Accessibility links

Жол тәртібін видеотіркегіш «реттеп» жатыр


Жол ережесін бұзған, өзін "комитетчикпін" деп таныстырған адам көлігінен шығып келеді. (YouTube видеосынан скриншот)

Жол ережесін бұзған, өзін "комитетчикпін" деп таныстырған адам көлігінен шығып келеді. (YouTube видеосынан скриншот)

Жол ережесін өрескел бұзған «комитетчик» әлеуметтік желінің күшімен бір жылдан соң полицияға шақырылды. Заңгер Қазақстанда жол ережесін жиі бұзатындарды қызметіне қарамай әділ жазалауға шақырады.

Қазақстанда жол апаттары жыл сайын көбейіп барады. Ресми статистика бойынша, 2013 жылы республикада 23 359 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл 2012 жылғы көрсеткіштен 40 пайызға артық. Бірақ соңғы уақытта жергілікті жүргізушілер көліктеріне жаппай орната бастаған виедотіркегіштер мен құрылғы түсіріп алған бейнесюжеттердің әлеуметтік желі арқылы таралуы кейбір тәртіп бұзушыларды тез анықтауға сеп болып жатқан сияқты. Мамандар жолдағы бейберекетсіздіктерді реттеу үшін камера мен видеотіркегіштерді көбейту қажеттігін айтады.

«ӘҢГІМЕ ӨТКІЗДІК»

Жол ережесін өрескел бұзып, қарсы жолаққа шығып кетіп, тұмсық тірей тоқтаған алдындағы көлік иесіне өзін «комитетчикпін» (Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі – ред.) деп таныстырып, жүргізушіні қорқытпақ болған адам туралы видеотіркегіш түсірген клип сәуір айының басында YouTube желісінде тез тарап кеткен еді.

Арада бірнеше күн өте сала бет-әлпеті мен көлік нөмірі видеотіркегішке анық түскен тәртіп бұзушының аты-жөні анықталды. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Қуат Әбдрахманов есімді алматылық көпшілік алдында кешірім сұраған. Ал оның жол тәртібін бұзу эпизоды 2013 жылдың мамыр айында түсірілген болып шықты.
Әбдрахманов ешқашан ҰҚК-де істемегенін, «комитетчик» деген сөзді «жүргізушіні қорқыту үшін айта салғанын» баяндаған.


Tengrinews.kz сайтында жарияланған кешірім сұрау видеосында Әбдрахманов ешқашан Ұлттық қауіпсіздік комитетінде істемегенін, «комитетчик» деген сөзді «жүргізушіні қорқыту үшін айта салғанын» баяндаған.

«Қатемді мойындаймын және бейәдеп сөздер айтқаным үшін кешірім сұраймын» дейді ол видеода. Егер оның жолда өрескел тәртіп бұзғаны және автомобилінің нөмірі видеотіркегішке түспеген болса, бұл оқиға да күнделікті үйреншікті эпизодтардың бірі болып қала берер ме еді.

Интернетте қызу талданған видеоға қатысты сәуірдің 24-інде ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы мәлімдеме таратып, ондағы адамның комитетте істейтінін жоққа шығарды.

Ал Алматы полициясының айтуынша, Қуат Әбдірахмановты әкімшілік жазаға Мас күйінде көлік жүргізген петропавлдық полиция полковнигі Владимир Зиборов ( YouTube видеосынан скриншот)

Мас күйінде көлік жүргізген петропавлдық полиция полковнигі Владимир Зиборов ( YouTube видеосынан скриншот)

тартуға мерзімі өтіп кеткендіктен онымен тек әңгіме өткізілген.

Сәуір айының басында да дәл осыған ұқсас оқиға болып, жолдың қарама-қарсы жолағына өтіп кеткен арнайы формадағы адамның Медеу аудандық прокурорының орынбасары екені анықталып, тәртіптік жауапкершілікке тартылған болатын. Бұған дейін Петропавлда мас күйінде көлік жүргізіп, бірнеше көлік қаққан полиция полковнигі туралы да Азаттық мақала жазған еді. Жоғарыда айтылған үш оқиға да азаматтардың болған жайтты видеотіркегішке жазып алуының арқасында қоғамға белгілі болып, кінәлілер жазаға тартылған.

«ВИДЕОТІРКЕГІШ АЙҒАҚ БОЛСЫН»

Жүргізушілердің құқығын қорғаушы «Оса» жобасының авторы заңгер Руслан Лазутаның пікірінше, «тамыршылдық пен жемқорлық өршіген Қазақстан қоғамында да салыстырмалы түрде азаматтық қоғамның көмегімен жолда тәртіп орнатуға болады».

«Біріншіден, мемлекет қоғамдық ұйымдармен тығыз жұмыс жасауы қажет. Екіншіден, видеотіркегішті заңдастыру керек. Мысалы, Ресейде видеотіркегіштегі жазба дәлел болып есептеледі. Ал бізде сот қаласа – видеоны Көлікке орнатылған видеотіркегіш аспап.

Көлікке орнатылған видеотіркегіш аспап.

дәлел ретінде қабылдайды, қаламаса – қабылдамайды. Бұған қоса құзырлы орган нақты жағдайда әкімшілік полиция комитеті бюрократия жасамай, бейнеролик әкелсе, көріп зерттесін. Тіпті арнайы бөлім құрып, жол ережесін бұзғандарды жазаласын. Сол кезде салыстырмалы түрде тәртіп болады» дейді Руслан Лазута Азаттыққа.

Заңгер ереже бұзғандар әділ түрде жазаға тартылса ғана жолда тәртіп орнайтынына назар аудартады.

«Бізде кімдер жол ережесін жиі бұзады? Қандай топ? Олар – өздерінің жазаланбайтынына сенімді адамдар. Бұл – шенеуніктер, құқық қорғау органының, сот жүйесінің өкілдері. Ауылдарда әкім өзін жолдың патшасы сезінеді. Бұған қоса тамыр-таныстық бар. Осы тосқауылдарды жою үшін видеотіркегіш камерасының мүмкіндіктерін қорықпай пайдалануымыз керек және жол ережесін бұзған бірде-бір адам жазасыз қалмауы керек. Сонда тәртіп болады» дейді Руслан Лазута.

Қазақстан жолдарындағы заң бұзушылық пен көлік апатынан қаза тапқандар санының өсуі ресми статистикалық мәліметтерден де көрінеді. Пулитцер жаһандық дағдарыстар туралы хабар тарату орталығы «постсоветтік елдер ішінде адам өлімі Қазақстанда көп» деп мәлімдеп, 100 мың адамға шаққанда жылына орта есеппен 21,9 адам қаза болады деген дерек келтірген.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG