Accessibility links

Қазақстанда адам саудасы бұрынғыша қалған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ сексуалды сауда және еңбекке мәжбүрлеп пайдалануға қатысты жыл сайынғы рейтингін жариялады. Онда Қазақстанда адам саудасы құрбандарын қорғаудың төменгі шегі де сақталмайтыны айтылған.

Құқық қорғау топтары ел азаматтарын мақта өндірісінде жұмыс істеуге мәжбүрлейді деп сынайтын Өзбекстан ең төменгі «Tier 3» рейтингісінен жоғарылап, «Tier 2 Watch List» тізіміне көтерілді. Бұл Ташкенттің мақта жинауда балалар еңбегін пайдалануға қарсы тұру үшін біраз шара атқарғанын көрсетеді.

«TIER-3» ҚАРА ТІЗІМІ

Ал Белоруссия «Tier 2 Watch List» рейтингісінен «Tier 3»-ке төмендеп қалды. Вашингтон 2014 жылы бұл мемлекет «адам саудасына қарсы күресуде қолынан келгенін жасамады» деп отыр.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри шілденің 27-сі күні жарияланған есеппен бірге өз хатында «адам саудасы адамгершілік құндылықтарды қорлау және жеке бостандыққа қол салу» деп ескертті. «Біз Таяу террористердің Шығыстағы әйелдер мен балаларды сатып жатқаны жайлы айтамыз, ал Орталық Еуропада қыздарды сексуалды саудаға салу қызып тұр, Солтүстік Америкада ферма жұмысшыларының күшін пайдалану, Оңтүстік-Шығыс Азияда балықшыларды құлдыққа салу бар, әр қылмысты өз атымен атау керек» дейді ол.

"Tier-3" категориясына түскен елдерге сыртқы саудамен қатысы жоқ санкция жариялануы да мүмкін.

Өзбекстанды «Tier 3» қара тізімінен шығарған АҚШ Ташкенттің мақта шаруашылығына балаларды салуға тыйым салғанын ескерген.

АҚШ президенті Барак Обама «Адам саудасы» туралы баяндама жарияланған соң 90 күн ішінде «Tier-3» cанатындағы мемлекеттерге қарсы санкция салу туралы шешім қабылдауға тиіс. Вашингтон кейде ұлттық қауіпсіздік мүддесіне сүйеніп, бұл шараны қолданбауға тырысады.

Мысалы, Азиядағы стратегиялық маңызды әріптестері Тайланд пен Малайзия санкциядан аман қалды. 2014 жылы АҚШ «заманауи құлдыққа қарсы күресе алмай отыр» деп айыпталған Малайзия мен Кубаны «Tier 3» қара тізімінен алып тастады. Сол үшін де Вашингтонды рейтинг құрғанда саясатқа сүйенеді деп сынаушылар болды.

Ресей мен Иран «Tier 3» тізімінде қалған 23 мемлекеттің ішінде тұр. Бұл топта тағы Солтүстік Корея, Сирия және Зимбабве бар.

ҚАРА ТІЗІМНЕН ШЫҚҚАН ӨЗБЕКСТАН

Нью-Йорктегі Human Rights Watch халықаралық адам құқын қорғау ұйымы Өзбекстанда «мақта өндірісінде мемлекеттік деңгейде еңбекке мәжбүрлейтін жүйе қалыптасқанын» айтып, «жыл сайын миллиондаған тұрғындарды мақта егуге, егістік арамшөбін жұлуға және оны оруға мәжбүрлейді» деп айыптайды.

Өзбекстанды «Tier 3» қара тізімінен шығарған АҚШ Ташкенттің 2014 жылы мақта шаруашылығына балаларды салуға тыйым салғанын және университет басшылары мен фермерлердің айыппұл төлейтіні жайлы заң қабылдағанын ескерген.

ТАЛАПТЫ ОРЫНДАМАҒАН ҚАЗАҚСТАН

"Қазақстанда ішкі адам саудасы мәселесі өзекті және Қазақстан үкіметі адам саудасымен күрестегі ең қарапайым талаптарды толық орындамай отыр" делінген осы баяндамада.

Баяндамада Қазақстанның жыныстық қанау мен мәжбүрлі еңбекке тап болған ерлер мен әйелдер, балалар тұрақтайтын мемлекет, кей жағдайда солар үшін транзиттік ел болып отырғанын айтады.

Кейбір балалар қайыр сұрауға, кейбірі тіпті қылмыстық әрекеттер мен порнографиялық қызметке де мәжбүрленеді

Баяндамада қазақстандықтардың көпшілігі Астана, Алматы, Атырау және Ақтау сияқты экономикасы дамып жатқан қалаларға жұмыс іздеп барып, кейбірі "мәжбүрлі еңбек пен жыныстық қанауға тап болатыны" айтылады.

"Қытайлықтар, қазақстандықтар мен орталық азиялық басқа да азаматтар, әсіресе Өзбекстан азаматтары үй шаруасында, құрылыс пен ауыл шаруашылығы саласында күштеп жұмысқа салынады. Кейбір балалар қайыр сұрауға, кейбірі тіпті қылмыстық әрекеттер мен порнографиялық қызметке де мәжбүрленеді" делінген аталған баяндамада.

"Қазақстан үкіметі адам саудасын жоюдағы ең қарапайым талаптарды толық орындамай отыр. Бірақ билік соған қарамастан сол талаптарды орындауға талпыныс байқатады. Үкімет адам саудасымен күресуге ынталы екенін заңдарды жетілдіру, адам саудасына қатысты күдікке ілінген полицейлерді тергеу мен қудалау арқылы білдіріп отыр" делінеді.

Баяндама авторлары Астанадан адам саудасының құрбандарын депортацияламай, оларға қаржылай көмек пен арнайы орын беруді, қылмыс жолдарын анықтауды және қылмыстың алдын алу жолдарын жақсартуды сұрайды.

БІР САТЫ ТӨМЕНДЕГЕН БЕЛОРУССИЯ

«Осындай шараларға қарамастан, әлі де айтарлықтай қауіп бар, 2014 жылы мақта жинаған кезде үкіметтің ересектерді жұмысқа күштеп салуы өз қалпында қалды» дейді аталған баяндамада.

Белоруссияның бір саты төмендегенін хабарлаған баяндама авторлары Минск «коммерциялық секс және мәжбүрлі еңбекке қарсы сұранысты азайту үшін ешқандай ұмтылыс көрсетііп отырған жоқ» және «өзінің дипломатиялық мамандарына арнап адам саудасына қарсы нұсқаулық бермейді» деп айыптайды.

Мәскеу 2013 жылы «Tier 3» деңгейіне төмендегенде АҚШ «тиімсіз әдіске» жүгінді деп мәлімдеген

Баяндамада «белорус әйелдерінің шетелге жұмыс істейміз деп кеткенде сексуалды саудаға арналған қонақүйлерге» баратынын және «мемлекет қаржыландыратын еңбекке мәжбүрлеп адам күшін қолдану әлі алаңдарлық деңгейде екенін» жазған.

Баяндама авторлары «Белоруссия үкіметінің сенбіліктен әлі бас тартпай отырғанын, мемлекеттік қызметкерлер мен көптеген жекеменшік саланың мамандары сенбі кезінде жұмыс істейтінін және жалақыларының бір бөлігін мемлекеттік жобаларды қаржыландыруға беретінін» ескертеді.

ТАЛПЫНБАҒАН РЕСЕЙ

«Мемлекеттік жұмыс берушілер мен билік оған қатысудан бас тартқан жұмысшыларды қорқытып, айыппұл салады» дейді рейтинг жасаушылар. Баяндамашылар Ресей үкіметінің де 2014 жылы «адам саудасына кедергі жасауға қатты тырыспағанын» айтады.

Олар «ерлер, әйелдер мен балаларды күштеп жұмыс істету және сексуалды саудаға салу Ресейден басталады, осы жерден тасымалданады және осында әкеледі» дейді. Мәскеу 2013 жылы «Tier 3» деңгейіне төмендегенде реакция білдіріп, АҚШ «тиімсіз әдіске» жүгінді, «өш алу үшін істеді» деп мәлімдеген.

Мақаланы ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.

XS
SM
MD
LG