Accessibility links

Министрлер блогтарында сауал – көп, жауап – сараң


ЕҚЫҰ саммиті кезінде журналистер отыратын жердегі нетбук. Астана, 1 желтоқсан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

ЕҚЫҰ саммиті кезінде журналистер отыратын жердегі нетбук. Астана, 1 желтоқсан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Бұған дейін үкіметтік блог-платформадағы 16 министр мен 13 агенттік басшысы блогтарының сегізіне шолу жасағанбыз. Бүгін төрт блог сөз болады.


Бүгін төрт шенеуніктің – денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың, білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың, мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаевтың, ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы, қазір республикалық ұланның қолбасшысы Амангелді Шабдарбаевтың блогын шолып шықтық.

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ «ҚҰРБАНДАРЫ» ЖӘНЕ «АҚША ЖИНАУШЫЛАРЫ»

Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбековаға бір аптада 127 сұрақ келіпті. Ол сауалдардың арасында дәрі-дәрмектердің жетіспейтіні, медициналық көмектің сапасыздығы туралы шағым-арыздар өте көп.

Мысалы, өзін Максим Останин деп таныстырған тұрғын наурыздың 13-і күні өзі тұратын Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында наркоз жоқ болғандықтан анасына операция жасай алмай отырғанын айтып шағымданады.

Бұл блогта дәрігерлердің біліктілігі мәселесіне қатысты сұрақтардың көптігі ерекше көзге түседі. «Дәрігерлердің сауатсыздығынан мүгедек болып қалдым» деген тұрғындар да бар.

Денис Диденко Викторович деген азамат наурыздың 12-сі күні министрден республикадағы дәрігерлерді аттестациядан өткізуді сұрайды.

– Себебі өзім дәрігерлердің біліксіздігі мен сауатсыздығының құрбанына айналдым. Әрі олар өздерінің күмәнді қызметтері үшін көп ақша талап етеді. Менде небәрі l-5 s-1 омыртқа жарықшағы болса да, мен жолыққан дәрігерлердің көбі дұрыс диагноз қоя алмады. Соның салдарынан менде «конский хвост» ауруының синдромы пайда болды, – деп жазады ол.

Бұл сұрақтардың барлығына да блогта жауап жазылмаған.

Ал Айнұр Дүйсенова есімді азамат хатын премьер-министрге бағыттап жазады. Ол Қазақстан электрондық үкіметінің сайтындағы премьер-министр Кәрім Мәсімовтың блогы. (Көрнекі сурет)

Қазақстан электрондық үкіметінің сайтындағы премьер-министр Кәрім Мәсімовтың блогы. (Көрнекі сурет)

осыдан бірнеше жыл бұрын 14 жастағы ұлының дәрігерлердің кесірінен мүгедек болып қалғанына айтады.

– Бала қазір ауыр жағдайда мүгедек (сөйлей алмайды, жүре алмайды, қолдары ақырын қимылдатады). Әр дәрігер әрқандай диагноз қояды. Біз шетелде – Өзбекстан, Ресей, Қытайда емделдік. Барлық дәрігерлер сап-сау баланың мүгедек болып кеткеніне таңқалады. Қазақстандық дәрігерлер емдеуге қорқады және шетелге квота бергісі келмейді...Осыған дейін жазған хаттарымның барлығы сізге жетпей жатыр. Хаттар денсаулық сақтау министрлігінде. Олар болса ұрысып, тіпті «оның уақыты жоқ, сіздің хатыңызды оқымайды» деп мазақтайды, – дейді Айнұр Дүйсенова.

Хаттың төменгі жағына телефондарын да жазған.

Әсем Өткелбаева есімді азамат Астана қаласындағы кардиохирургиялық орталықта соңғы уақытта балалардың көп шетінеп жатқанын айтады.

– Балалар бөлімінде өлім санының көбеюін немен түсіндіруге болады? Маған 06.02.2012 кештен бастап 07.02.2012 түске дейінгі аралықта үш баланың көз жұмғаны белгілі. Бұл балалардың өлімі үшін кім жауап береді? Бұл орталықты құру кім үшін қажет болды және салық төлеушілердің есебінен күн көріп жатқан тұтастай медицналық қызметкерлердің штаты кімге керек? Бәлкім, балаларды «тәжірибе алаңына» айналдырмас үшін бірінші мамандарды оқытып алып, сосын бірақ осындай орталық құрған абзал шығар? – деп сұрайды ол денсаулық сақтау министрінен.

Бұл блогта Алматыдағы медициналық мекеменің өкілі «8 наурыз мерекесі кезінде қалалық денсаулық сақтау басқармасының әйелдер күніне арналған концертке баруды міндеттегенін» жазады.
Бас дәрігердің ауызша бұйрығы бойынша әр билетті 2000 теңгеден сатып алуға мәжбүр болдық.

– Бас дәрігердің ауызша бұйрығы бойынша әр билетті 2000 теңгеден сатып алуға мәжбүр болдық. Алайда ешқандай концерттің болмағаны, тек жоспарлағаны белгілі болды. Ал полиция билеттерімізді әкімшілікке өткізіп беруімізді сұрады. Алайда біз осы фактіні мұқият зерттеп, медициналық мекемелерде ақша жинауды тоқтатуды талап етеміз, – деп жазады ол.

«КӨП ТҮЙМЕ МЕН КӨК ТҮЙМЕ»

Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловқа бір аптада 119 сұрақ қойылыпты. Мұнда мектептердің нашар жағдайы, білім беру саласындағы Бақытжан Жұмағұлов, Білім және ғылым министрі. Астана 22 желтоқсан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Бақытжан Жұмағұлов, Білім және ғылым министрі. Астана 22 желтоқсан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

жемқорлық, білім сапасы туралы сауалдар өте көп.

Мысалы, Иван Иванов есімді тұрғын наурыздың 11-і күні блогта Шығыс Қазақстан облысы Красная Шемонаиха ауылындағы орта мектеп әкімшілігінің «жұмыстан шығарамыз» деп қорқытып, мұғалімдерден ақша жинағанын, мұның «дәстүрге айналып бара жатқанын», «мектептің жағдайы да оңып тұрмағанын» жазады.

Оның айтуынша, қыс кезінде мектептің ішінде ауа температурасы Цельсий есебімен минус он градустан жоғарыламайды.

– Түсте оқитын балалардың сабағы кешкі 7-де бітіп, тас қараңғыда үйлеріне қайтады, – дейді Иван Иванов.

«Атырау қаласындағы бір топ мұғалімнен» түскен арыз да осы мазмұндас. Арыз иелері қалалық білім басқармасына шағымданып, білім саласында жемқорлықтың өршіп кеткенін жазған.
Мереке сайын бөлім бастығының туған күніне ақша жиналады. 8 наурызға да әр директордан 8000 теңгеден жиналуда.

– Мереке сайын бөлім бастығының туған күніне ақша жиналады. 8 наурызға да әр директордан 8000 теңгеден жиналуда. Қаласа да, қаламаса да мектептің директорларына келуді міндеттеп отыр, – деп жазады атыраулықтар.

Мектепте оқитын екі ұлының оқулықтарының сапасыздығына алаңдаған Максим Федерченко есімді азамат «балалар түгілі ересек адамға да жауабы белгісіз» есептерді айтып шағымданады.

«Қорапта 49 қызыл және бірнеше көк түйме болған. Көйлекке 36 түйме қадағаннан кейін олардың саны 48 болып қалды. Қорапта қанша көк түйме болған?» деген есепті мысал етеді Максим Федерченко.

Мұндай шағымдар білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың блогында өте көп. Бірақ олардың көбі жауапсыз қалған.

«ЕКІ МЫҢ ДОЛЛАР»

Азаматтардан аптасына 11 сұрақ түсетін мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев (сол жақта) және Қазақстан президентінің күйеу баласы Тимур Құлыбаев. Астана, 4 қазан 2011 жыл.

Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев (сол жақта) және Қазақстан президентінің күйеу баласы Тимур Құлыбаев. Астана, 4 қазан 2011 жыл.

та өзге әріптестері сияқты сұрақтарға сылбыр жауап берген.

Аты-жөнін жазбаған бір тұрғын қаңтардың 31-і күні министрге мынадай өтініш айтыпты:

– Ассалаумағалейкум, мен Маңғыстау тұрғынымын. Маңғыстау ауданында жұмыссыз жастар көп. «Маңғыстаумұнайгаз», «Қаражамбасмұнайгаз», «Өзенмұнайға» барсаң, 2 мың долларсыз жұмысқа алмайды. Осы мәселені шешіп беруіңізді сұраймын ушықпай тұрғанда!

Министр бұл өтінішке әзірге жауап жазбаған.

ҚОЛБАСШЫ «АМАНГЕЛІ»

Ұлан қолбасшысы Амангелді Шабдарбаевтың блогына кірген кезде блог иесінің аты қазақша дұрыс жазылмағанын («Амангелі») бірден аңғарасыз.

Сайттың қазақ және орыс тіліндегі бөлімдері бөлек болғанмен екі жақта да екі тілде жазылған жазбалар жүр.

Кейбір жазулар ағылшын тілінен толық аударылмаған.

Блогта оқырманмен байланыс жасау жағы түсініксіз. Блог иесіне сұрақ қойғысы келген адам сұрағын қай жерге жазатынын білмей дағдарып қалуы мүмкін.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG