Accessibility links

Ресейдегі наразылықтың Қазақстанға әсері


Парламент сайлауының ресми қортындысына наразылық білдірушілердің жиыны. Болотный алаңы, Мәскеу, Ресей, 10 желтоқсан 2011 ж.
Парламент сайлауының ресми қортындысына наразылық білдірушілердің жиыны. Болотный алаңы, Мәскеу, Ресей, 10 желтоқсан 2011 ж.

Ресейде мемлекеттік дума сайлауынан кейін күтпеген жерден басталған толқу Қазақстанға да әсер етуі мүмкін дейді кейбір сарапшылар. Мұндай пікірді Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев та жоққа шығармайды. Қазақстанда парламент сайлауы 2012 жылдың 15 қаңтарына белгіленген.


Ресейдегі кезекті парламент сайлауының ресми қорытындысы елде жаппай наразылық туғызды. 10 желтоқсан күні Ресейдің оншақты қаласында «Әділ сайлау үшін!» акциясы өтті. Ресейдегі бас көтерулерді қолдап бірқатар еуропалық мемлекеттерде ынтымақтастық шерулері өткізілді.

Ресейде осындай жалпыұлттық жаппай наразылық туындайды деп кім ойлаған? Үнемі Кремльді қолдап отыратын православ шіркеу бұл жолы сайлауға қатысты әділдіктің болуын талап ететінін мәлімдеді. Кремльге бағынышты
Ресей президенті Дмитрий Медведев (оң жақта) пен премьер-министр Владимир Путин. Мәскеу, 4 желтоқсан 2011 ж.
Ресей президенті Дмитрий Медведев (оң жақта) пен премьер-министр Владимир Путин. Мәскеу, 4 желтоқсан 2011 ж.
федералдық телеарналардың өзі Мәскеудің Болотный алаңындағы жаппай шеруден тікелей хабар жүргізді.

Сонымен, Мәскеуде не болып жатыр? Ресейде күтпеген жерден, күшті әрі жаппай наразылық туатыны туралы алдын-ала білуге болмады ма?

Сырт көз, соның ішінде Қазақстанның көршілес Ресейде болып жатқан осынау саяси жағдайға көзқарасы қандай? Қазақстанда кезектен тыс өтетін парламент сайлауынан кейін, мұндай наразылықтың осы елде де қайталануы мүмкін бе? Және ол қаншалықты мүмкін?

Осы және өзге де сұрақтар бойынша Азаттық радиосы Ресей мен Қазақстан сарапшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

«РЕСЕЙ ТАХРИР МЕН КИЕВ МАЙДАНЫН КҮТКЕН ЖОҚ»

Мәскеудегі Карнеги орталығының сарапшысы Алексей Малашенко Мәскеу мұндай жаппай қарсылық танытуды күткен жоқ деген пікір білдірді. Өйткені, сарапшылар сайлау алдындағы жан-жақты талдаудан кейін: «қоғам енжар, шаршаған; елдегі экономикалық жағдай жаман емес, сондықтан сайлау бұрын қалай өтіп келсе, солай өтеді. Оның үстіне алда үлкен сайлау – президентікке
Мәскеудегі Карнеги орталығының сарапшысы Алексей Малашенко.
Мәскеудегі Карнеги орталығының сарапшысы Алексей Малашенко.
сайлау тұрған кезде бәрі тыныш болады» деген қорытындыға келіп, Тахрилерді, не киевтік майданды күтудің қажеті жоқтығын айтқан.

«Бірақ билік не істеді? – деген сұрақ қойған сарапшы, оған жауапты да өзі айтты: – Билік ақымақтық жасап, бар нәрсені бүлдірді. Бұл қопарылыс Кремль үшін де, қоғам үшін де күтпеген жағдай болды».

Алексей Малашенко бұл жолғы сайлауда бұрмалаулар, тіпті халықтан аса қысылып-қымтырылмай ашық жүргізілгеніне күмән келтірмейді. Бұл жайт адамдарға ауыр соққы боп тиді. Мұның бәрі, керек десеңіз, саяси да емес – қоғамдық наразылықтың тууына себеп болды.

«ПУТИН ЕНДІ ҰЛТ ЖЕТЕКШІСІ ЕМЕС»

Алексей Малашенко қазір Ресей қоғамында болып жатқан екі жағдай туралы сеніммен сөйледі.

«Біріншіден, – дейді ол, – «Единая Россия» деген партия мұнан былай жоқ. Екіншіден, Путин енді бұрынғыдай ұлт жетекшісі емес».

Қазақстан президентінің саяси кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев Ресейдегі жаппай наразылықтың ең басты себебі – Владимир Путиннің үшінші рет президентке түсетіндігінен туындаған деп санайды.

– Сайлауға әлі сегіз ай бола тұра, 24 қыркүйек күні Путин мен Медведевтің ашықтан-ашық рокировка жасағандары (кім президент, кім премьер-министр болады) тактикалық қателік болды. Ал оның соңы стратегиялық қателікке әкелуі әбден мүмкін, – дейді ол.

Қазақстандық қоғам қайраткері Төлеген Жүкеев.
Қазақстандық қоғам қайраткері Төлеген Жүкеев.
Қазақстандық қоғам қайраткері Төлеген Жүкеевтің айтуынша, 4 желтоқсан күнгі сайлау мен 10 желтоқсан күні өткен шеру – үлкен импульс. Бұл Ресейдегі билік басындағылар үшін үлкен дабыл. Егер билік дұрыс қорытынды жасай білсе, Путиннің наурыз айында өтетін президенттік сайлауға түсуіне мүмкіндік сақталуы ықтимал. Ал егер мәскеулік шенеуніктер бүгінгі жағдайдан дұрыс қорытынды жасай алмаса, онда Путиннің жеңіліс табарын жоққа шығаруға болмайды.

Ресейдегі қазіргі жағдайдың одан әрі қалай өрбитіні және наурыз айындағы президенттік сайлауда не болатыны туралы болжам жасауға асықпау керек дейді сарапшы Алексей Малашенко. Өйткені, ол әзірге Путинге тең келер бәсекелес кандидатты көріп тұрмағанын айтады.

«…БӘРІ МҮМКІН»

Ал Қазақстандағы жағдайға келсек, мәскеулік сарапшы алда тұрған кезектен тыс сайлаудан кейін Қазақстанда ресейлік сценарийдің қайталануы мүмкін дегенді айтады.

– Не боларын кім біледі? Сондықтан, бәрі мүмкін. Себебі, Қазақстан Түркіменстан, Өзбекстан емес. Қазақстанда батыл қадамға бара алатын адамдар бар. Олар сайлау Мәскеу сценарийімен өтер болса, бұл сценарийдің екінші бөлімін неге жүргізбеске деп ойламайды дейсіз бе? Бірақ, меніңше Қазақстан мәскеулік тәжірибеден сабақ алуы тиіс, – дейді Алексей Малашенко.

МОТИВАЦИЯ

Мәскеу сценарийінің Қазақстанда қайталануын Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев та жоққа шығармайды. Ертісбаев өз кезегінде, парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы айтыпты, бірақ оны ешкім ескермеген...

Және Ермұхамет Ертісбаев парламент сайлауын мемлекеттік дума сайлауына
Қазақстан президентінің саяси кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев.
Қазақстан президентінің саяси кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев.
дейін өткізуді де ашықтан-ашық айтып келгенін сөз етті. Ол, тіпті, сайлау, Кремльді күтпеген жағдайға тап келтіретінін де білген. Қазақстан президентінің кеңесшісі тек Ресейде болған жағдай Қазақстандағы саяси үрдіске ықпал ететініне сенімді.

– Әрине, тек Ресейдегі жағдай ғана Қазақстандағы ахуалға ықпал етуі мүмкін. Қырғызстанда екі төңкеріс болып, екі президент тақтан қуылды. Не болды? Ешқандай да әсер болған жоқ. Ал, Ресейге келсек – сөз өзгеше. Дегенмен, мен Ресейде ана жағдай (революция – Азаттық радиосы) бола қоймас деп үміттенемін. Егер ондай жағдай болса, бұл сөзсіз біздегі электораттың санасына әсер етеріне күмән жоқ. Және бұл мотивация Қазақстандағы оппозицияны өзге қадам, өзге қозғалыс, өзге іске, т.с.с. итермелеуі мүмкін, – дейді Ермұхамет Ертісбаев.

Ресейдегі наразылықты сөз еткен дөңгелек үстелдің аудиосын тыңдаңыздар:

please wait

No media source currently available

0:00 0:30:01 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG