Accessibility links

Қазақстанда жұрт мүлкінен айрылып қалу қаупі төнгенде ғана біріге бастайды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Рулі оң жақта орналасқан автокөліктерді елге әкелуге және пайдалануға тыйым салу туралы Қазақстан үкіметінің 2006 жылғы қаулысы жұртшылықтың қарсылығын туғызды. Наразылық қозғалысқа айналып, елде жаппай митингілер өтті. Сол кездегі белсенділер осыдан төрт жыл бұрын өз құқықтарын қалай қорғағандары туралы айтып берді.


ОРТА ТАПТЫҢ МІНІС КӨЛІГІ

2006 жылдың қараша айында алматылық Эдуард Эдоков рулі оң жақта орналасқан «Тойота Харриер» маркалы автокөлік сатып алды. Ол көлікке сол кездердің өлшемімен алғанда әжептәуір ақша – 20 мыңдай доллар жұмсады. Эдуард Эдоков бұған дейін оң жақта басқарылатын машина жүргізбеген еді.

Азаттық радиосының тілшісімен әңгімеде Эдуард Эдоков жапондық бұл автокөлікті дәл сондай, бірақ рулі сол жақта орналасқан
Оң жақтан басқарылатын автокөліктерге тыйым салу туралы үкіметтің қаулысына қарсы жұртшылықтың наразылық жиыны. Алматы, 10 желтоқсан 2006 жыл.
машинадан бағасы шамамен 10 мың доллар арзанырақ болғаны себепті сатып алғанын айтты.

– Рулі оң жақтағы машиналарды байлар сатып алмайды. Бұл негізінен орта таптың мініс көлігі. Біздің Қазақстан халқы барынша төзімді ғой, бірақ өз маңдай терімен тапқан ақшасын (тірнектеп жинаған 10-20 мың долларын) қараптан қарап бере салуға келіспес еді, – дейді Эдуард Эдоков.

2006 жылдың күзінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев тізгіні оң жақтағы автокөліктерді елге әкелуге тыйым салуды ұсынды. Арада біраз уақыт өткенде жол полициясы комитетінің төрағасы Өмірзақ Түсімов 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап оң жақтан басқарылатын машиналарды Қазақстанға әкелуге тыйым салынып, тағы үш жылдан соң ондай көліктерді пайдалану тоқтатылады деп мәлімдеді.

«Оған дейін машиналар тозады, болмаса жұрт көлік рулін сол жағына ауыстырып салады. Қазақстанда оң жақ рульді 117 мың автомобиль тіркелген. Он айдың ішінде осылардың кесірінен 600 жол апаты болып, 201 адам қаза тапты», – деді Өмірзақ Түсімов.

КІНӘЛІ КІМ?

Ал шындығында, рулі оң жақтағы көліктер қоғамға қауіп төндіреді дегенде билік «өтірікті шындай, ақсақты тыңдай» етіп ойдан құрастырылған деректерге сүйенген болатын дейді Эдуард Эдоков. Оның айтуынша, сауалнама нәтижесі Қазақстан жолдарындағы жол-көлік оқиғаларының автомобиль рулі қай жақта екендігіне қатысы жоқ екенін көрсеткен.

Қазақстанда апатқа ұрынған машиналардың рулі қай жақта орналасқаны туралы есеп ешқашан жүргізілген емес, дейді Эдуард Эдоков. Сондықтан ол бір топ пікірлес адамдармен бірге нақты бір кезеңде болған жол апаттарына талдау жасауды ұйғарды.

– Апатқа ұшырағандардың барлығына телефон шалып, автомашинасының рулі қай жақта орналасқанын, апат себебін сұрадық. Сөйтсек,
Тізгіні оң жақтағы көліктерге қатысты үкімет қаулысына наразылық жиыны. Алматы, 10 желтоқсан 2006 жыл.
апат негізінен ішімдік ішу, жылдамдықты асыру, көлік ұрлау және жол ережесін бұзуға байланысты болған екен. Сол кезде жол апатының басым көпшілігі Шымкентте тіркелген, ал қалада оң жақ рульді машиналар өте аз болатын, – дейді Эдуард Эдоков.

Оның айтуынша, 2006 жылы Қазақстанда жол апатына ұшыраған автокөліктердің қаншасының рулі оң жақта орналасқаны туралы статисткалық есеп те болмаған. Ал жол полициясы комитетінің басшылығы тек президенттің қаһарынан қаймыққандықтан тізгіні оң жақтағы машиналарды пайдалануға толықтай тыйым салу туралы шешім қабылдады, деп есептейді Эдуард Эдоков.

Тіпті жол полициясы комитетінің көптеген қызметкерлері де оң жақ рульді машиналармен жүретін, дейді ол.

– Біздегі ақпарат бойынша, президент жол полициясын сілкілегенде оларға барлық кінәні артып қоятын біреу керек болған. Олар жол полициясы мүлдем нашар жұмыс істейді, жол ережесінің бұзылмауын қадағалаудың орнына әлденені сылтауратып ұстап алған жүргізушіден ақша алғанды артық көреді деп айта алмады. Оның үстіне ережені жиі бұзатын, көлікті ішімдік ішіп алып айдайтын «мықтылар» содан соң кез-келген мәселені ақшаның күшімен шешеді. Оның үстіне жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтауға бағытталған бағдарламаның жоқтығы да елеулі себеп болды, – дейді Эдуард Эдоков.

АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК

Үкімет рулі оң жақта орналасқан машиналарды елге әкелуге және пайдалануға тыйым салу туралы қаулы қабылдаған соң Қазақстанның бірнеше қаласында жаппай қарсылық шаралары өтті. Авторитарлы билік өздерінің құқықтарын бұзып жатыр деп мәлімдеген шерушілерге қарсы полиция қызметкерлері күш қолдануға дейін барды.

Өз құқықтарын ұйымдасып қорғау үшін Эдуард Эдоков пікірлестерімен бірге 2007 жылдың көктемінде «Тәуелсіз автомобиль одағы» атты қоғамдық ұйым құрды. Олар баспасөз-мәслихаттарын өткізіп, жол полициясы комитеті өкілдерімен диалог жүргізу арқылы өз құқықтары үшін күресуді мақсат еткен еді. Ұйым белсенділері баспасөз өкілдерімен кездесіп, соттарға қатысты.

Егер халықтың қолындағысын тартып алсаң, көбінесе жұрт азаматтық белсенділік танытуға дайын тұрады. Эдуард Эдоковтың айтуынша, 2006 жылы елде меншігінде оң жақ рулді машиналары бар 300 мыңдай жүргізуші мен шетелден сондай автокөліктер әкелумен айналысатын ондаған компаниялар болған.

Алайда, билік осындай көліктерді пайдалануға тыйым салған кезде әлгілердің арасынан тек санаулы адамдар ғана азаматтық белсенділік таныта алды, дейді ол.

– Бизнес біздің қозғалысымызды мүлдем қолдаған жоқ. Меншігінде оң жақ рульді көлігінен басқа жоғалтары жоқ қарапайым жұртпен салыстырғанда бизнестің айналымда қаржысы, қоймалары, т.с.с бар. Олар осыдан айрылып қаламыз ба деп қорқады. Осындай машиналарды әкелумен айналысатын бір де бір компания бізді қолдаған жоқ. Олармен бейресми түрде байланысып тұрдық. Егер әлденеге қол жеткізсеңіздер, шын ниетімізбен қуанамыз, деді олар. Ал іс жүзінде олар әуелгіде аңысын аңдып тыныш қана отырды да, кейіннен Еуропадан, Америкадан және Жапониядан рулі сол жақта орналасқан автомашиналар әкеле бастады. Бізден іргелерін аулақ салды, – дейді Эдуард Эдоков.

Оның айтуынша, егер сол кезде бизнес те қарсылық көрсетер болса, билік кәсіпкерлерді салықпен немесе қаржы полициясымен қысып тастайтын еді.

ҚЫСЫМ МЕН ҚОРҚЫНЫШ

Кедейленіп қалған бизнесмен Тахиржан Ахметов өзінің алғашқы оң жақ рульді автомобилін 1994 жылы сатып алды. Бұл - «Митсубиси Паджеро» маркалы көлік болатын. Тахиржан Ахметов сот орындаушыларының енжарлығына қарсылық ретінде өз саусағын шапқан адам.

2004 жылы Тахиржан Ахметов бұрынғы машинасын сатып, дәл сол маркадағы жаңалау машина алады, бұл көліктің де тізгіні оң жақта орналасқан. Өз айтуынша, оған таулы жерлерге рулі оң жақтағы машинамен бару ыңғайлы болатын. Тахиржан Ахметов 2006 жылы
Кедейленіп қалған бизнесмен Тахиржан Ахметов.
Қазақстанда оң жақ рульді машиналарды пайдалануға тыйым салуға қарсылық шараларына қатысушыларға елеулі қысым жасалғанын айтады.

Сол кезде Эдуард Эдоков сияқты Тахиржан Ахметов те «Оңшылдар одағын» құрады. Алайда, бұл қозғалыстың мүшелері «Тәуелсіз автомобиль одағы» қоғамдық бірлестігімен салыстырғанда биліктің алдына бірден бірнеше талап қойды: оң жақ рульді автомобильдерге салынған тыйымды алып тастау, пайдаланылған машиналарды әкелуге рұқсат беру, үкіметтің отставкаға кетуі. Олар, сонымен бірге, қарсылық шараларын өткізді.

– Біздің ұйымдастыру комитетіміздің құрамында бес адам болды. Олардың төртеуі оң жақ рульді автомобильдерді әкелумен айналысатын дилерлер болатын. Митингіге қатысқаны, оны ұйымдастырғаны үшін олардың барлығын Ұлттық қауіпсіздік комитеті қыспаққа алды. Осыдан кейін олар араласуды қойды. Олар қазір де ешнәрсе айтпайды. Өйткені, қазірге дейін қорқады. Біз қол жинаған кезде тек оң жақ рульді машиналардың егелері ғана келді. Ал дилерлер өте самарқау болды. Олар бізге телефон шалып: «Сендер жақта ҰҚК қызметкерлері тұрған жоқ па?» - деп сұрайтын. Оң жақ рульді машиналарды әкелумен айналысатын дилерлер қатты қорқатын, – дейді Тахиржан Ахметов.

Оның айтуынша, «Оңшылдар одағы» қозғалысының әрбір митингісіне арнаулы қызмет қызметкерлері қатысатын. 2006 жылы оң жақтан басқарылатын автомобильдерді елге әкелуге тыйым салу туралы үкімет шешіміне қарсы шараларды бүкіл Қазақстан бойынша өзге де белсенділер өткізді. Осындай қарсылық шараларының бірінде «Оңшылдар одағы» қозғалысының жетекшісі Санжар Боқаевты полиция тұтқындайды.

«Еркін және демократиялық елдің азаматтары ретінде біз өз құқықтарымызды қорғап, пікірлерімізді айтуымыз керек», – деді митинг кезінде Санжар Боқаев Азаттық радиосына.

Алайда, кезекті митингтен және заң органдарының араласуынан соң Санжар Боқаев қарсылық шараларына келмейтін болды, деп еске алады Тахиржан Ахметов.

– Митингтердің бірінде ол сөз сөйлеп, оң жақ рульді машиналар жайындағы заң жобасын сынай бастады. Жұртты өз құқықтарын қорғауға шақырып, тым қатты кетіп қалды. Міне, полиция да бізді қорғауға келіпті, қол соғып қояйық деді. Полицияға бұл ұнаған жоқ. Олар Санжарды ұстап алып, автобусқа салып алып кетті. Полицияда біраз ұстаған соң ол үкіметке қарсы шығып, сөз сөйлемейтін болды. Оған үкіметтен әлдебір қызмет беріпті. Шамасы оны «сындырса» керек. Содан соң ол тағы да жұрт алдында көрінетін болды, бірақ енді митингілерге шықпауға, барлығын сот арқылы шешуге шақыратын болды, – дейді Тахиржан Ахметов.

САЙЛАУШЫЛАР ҮШІН КҮРЕС

Азаттық радиосына Тахиржан Ахметовтің айтуынша, оң жақ рульді машиналарға құқықтарын сақтап қалу жолындағы күрес кезінде ол Қазақстанның оппозициялық партияларынан да көмек сұраған. Партиядағылар оған көмек беруден бас тартпаған.

– Мен «Алға» партиясынан, Жармахан Тұяқбайдан, Болат Әбілевтен көмек сұрадым. Олардың барлығы да көмектесті. Олар үнпарақтар басып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. ЖСДП штабында бізге бөлме берді. Мен оң жақ рульді машиналардың егелерін сол жаққа шақырып, барлығына телефон шалып шықтым, – дейді Тахиржан Ахметов.

Қазақстанда жұрт рулі оң жақта орналасқан машинаны пайдалану құқығын қорғап қалды. Әйткенмен Эдуард Эдоков пен Тахиржан Ахметов бұл жеңіске жетуге көп жағдайда 2007 жылдың тамыз айында өткен парламент сайлауы себеп болды деп есептейді.
XS
SM
MD
LG