Accessibility links

БҰҰ Қазақстанның өзбек босқындарын қайтарып бергенін заңсыз деп тапты


Полицейлер өзбек босқындарының әйелдерін прокуратура ғимаратына жібермей тұр. Алматы, 9 маусым 2011 жыл.

Полицейлер өзбек босқындарының әйелдерін прокуратура ғимаратына жібермей тұр. Алматы, 9 маусым 2011 жыл.

Соғыс және бейбітшілік институтының (Institute for War&Peace) Қазақстанның өзбек босқындарын елдеріне қайтару әрекетінің заңдылығын зерттеп шықты. БҰҰ да Қазақстанның бұл әрекетін заңсыз деп тапқан.

Соғыс және бейбітшілік институтының зерттеу нәтижесі маусымның 27-сі күні жарияланды.

«БОСҚЫНДАРДЫ ҚАЙТАРУ - ЗАҢСЫЗ»

Соғыс және бейбітшілік институтының 27 маусымда жарияланған зерттеуінде БҰҰ-ның азаптауға қарсы күрес комитетінің шешімі берілген.

БҰҰ комитеті «Қазақстан үкіметінің 28 өзбек босқынын Өзбекстанға қайтарып беру әрекеті (2011 жылы болған оқиға - ред.) - заңсыз» деген қорытындыға келіпті.
Өзбек босқындарының балалары ата-аналары экстрадицияланған күннің ертеңінде. Алматы, 10 маусым 2011 жыл.

Өзбек босқындарының балалары ата-аналары экстрадицияланған күннің ертеңінде. Алматы, 10 маусым 2011 жыл.


Зерттеу мәліметтері бойынша, өзбек босқындарының мүддесін қорғап жүрген - Францияның азаптауға қарсы күресетін АСАТ ұйымы. АСАТ-тың арызына орай БҰҰ-ның комитеті бұл мәселені маусымның 1-і күні қарап, нәтижесін жариялаған.

АСАТ ұйымы 2010 жылы желтоқсан айында Өзбекстанға қайтарылған босқындардың атынан БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитетіне арыз түсірген. Арызда көрсетілген босқындардың 27-сі - Өзбекстанның, екеуі - Тәжікстанеың азаматы.

Босқындарды Өзбекстанға қайтарғаны жайлы Қазақстан үкіметі 2011 жылдың маусымында мәлімдеген.

«ӨЗБЕКСТАН БАЛАЛАРЫМЫЗДЫ ЗАҢСЫЗ СОТТАДЫ»

БҰҰ-ның 2012 жылғы мәлімдемесі бойынша, Қазақстан үкіметі босқындарды қайтарып беру кезінде «Адамды азаптауға қарсы күрес» ережелерін бұзған. Астана ол азаматтардың Қазақстанға қайта әкелінетіні жайлы кепілдік алуға тиіс болатын.

Ереже бойынша, билік өкілдері кімге босқын мәртебесін беру керек екенін өздері шешеді. БҰҰ-ның босқындар ісі жайлы комитеті босқын мәртебесін бұрын беріп қойса да, өзбек азаматтар саяси баспана алу үшін Қазақстан үкіметіне қайта арыздануға мәжбүр болған.
Полицейлер өзбек босқындарының әйелдерін тұтқындап жатыр. Алматы, 9 маусым 2011 жыл.

Полицейлер өзбек босқындарының әйелдерін тұтқындап жатыр. Алматы, 9 маусым 2011 жыл.


Қазақстан үкіметі Өзбекстан босқындарына қатысты шешімді тезірек қабылдауға тырысқан. Себебі, Өзбекстан көп жағдайда босқындарын қайтарып беруді талап етеді.

Еліне оралуға мәжбүр болған босқындардың екеуінің ата-анасы «балаларымызды «Өзбекстанда тыйым салынған экстремистік ұйымға қатысы бар» деген айыппен 19 жылға заңсыз соттады» дейді.

Ұйымның зерттеуінше, Өзбекстан соты олардың қайта шағымдануына мүмкіндік бермеген. Тіпті сот ата-аналарға «Егер арыздансаңдар, түрмедегі балаларыңа зияндарың тиеді. Ең дұрысы - үкімге мойынсұныңдар. Балаларың бірнеше жылдан соң рақымшылыққа ілініп, бостандыққа шығады» деген.

МИНСК-КИШИНЕВ КОНВЕНЦИЯСЫ

Қазақстандық құқық қорғаушы Евгений Жовтистің ойынша, БҰҰ-ның бұл қатаң ескертулеріне Қазақстан үкіметі аса қатты алаңдамайды.

- Қазақстан үкіметі бұл ескертулерді міндетті ереже деп емес, жәй ұсыныс-кеңес ретінде ғана қабылдайды. Олар мұндай жағдайда үнемі Минск-Кишинев конвенциясына жүгінеді. Ол конвенция бойынша ТМД елдері «құқықтық мәселеде бір-бірімізге жәрдем береміз» деп келіскен, - дейді.
Құқық қорғаушы Евгений Жовтис. Алматы, 16 сәуір 2012 жыл.

Құқық қорғаушы Евгений Жовтис. Алматы, 16 сәуір 2012 жыл.


Жовтистің айтуынша, «БҰҰ-ның шешімі Қазақстанның абыройына көлеңке түсіреді».

Болашақта Қазақстан босқындарды кері қайтару кезінде сақтықпен қимылдауы мүмкін.

БҰҰ-ның азаптауға қарсы күрес комитеті Қазақстаннан осы мәселе бойынша 90 күннің ішінде жауап беруді талап етіп отыр.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG