Accessibility links

Ресей мұнайын Қытайға экспорттау Қазақстанның көмегімен ұлғаяды


Қытайлық Asia Gas Pipeline (AGP) компаниясы қызметкері мұнай құбырын тексеріп жүр.
Қытайлық Asia Gas Pipeline (AGP) компаниясы қызметкері мұнай құбырын тексеріп жүр.

Ресей мұнайының көп бөлігі Қазақстандағы мұнай құбыры арқылы өтетін болды. Сарапшы «Қазақстан мұнайын Қытайға экcпорттауды ұлғайту туралы айтуға әлі ертерек» дейді.

Осы аптада «Роснефть», «ҚазМұнайГаз» және «ҚазТрансОйл» компаниялары Екатеринбургте өткен аймақаралық ынтымақтастық форумында Ресей мұнайын Қазақстан территориясы арқылы тасымалдау туралы алдын ала келісімге қол қойды.

«Роснефть» компаниясы 2014 жылдан бастап Атасу–Алашаңқай мұнай құбыры арқылы Қытайға жылына 7 миллион тоннаға дейін мұнай тасымалдауды жоспарлайды. Тengrinews агенттігінің хабарлауынша, экспорттық баж салығын Ресей компаниясы төлейді, ал транзит үшін Павлодар мұнай өңдеу зауытына қосымша мұнай береді.

Қазір «Роснефть» негізінен Шығыс Сібір–Тынық мұхиты мұнай құбыры арқылы Қытайға 15 миллион мұнай экспорттайды. Бірақ компания 2018 жылға қарай экспорт көлемін 50 миллион тоннаға жеткізбек. Ал Ресей компаниясының бұл міндетті шешуіне Қазақстанның транзиттік әлеуеті көмектеседі деп болжанады.

Азаттық тілшісі «Жаңа мәміле Қазақстан үшін тиімді ме?» деген мәселе жөнінде Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми хатшысы Бэла Сырлыбаевамен әңгімелесті.

Бэла Сырлыбаева: – Бұл транзитті дамыту Қазақстанға тиімді екеніне дау жоқ. Меніңше, бұл бәріне тиімді. Мұнай тегін тасымалданбайтындықтан транзит ел пайда көреді. Біздің техникалық қуатымыз іске қосылып, артады, өзіміздің
ШЫҰ саммитіне қатысушы елдер басшылары. Бішкек, 13 қыркүйек 2013 жыл.
ШЫҰ саммитіне қатысушы елдер басшылары. Бішкек, 13 қыркүйек 2013 жыл.
транзиттік әлеуетімізді дамытамыз. Яғни тұтынушы Қытай мен экспортер Ресей сияқты біз де ұтамыз. Әрине, бұл жерде экологиялық, технологиялық мәселелер және мамандармен қамту сияқты проблемалар туындауы мүмкін.

Азаттық: – Қазақстан территориясы арқылы Ресей мұнайын тасымалдау көлемі ұлғаяды деп айтуға бола ма?

Бэла Сырлыбаева: – Мұнай тасымалы ұлғаюы заңды. Атасу– Алашаңқай мұнай құбырының қуаты жақсы. Алғашқы кезеңде оның өткізу қуаты жылына 10 миллион тоннадай болады. Кейін оны жылына 20 миллион тоннаға дейін жеткізу мүмкіндігі бар. 2011 жылдың деректеріне сәйкес, бұл құбыр арқылы 10,9 миллион тонна мұнай тасымалданды. Екінші кезеңнің іске қосылғанын ескерсек, қазір бұл көрсеткіш 12 миллиондай тоннаға жуықтады. Әзірше мұның бәрі – Қазақстан мұнайы.

«Роснефть» компаниясы 2018 жылға қарай Қытайға экспортталатын мұнай көлемін 50 миллион тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Сондықтан, меніңше, қазір алғашқы 7 миллион тоннаны жіберіп байқайды. Сосын ресейлік компания мен біздің мүмкіндігіміз және Қытай сұранысы бұрынғы деңгейде болса, бұл көлемді әбден өсіруге болады

Азаттық: – Қазақстан шикізаттың бұл көлемін Қытайға өз мұнай құбырларын пайдаланып жеткізе алмай ма? Қытайға мұнай экспорттау Қазақстан үшін басым бағыт емес пе?

Бэла Сырлыбаева: – Біздің жалға беріп қойған кен орындарымыздың мүмкіндігі мен қазір өндіріліп жатқан мұнай көлемін есептеу керек. 1990
Қашаған кен орнындағы жасанды арал. 7 сәуір 2013 жыл.
Қашаған кен орнындағы жасанды арал. 7 сәуір 2013 жыл.
жылдардың басында қол қойылған өнімді бөлу туралы ұзақ мерзімді келісім бойынша кен орындарының иесі – трансұлттық ірі компаниялар. Сондықтан Қазақстанның, атап айтқанда «ҚазМұнайГаз» компаниясының қазір Қытайға экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндігі жоқ сияқты.

Ал Қашаған кен орнынан күтетін үмітіміз ақталды деп әзірше айта алмаймыз. Ол жердегі өндіру жұмыстары басталғанымен, технологиялық себептермен бірнеше мәрте тоқтап қалды. Қашаған мұнайы бір-екі жылдан кейін ғана пайда беретін сияқты. Қазақстанда артық мұнай сол кезде пайда болады. Ал қазір бүкіл мұнай «жалға берілген», яғни ұзақ мерзімді келісімге сәйкес, өндірілген мұнайды бірден экспортқа жібереді. Сондықтан Қытайға мұнай экспорттау көлемін Қазақстан таяу арада күрт өсіруі неғайбіл.

Бірақ Қашағандағы жағдайдың өрбуіне қарай, шамамен бес жылдан кейін экспорт көлемін ұлғайта аламыз. Бірақ Ресей қазіргі кезде мұнай өндіру саласында көш бастап отыр. Тіпті Сауд Арабиясын да басып озған оның мүмкіндігі көптеу.

Азаттық: – Сұхбат бергеніңізге рахмет.
XS
SM
MD
LG