Accessibility links

Лама Шариф «Қазақстанның діни алаңы тазарғанын» айтты


Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф. Астана, 29 қыркүйек 2011 жыл.

Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф. Астана, 29 қыркүйек 2011 жыл.

Дін істері агенттігінің төрағасы мемлекеттік басылымға берген сұхбатында "дәстүрлі" мазхаб пен ақиданы насихаттауға назар аудартты.

Қазанның 25-і республикалық басылымдарға берген сұхбатында агенттік төрағасы Қайрат Лама Шариф «діни бірлестіктерді қайта тіркеу нәтижесінде Қазақстандағы конфессияларды жіктеу жүйесі жетілдіріліп, олардың нақты саны 46 емес, 17 екені анықталған» деп мәлімдеді.

Тіркеуден өткен ұйымдардың 72 пайызы – ислам, 9 пайызы – православие, 3 пайызы – католик, 14 пайызы – протестант, 2 пайызы – өзге діни бірлестіктер

«БІРЕГЕЙ ЖӘНЕ БІРТҰТАС ИСЛАМИ ҰЙЫМ ҚАЛЫПТАСТЫ»

Қайрат Лама Шариф «Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы (ҚМДБ) республикалық ислами діни бірлестік ретінде тіркеліп, барлық облыстардағы 2228 мешіт қайта тіркеуден өткенін», осылайша «Қазақстанның бірегей және біртұтас ислами ұйым» қалыптасқанын айтты. «ҚМДБ республикадағы исламның тарихи ерекшелігіні ескере отырып, исламның сүнниттік бағыттағы Әбу Ханифа мазхабын және имам Матрудидің діни ілімін насихаттайды» деді ол.

Сонымен бірге Қазақстандағы орыс православие шіркеуінің атауы "Қазақстанның православие шіркеуі" болып өзгерген. 261 приход пен 9 епархияны біріктірген Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шарифтың "Егемен Қазақстан" газетіне шыққан сұхбаты. 25 қазан 2012 жыл.

Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шарифтың "Егемен Қазақстан" газетіне шыққан сұхбаты. 25 қазан 2012 жыл.

митрополиялық округ те республикалық діни бірлестік куәлігін алған. Жаңа заңға сәйкес православие дінінің аясында армян апостолдар шіркеуі мен 8 көне әдет-ғұрыптар шіркеуі қызмет ете бастаған.

Дін істері агенттігі төрағасының айтуынша, «Қазақстанда рим-католик шіркеуінің 79 субъектісі діни қызмет атқарады, 4 иудей қауымы мен 2 буддистік бірлестіктер тіркеуден өткен».

– Бұрын қызмет атқарған 666 протестанттық діни бірлестіктердің ішінен 462-сі, яғни 69 пайызы қайта тіркеуден өтті, қалғандары таратылу үдерісінде. Дәстүрлі емес діни бірлестіктердің басым бөлігі қайта тіркелуге келмеді. Дәстүрлі емес 48 діни бірлестіктің ішінен 16-сы ғана қайта тіркеуден өткен, қалған 32 бірлестік әділет министрлігінің өтініші бойынша сот тәртібімен таратылады, – деді Қайрат Лама Шариф.

Алматы Хельсинки комитетінің төрайымы Нинель Фокина дін істер агенттігі Нинель Фокина. Алматы, 4 наурыз 2011 жыл.

Нинель Фокина. Алматы, 4 наурыз 2011 жыл.

төрағасын бұл сұхбаты үшін прокуратура жауапқа тартуы қажет деген пікір айтады.

- Прокуратура Лама Шарифты «дәстүрлі емес діни бірлестік», «деструктивті идея», «дінді жамылып, теріс пиғылды, әрі экстремистік идеологияны тарату» сынды Қазақстанның заңнамасы мен конституциясында жоқ түсініктер қолданғаны үшін жауапқа тарту керек. Дінаралық алауыздықты тудырғаны үшін, - деді Фокина Азаттық тілшісіне.

«ӨТКЕН-ӨТПЕГЕНІМІЗДІ БІЛМЕЙМІЗ»

Тіркелу үшін құжаттарын тапсырып, агенттіктің жауабын күтіп отырған діни ұйымдар арасында Петропавл қаласы мұсылмандарының татар-башқұрт бірлестігі де бар. 1996 жылы тіркеуге тұрған ұйым қазір өздерінің қайта тіркеуден өткен-өтпегенін білмейді.
Ақыр аяғында «жарғыларыңда ҚМДБ-мен бірлесіп жұмыс істеу жолы көрсетілмеген» деген «кемшілік» тапты.

– Құжаттарымызды үш рет қайта тапсырдық. Алғашында «жарғыларың заңға қайшы» деді. Кейін «уағызды татар-башқұрт және орыс тілінде жүргіземіз» дегенге «қазақша да жүргізу» қажет» деді. Сосын «татар-башқұрт» деген атау «тек татар-башқұрт ұлты ғана жиналады дегенді меңзейді» деп шықты. Ақыр аяғында «жарғыларыңда ҚМДБ-мен бірлесіп жұмыс істеу жолы көрсетілмеген» деген «кемшілік» тапты. Біз мұның барлығын өзгертіп, қыркүйектің 12-сінде қайта жібердік. Қазанның 3-і күні дайын болуы тиіс құжаттарымыз әлі дайын емес. Ал қазанның 18-і күні дін істер агенттігінен келген хатта «құжаттарды тексеру тағы 30 күнге ұзартылғаны» хабарланған, – деді татар-башқұрт бірлестігінің жетекшісі әрі «Дінмұхаммад» мешітінің имамы Рафаэль Рязапов Азаттық тілшісіне.

Өздерін католиктерге де, протестанттар мен православтарға да қоспайтын, бірақ Марианна Гурина. Алматы, 29 мамыр 2012 жыл.

Марианна Гурина. Алматы, 29 мамыр 2012 жыл.

христианбыз деп есептейтін шағын топ – мормондар да дәл осындай жағдайда қалғанын айтты.

– Бүгінге дейін тіркеуге қатысты жауап ала алмай отырмыз. Бірақ жақын арада жағымды хабар жетеді деген үміттеміз, – деді өзін «мормондардың жетекшілерінің бірімін» деп таныстырған Марианна Гурина.

Алматы қаласындағы ахмадия қауымы да қайта тіркеуге құжат тапсырғанымен, жауап ала алмай отырғанын айтты. Қауымының жұртшылықпен байланыс жөніндегі хатшысы Нұрым Тайбектің сөзіне қарағанда, олар құжаттарын 10 күн бұрын ғана тапсырған.

– Агенттік алғашқы жарты жылдан аса уақыт қайта тікеудің қалай жүргізілетінін Нұрым Тайбек. Алматы, 19 маусым 2012 жыл.

Нұрым Тайбек. Алматы, 19 маусым 2012 жыл.

анықтамай, бізді әбігерге салды. Сосын заңға тәуелді актілер дайындалды. Сөйтіп, біз құжаттарымызды кеш тапсырдық. Енді оны шамамен екі ай қарайды екен, – деді Нұрым Тайбек.

Ал дін істері агенттігінің баспасөз хатшысы Светлана Пенькованың айтуынша, «бүгін қабылданған құжаттар бар, әлі тексеріліп жатқан құжаттар бар – сондықтан тіркелген немесе тіркелмеген ұйымдар саны әлі өзгеруі мүмкін».

– Кей ұйымдар құжаттарын осы күні тапсыруы мүмкін. Ол бірнеше апта бойына тексеріледі, содан кейін ғана ол ұйымға қатысты шешім шығарылады. Қайта тіркеудің нәтижесіне қатысты қорытынды мәлімет қараша айында белгілі болады, – деді ол Азаттық тілшісіне.

2011 жылдың 25 қазанында күшіне енген «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның 24-бабына сәйкес діни бірлестіктер қайта тіркеуден өтуі тиіс болды. Бұл шараға берілген бір жыл уақыт бүгін – қазанның 25-інде аяқталды.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG