Accessibility links

Ирландиялық ұйымның Роза Төлетаеваны қолдау акциясы


Роза Төлетаева. Жаңаөзен, 2011 жылдың маусымы. ("Голос республики" газеті ұсынған фото).

Роза Төлетаева. Жаңаөзен, 2011 жылдың маусымы. ("Голос республики" газеті ұсынған фото).

Front Line Defenders халықаралық ұйымының өкілі Адам Шапиро Жаңаөзенге барып қайтты. Ұйымның Роза Төлетаеваны қорғау мақсатында бастаған акциясы жалғасып жатыр.

– Шапиро мырза, Роза Төлетаеваны қорғау мақсатында сіздер ұйымдастырған «Олимпиада мұраты» науқаны туралы Азаттықтың мақаласы жарияланған соң оқырмандарымыз «Front Line Defenders («Фронтлайн дефендерс») деген қандай ұйым?», «Бұл ұйым неліктен Роза Төлетаеваға көмектесіп жатыр?» деп сұрады.

– Front Line Defenders – әлемнің түкпір-түкпірінде басын қатерге тігіп жұмыс істеп жүрген құқық қорғаушыларды қорғайтын ирландиялық ұйым. Халықаралық деңгейде ұйымдастырылатын мұндай акциялар – адам құқықтары үшін күресіп жүрген жандардың проблемаларына қоғам назарын аудару амалы. Ал біздің науқан Роза Төлетаеваға ғана емес, әлемнің басқа елдеріндегі өміріне қауіп төнген 15 құқық қорғаушыны қорғауға арналған.

Розаның басындағы жағдай назарымызды айрықша аударды. Өйткені қарапайым жұмысшы әйел шағын ғана мұнайлы қаладағы өзі сияқты қарапайым Sportshrd.org сайтындаға Роза Төлетаеваны қолдау шарасы. 27 шілде 2012 жыл.

Sportshrd.org сайтындаға Роза Төлетаеваны қолдау шарасы. 27 шілде 2012 жыл.

жұмысшылардың құқықтарын қорғады. Бұл мәселе жұртшылық тарапынан барынша түсіністік пен жанашырлық табады деп ойладық. Неліктен тек Розаны ғана таңдадық? Біз осындай жолмен жеке бір адамның тағдыры арқылы мұнайшылардың басынан өтіп жатқан қиындықтарды көрсеткіміз келді. Жұрт бұл проблемадан шет қалмай, нақты адамға нақты іспен көмектессе екен дейміз. Меніңше, Розаның басындағы проблема арқылы біз жұрттың назарын сотталған басқа мұнайшыларға да аудара алдық.

Біз жаңылмаппыз: әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын адамдардан ең көп қолдау хатын алған да Роза болды. Жергілікті ақпарат құралдары пен әлеуметтік желілердегі блогерлердің Розаның басына қатысты жайттарды толассыз жариялап жатуы осының куәсі деп ойлаймын.

– Үндеу жолданған ресми тұлғалардан, айталық Қазақстаннан жауап болды ма?

– Біздің акция әлі аяқталған жоқ, «Олимпиада мұраты» науқанын біз тамыздың 29-ында Лондонда басталатын Паралимпиадалық ойындар тұсында да Ұйымның Лондон олимпиадасы қарсаңындағы құқық қорғаушыларды қорғау қолдау шарасы. 27 шілде 2012 жыл.

Ұйымның Лондон олимпиадасы қарсаңындағы құқық қорғаушыларды қорғау қолдау шарасы. 27 шілде 2012 жыл.

жалғастырмақпыз. Сосын 15 елдің тұрғындары қол қойған үндеулерді әр елдің Дублин мен Лондонда орналасқан елшіліктеріне жолдамақпыз.

Әзірше біз Зимбабвенің әділет министрінен ғана жауап алдық. Ол біздің хатымызды алғанын хабарлап, жауап жазыпты. Қазақстанның Женевадағы ресми өкілінен де хат алдық. Әңгіме режиссер Болат Атабаев жайында болды. Біздің сауалымызға оның бостандыққа шыққанын хабарлапты.

– Ақтау мен Жаңаөзен қалаларына барған сапарыңыз қалай өтті? Роза Төлетаевамен кездесудің сәті түсті ме?

– Біз Ақтауға келерден бір күн бұрын Розаны сотталған мұнайшылармен бірге Атырауға алып кетіпті. Козловтың ісі бойынша өтіп жатқан процеске қатыстық. Онда Роза куәгер ретінде түсінік беруге тиіс екен, бірақ оны кенет Атырауға жөнелтіпті.

Жаңаөзенге қатысты жергілікті тұрғындармен, мұнайшылардың туыстарымен сөйлескіміз келіп еді, қауіпсіздік қызметінің бейнекамерасын арқалаған қызметкері соңымыздан қалмай еріп жүрді. Одан із жасырмақ болып көріп едік, сәті түспеді. Сондықтан жаңаөзендіктердің басына артық бәле тудырмайық деп қаладан кетуді жөн көрдік.

– Шапиро мырза, сұхбат бергеніңізге рахмет.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG