Accessibility links

Рейхстагтың төбесіне ту тігіп жатқан сәт бейнеленген суреттегі совет сарбазы өмірден өтті


Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Абдулхаким Исмилов 85 жаста. Дағыстан, 30 сәуір, 2002 жыл.
Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Абдулхаким Исмилов 85 жаста. Дағыстан, 30 сәуір, 2002 жыл.

Жеңіс туын рейхстагқа төбесіне қадап жатқан тарихи суретте бейнеленген Ресей батыры Абдулхаким Исмаилов қайтыс болды. Ал ел аузында «Рейхстагқа ту тіккен батыр» аталып кеткен Рахымжан Қошқарбаев мойындалмаған күйі о дүниелік болып кеткен еді.

Абдулхаким Исмаилов 94 жасқа қараған шағында Дағыстанда Хасавюрт ауылында қайтыс болған. Ол 1916 жылы Дағыстандағы Хасавюрт ауданының Чагоротар ауылында дүниеге келген екен.

Соғыста үш рет жараланып еліне аман қайтқан Абдулхаким Исмаилов ақсақал көзі жұмылғанша туған ауылында тұрыпты. Сол ауылдағы мектеп Абдулхаким ақсақалдың атымен аталады.

Абдулхаким Исмаилов бірнеше орден медалдармен марапатталған. Фотограф Евгений Халдеевтің әйгілі суретінің кейіпкері Исмаилов батыр атағын тек жарты ғасырдан кейін алды.

Совет әскерлері Михаил Егоров пен Мелитон Кантария Рейхстаг төбесіне ту тігіп жатыр. Берлин, 30 сәуір, 1945 жыл.
1996 жылы Абдулхаким Исмаилов Реседің батыры атағана ие болды. Оның Рейхстагқа ту тіккен батырлығы жайында кездейсоқ белгілі болған.

ИТАР-ТАСС агенттігі Жеңістің 50 жылдығы тойланар қарсаңда Отан соғысы тарихы бойыншы оқулық кітабы жаңартылып жатқан болатын, – деп жазады. «Сондағы фотосуреттердің арасында әскери фототілші Евгений Халдеевтің әлемге әйгілі бір суреті болады, ол суретте Рейхстагқа ту тігіп жатқан үш совет әскері бейнеленген еді. Ол совет әскерлері осыған дейін Рейхстагқа ту тіккен батырлар деп айтылып келген Михаил Егоров пен Мелитон Кантария еместігі анық еді».

Осыдан соң-ақ іздестіру шаралары басталып кетеді. Бірде Ресей телевидениесінің бағдарламаларының бірінде әлгі сарғайған суретті көрген киевтік Алексей Ковалев деген қарт адам «Бұл мен ғой, қасымдағы минскілік Леня Горычев пен дағыстандық Абдулхаким Исмаилов!» деп бірден тани кеткен екен. Міне, әйгілі суреттегі батырлардың есімдері осылайша белгілі болған еді.

Бұл суретте Абдулхаким екінші болып тұр, ол орақ пен балға бейнесі бар советтік қызыл туды орнатып жатқан солдатқа көмектесіп жатыр.

Леонид Горычев соғыста алған жарақаттан көп ұзамай қайтыс болса, Абдулхаким Исмаилов туған Дағыстанында тоқсаннан аса жас

1945 жылы Рейхстагқа ту тіккен совет офицері Рахымжан Қошқарбаев.
жасады.


Советтік насихат тұсында Берлиндегі ең соңғы соғыс күндерінде Жеңіс туын жедбіреткен батырлар деп екі ғана әскердің аты аталып және ол шынайы шындықтай қабылданатын.

Оның бірі шыққан тегі орыс – Михаил Егоров болса, екіншісі Сталин сияқты грузин ұлтының өкілі – Мелитон Кантария еді.

Алайда көпұлтты Советтер одағының әр түкпірінде әр ұлттың өз батыры болатын, тек олар советтік тарихтың көлеңкесі мен қалтарысында көмескіленіп қала беретін.

Қазақстанның сондай өз батыры бұрынғы лейтенант Рахымжан Қошқарбаев болған.

Ресейдің әскери тарих институты 2007 жылы лейтенант Рахымжан Қошқарбаев пен қатардағы солдат Григорий Булатовтың 1945 жылы 30 сәуір күні Берлиндегі рейхстаг ғимаратына алғашқылардың бірі болып ту тіккендігін растады.

Қазақтың зерттеуші – зиялылары Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ұзақ жылдар бойына Рахымжан Қошқарбаевқа Совет одағының батыры атағы берілуі үшін күресіп келді.


Бірақ та Рақымжан Қошқарбаевқа батыр атағы ресми түрде тек Совет одағы құлағаннан кейін берілді. Батыр өмірден өтіп кеткен соң 1999 жылы мамыр айында ғана «Халық қаһарманы» атағы. Бірақ ол халық арасында ежелден ақ батыр аталып, аты аңызға айналғандардың бірі еді.

XS
SM
MD
LG