Accessibility links

Еуразиялық полиция құру идеясы бір қадам ілгеріледі


Күләш Байсейітова көшесі мен Абай даңлығының бұрышында тұрған полицейлер. Алматы, 16 желтоқсан 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

Күләш Байсейітова көшесі мен Абай даңлығының бұрышында тұрған полицейлер. Алматы, 16 желтоқсан 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

Кеден Одағы аясында еуразиялық полиция құру – ресми Астананың кезекті идеясы. Бұл идеяның астарында не бар?

Қазақстанның ішкі істер министрлігінің (ІІМ) басшысы Қалмұханбет Қасымов қыркүйектің 10-ында журналистерге «Қазақстан, Беларусь және Ресей ТМД елдерінің ішкі істер министрлері кеңесінің Астанада өткен отырысында еуразиялық полиция (Еуразпол) құруға қатысты проблемаларды талқылады» деп хабарлады.

Сарапшылардың Азатттық тілшісіне айтқан пікірінің көбі «Еуразпол құру идеясының қолдау табуы неғайбіл» дегенге келеді. Ресми ведомстволар мен президентті жақтайтын саясатшылар бұл идея жайында түсінік беруден тартынды.

«АТЫ ЗОР ЕУРАЗПОЛ »

«Интерфакс» агенттігі министр Қасымовтың «Біз бүгін Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының ішкі істер министрлерімен өткізген үш жақты кездесуде Кеден Одағы жағдайында ынтымақтастықты ары қарай дамытудың бағыттарын белгіледік және бірыңғай экономикалық кеңістік аясында Еуразпол құруға байланысты проблемаларды да талқыладық. Министрлер кеңесі Қазақстан жағына үлкен жауапкершілік жүктеп отырғанын атап өткім келеді» деген сөзін келтіреді.

Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында Еуразпол құру идеясын өткен жылдың басында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған.

Қазақстан президентінің бұрынғы саяси кеңесшісі, 1990 жылдары интеграциялық мәселелермен айналысқан, қазір оппозициялық саясаткер Төлеген Жүкеевтің Азаттық тілшісіне айтуынша, «Еуразполдың» деген атауы құлаққа қорқынышты естілгенімен, оның ерекше ештеңесі жоқ.

– Қазақстанның Еуразполсыз-ақ Ресей мен Беларусь елдерімен полиция органдарының өзара әрекеттестігі туралы екі жақты келісімі бар. Еуразпол Полицейлер «Уральская неделя» газетінің тілшілерінен Батыс Қазақстан облысы әкімі Нұрлан Ноғаевтың фотомакетін тартып алды. Орал, 13 тамыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Полицейлер «Уральская неделя» газетінің тілшілерінен Батыс Қазақстан облысы әкімі Нұрлан Ноғаевтың фотомакетін тартып алды. Орал, 13 тамыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

құрудан бірдеңе өзгеріп, әлдебір жаңалық бола қоймайды. Аты дардай болғанымен, заты қандай болары белгісіз. Еуразпол деген атымен кейбіреулерге, әсіресе кейбір олигархтарға кезекті доқ көрсету ғана. Бұл идеяның бір қорқынышты жері – Ресей интеграцияны дамытуды желеу етіп, елдің ұлттық мүддесі ескерілмейтін түрлі интеграциялық құрылымдарды тықпалайды. Егер құрылып жатса, Еуразпол да солардың бірі болады. Әлгі интеграциялық құрылымдардың көптігі сонша, бір күні тәуелсіздігіміздің тамтығы қалмағанын бір-ақ көретін шығармыз, – дейді Төлеген Жүкеев.

Оның айтуынша, Кеден Одағы аясындағы экономикалық интеграция кібіртіктеп жатқанда, ортақ полиция құру жөнсіз.

– Бір-бірінен мазмұны жағынан да, саяси жағынан да принциптік айырмасы бар «интеграция» және «кооперация» ұғымдарының ара жігін айырып алған жөн. Саяси интеграция жайында айтуға әлі ертерек. Қазір тек саяси кооперация ғана бар. Ал мәдени салаға келсек, мәдени дезинтеграция процесі байқалғанымен, мұнда да орыс мәдениетінің ықпалы басым екені белгілі. Осындай экономикалық, саяси және мәдени ортада енді Еуразпол құрғылары келеді, – дейді Төлеген Жүкеев.

«АСТАНАНЫҢ АМБИЦИЯСЫ ҒАНА»

«Азат» оппозициялық партиясының жетекшісі Болат Әбілов пен саясаттанушы Досым Сәтпаевтың пікірі Астананың Еуразпол құру туралы идеясы «өктемшіл биліктің паңдық амбициясының көрініс табуы» дегенге саяды.

Болат Әбіловтің айтуынша, Кеден Одағына кіретін елдер – Қазақстан, Беларусь, Ресейдегі қазіргі авторитарлық режимнің әрқайсысы ең алдымен өз билігін Қазақстандық полицейлер. Алматы, 31 мамыр 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстандық полицейлер. Алматы, 31 мамыр 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

нығайтуға мүдделі. Еуразполды құру ниетін де алдымен осы тұрғыдан түсіну керек. Биліктің реті келсе экономикалық немесе басқа қылмыстарды таңып, саяси қарсыластарын қудалау әрекетін Қазақстандағы қазіргі режимді нығайтудың бір көрінісі деп қабылдау керек дейді Болат Әбілов.

Ал саясаттанушы Досым Сәтпаевтың айтуынша, Қазақстанның авторитарлы билігі бұл жолы да көкірек керіп, саяси тұрғыдан паңданып отыр. Саясаттанушы өз сөзінің дәлелі ретінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ортақ валюта шығарып, оны «ақ металл» деп атау және ядролық қарудан таза аймақ құру туралы көтерген бұрынғы бастамаларын атайды. Досым Сәтпаев Астанада ЕҚЫҰ-ның саммитін өткізу мен Еуразпол құру идеясын да саяси «понттар» қатарына қояды.

Азаттық тілшілері ІІМ мен «Нұр Отан» президенттік партиясынан Еуразпол құру идеясына қатысты түсінік ала алмады.
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG