вебсайтындағы ньюсрайтері. 1986 жылы туған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ді тәмамдаған. Азаттықта 2010 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG