Accessibility links

Қытайдағы қазақ сайттарына шолу


"Жаужүрек мың бала" фильмі туралы azamattar.com сайтында жарияланған мақаланың бас суреті. 9 қараша 2012 жыл.
"Жаужүрек мың бала" фильмі туралы azamattar.com сайтында жарияланған мақаланың бас суреті. 9 қараша 2012 жыл.
Осы аптада Қытайдағы қазақ тілді сайттардың басым бөлігі Қытай коммунистік партиясының 18-құрылтайы жайлы жазды. Біз azamattar.com және senkazakh.com сайттарына шолу жасадық.

«ҰЙҒЫРЛАРДЫ ҚАЗАҚЫЛАНДЫРУ»

Аzamattar.com сайтында «Қазақтың қасіретке толы жылдары. Егемендік алудың алдындағы Қазақстан» атты видео жарияланыпты. Сайт ол видео «Қазақстан мәдениет министрлігінің тапсырмасымен» ұсынылғанын айтады.

«Аса қадірлі сұхбаттастар, баршаларыңыздың асықпай бұл арнайы хабарды көрулеріңізді өтінемін. Өткен ғасырда қазақтың өз топырағында өз қаны қалай төгілгені, мейірімсіз жылдардың тақсіреті қазақ баласының маңдайына қалай батқаны, қазақ баласы ашаршылықтан ұрпағы мен ұлтын сақтап қалу үшін мекенін тастап қалай көшкені туралы көлемді әңгіме тілге тиек болады екен. Көрген жанның қабырғасын қайыстырады» деп жазады сайт видеоның кіріспесінде.

Бұл сайттағы оқырмандар назар аудартқан тағы бір тақырып – «Қазақстандағы ұйғыр бөлшектеушілері». Мақала авторы «Қазақстанның ұйғырлар топталып орналасқан өңірлеріне оралмандарды әкеліп қоныстандыру арқылы оларды қазақылардыру керек» деген ұсыныс айта келе: «Мәселен, Өзбекстанда бір жарым миллион қазақ өзбекше сөйлеп, өзбекше оқиды. Олар жетіскенінен өзбекше сөйлеп жүрген жоқ. Саясаттың салдары» дейді.

«Азаматтар» сайты осы аптада қазақстандық журналист Бекқал Әбіштің Желтоқсан оқиғасы туралы түсірген, төрт бөлімнен тұратын фильмінің қысқартылған нұсқасын да («Қазақстан – 1986») жариялады.

«НАЗАРБАЙ – ЖЕТІНШІ БАЙ»

Қытай қазақтарының төте жазумен шығатын сайттары осы аптада ең жиі қозғаған тақырып – сайлау жайы.

«Қытай халық республикасының жоғарғы билігі жақында ауысады. Бұл ауыс-күйіс 8 қарашада өтетін Қытай коммунистік партиясының 18-жалпы құрылтайына
Қытайдағы senkazakh.com сайтының алғашқы беті. 9 қараша 2012 жыл.
Қытайдағы senkazakh.com сайтының алғашқы беті. 9 қараша 2012 жыл.
жоспарланып отыр. Осыған дейін қытайды билеп келген президент Ху жин Тау (Ху Цзиньтао) мен үкімет басшысы Уен Жябау (Вэнь Цзябао) биліктен кетіп, олардың орнын қазіргі вице-президент Ши Жин Пиң (Си Цзиньпин) мен вице-премьер Лики Чяң (Ли Кэцян ) баспақшы» деп жазды senkazakh.com сайты осы аптаның басында.

Мақалада «Қытай төрағалығынан үміткер Ши Жин Пиңнің ел ішінде қолдаушылары көп» екені, «себебі қарапайым халыққа бірден бір ұнайтын тұлға – осы» екені айтылған.

Сондай-ақ осы сайтта «Қазақтың ұлт көсемі» деген атпен Әлихан Бөкейхан туралы видео материал да жарияланыпты.

«Сен – қазақтағы» тағы бір мақала «Оралманның ой дәптерінен» деп аталады. Мақала авторы бала күнінде Қытайдағы мектепте оқып жүргенінде «Назарбай (президент Нұрсұлтан Назарбаев – ред.) – әлемдегі жетінші бай» деп өзге ұлт өкілдеріне мақтанғанын, кейін есейе келе Қазақстанға оралғанда қорлық сөздер естіп, көп қиындық көргенін жазған.

Қадірлі оқырман, мақаланы автордың Facebook-тегі жеке парақшасында да талқылай аласыз.
XS
SM
MD
LG