Accessibility links

Бұрынғы оппозиционер мен ақын "жасылдар" партиясына қосылды


Саясаткер Уәлихан Қайсар.

Саясаткер Уәлихан Қайсар.

Оппозициялық саясаткер Уәлихан Қайсар мен ақын Мұхтар Шаханов билікпен ымырашыл «Руханият» партиясының атынан парламенттік сайлауға қатысатын болды.


«Азат» партиясының бұрынғы мүшесі Уәлихан Қайсар қарашаның 22-сі күні кезектен тыс парламенттік сайлауға «Руханият» партиясының атынан қатысатынын айтты.

«ПАРТИЯНЫҢ ЖАРҒЫСЫ»

– Партияның жарғысы, бағдарламалары бойынша оған мүше болу үшін партия жарғысын міндетті түрде мойындау керек. Қолдау керек. Сондықтан оны қолдап отырмын, – деді Уәлихан Қайсар Азаттық тілшісіне.

Дүйсенбі күні қоғам қайраткері, ақын Мұхтар Шаханов та парламенттік сайлауға «Руханият» партиясының атынан қатысатынын мәлімдеген еді.

– Партиялық тізімді Мұхтар Шаханов басқарады. Әзірге тізімге Шаханов, «Руханият» партиясының төрағасы Серікжан Мәмбеталин. Алматы, 15 қазан 2011 жыл.

«Руханият» партиясының төрағасы Серікжан Мәмбеталин. Алматы, 15 қазан 2011 жыл.

Қайсар үшеуміз кіріп отырмыз, – деді сейсенбі күні «Руханият» партиясының төрағасы Серікжан Мәмбеталин.

Өткен аптада Қазақстан президентінің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев алдағы парламенттік сайлауға қатысатын саяси партиялардың мүмкіндіктері туралы айтқан.

Ол «егер Мұхтар Шаханов «Руханият» сияқты белгілі бір партияның атынан шықса, онда сол партияға парламенттен орын тиюі мүмкін» деген еді.

Серікжан Мәмбеталин осы сөзге байланысты, «Тенгриньюс» агенттігінің хабарлауынша, «Бұл - парламентке өтуіміздің бір амалы. Ондай болуы да мүмкін» деген.

Ал «К-плюс» телеарнасының айтуынша, «Руханият» партиясының басшысы: «Олар парламентті таратып, сайлау өткізгені аздай енді партия Ақын Мұхтар Шаханов. Алматы, 22 ақпан 2011 жыл.

Ақын Мұхтар Шаханов. Алматы, 22 ақпан 2011 жыл.

төрағаларын тағайындайтын болған ба! Егер қазір орнымды босатсам, Мәмбеталин Ертісбаевтың айтқанын жасады дейді ғой. Бұдан соң орнымды бермесім анық!» деген.

Ал Мұхтар Шаханов «ондай ұсыныс болғанын» растады.

«ПРИНЦИПСІЗДІК»

Сарапшылардың айтуынша, саясаткерлердің партиядан партияға өтуі Қазақстанның саяси тарихында алғаш болып отырған жоқ. «Ақжол» партиясының төрағасы Әлихан Бәйменовтің оппозициядан мемлекеттік қызметке ауысуы бұл пікірге мысал болды. «Түптеп келгенде, мұның себебі – саяси партиялардың саны бар болғанмен, сапасының жоқтығы» деп түйіндейді олар.

Саясаткер Төлеген Жүкеев мұны «саяси тұрақсыздық» деп атайды.

– Мен басқа жағын, саяси философия жағын айтпай-ақ қояйын. Ұзын сөздің қысқасы, мұның барлығы ой-пікірлерінде, түсініктерінде тұрақтылықтың жоқтығынан, – дейді Төлеген Жүкеев.

Тәуелсіз журналист Сергей Дувановтың пікірінше, көп жағдайда саяси тұлғалар мұндай қадамға көзқарастарының өзгергенінен бармайды.
Сол социал-демократиялық партияда жүрген саясаткерлердің «Руханият», «Әділет» немесе «Алғада» жүргендерден позициясы принципті түрде ерекшеленбейді

– Биліктегі де, оппозициядағы да саясаткерлеріміздің саяси көзқарастары жоқ. Сол социал-демократиялық партияда жүрген саясаткерлердің «Руханият», «Әділет» немесе «Алғада» жүргендерден позициясы принципті түрде ерекшеленбейді, – дейді журналист.

«ЖАСАНДЫ ТАРТЫС»

– «Президент Назарбаев биліктен кетіп, орынды босатуы тиіс» деп есептейтін партиялар – оппозициялық партиялар. Ал қалғандары – биліктің партиясы. Осы қарапайым формула тұманды сейілтіп, кімнің кім екенін көрсетеді, – дейді Сергей Дуванов.

Оның ойынша, «қазір билік бір-бірінен аумайтын партияларды сапырылыстырып, «оппозиция» жасап, сайлауды жасанды етуге» күш салып отыр.

– Бұл сайлаушыларды адастыру үшін қажет. Қазірдің өзінде қанша «оппозициялық» партия пайда болып қалды. Өзін оппозиция ретінде атап отырған «Әділет», «Ақжол», «Руханият», Косыревтің коммунистік Журналист Сергей Дуванов. Алматы, 1 шілде 2011 жыл.

Журналист Сергей Дуванов. Алматы, 1 шілде 2011 жыл.

партиясы бар. Қазір формалды түрде билікті жақтайтындардан гөрі «оппозициялық» күштер басым болып барады. Осының бәрі халықты адастыру үшін жасалып отыр, – дейді Сергей Дуванов.

Оның ойынша, Уәлихан Қайсар үшін бастысы – партия емес.

– Ол парламентке бару үшін осы жолды таңдап алды. Онда басқа мүмкіндік те жоқ. Меніңше, саяси тұрғыда, бұл – қалыпты жағдай. Ал идеологиялық құрылым бойынша нонсенс, – дейді журналист.

Қарашаның 16-сы күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев төртінші шақырылған Қазақстан парламентінің мәжілісін тарату және парламент мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2012 жылы қаңтардың 15-іне тағайындау туралы жарлыққа қол қойған.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG