Accessibility links

Рио олимпиадасының ашылуы

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы "Маракана" стадионында 5 тамызда 31-жазғы олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті. Төрт сағатқа жалғасқан шарада театрландырылған қойылым көрсетілді. Салтанатты шеруге ұлттық командалармен бірге босқындар құрамасы мен тәуелсіз спортшылар да қатысты. Ашылу салтанатына Халықаралық олимпиада комитеті президенті Томас Бах, БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун, Бразилия президентінің міндетін атқарушы Мишел Темер және 40 астам елдің президенттері қатысты. Олимпиадаға 104 спортшы апарған Қазақстанның туын таэквондошы Руслан Жапаров ұстап шықты.

XS
SM
MD
LG