Accessibility links

Күміскөмей әнші Роза Бағланова өмірден өтті


Әнші Роза Бағланова.
Әнші Роза Бағланова.

Ақпанның 8-іне қараған түні Алматыда 89 жасында әйгілі қазақ әншісі Роза Бағланова дүниеден өтті. Күні кеше ғана мемлекеттік сыйлықпен марапатталғандардың арасында оның да есімі аталған еді.

Ақпанның 7-і күні биылғы президенттік стипендия иегерлерінің арасында өзге ақын-жазушы және әншілермен бірге Роза Бағланованың да есімі аталған еді. Алайда ертеңінде ел-жұрты әйгілі өнерпаздың дүниеден өткенін естіді.

Роза Тәжібайқызы Бағланова 1922 жылы қаңтардың 1-і қазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауданында дүниеге келген.

Орта мектептен соң Қызылорда педагогикалық институтында білім алған Роза Бағланова өмір жолында әншілік өнерді таңдады.

Роза Бағланованың есімі 1940-жылдардың басынан дүйім жұртқа танылды.

Алматыдағы Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында, Жамбыл атындағы филармонияда, «Қазақконцерт» мекемесінде еңбек етіп, жарты ғасырдан астам халқын әнге бөледі.

ССРО, Қазақстан және Қырғызстанның халық әртісі атағын иемденген әнші совет үкіметінің, кейіннен тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің көптеген орден-медальдарымен марапатталған. Атап айтқанда, совет өкіметінің Ленин, «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» ордендерінің, тәуелсіз Қазақстанның ең жоғарғы наградасы - «Халық қаһарманы» атағының иегері атанды.

Марқұммен қоштасу ақпанның 10-ы таңертеңгі сағат 10-да Алматыдағы опера және балет театрында өтеді.
XS
SM
MD
LG