Accessibility links

ИМ жесірлері ерлерін хор қыздарынан қызғанады


ИМ тобына қосылды делінген әйел. (Көрнекі сурет).

ИМ тобына қосылды делінген әйел. (Көрнекі сурет).

Ресейлік ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі "Ислам мемлекеті" (ИМ) жасағы әйелдері мен жесірлері қолдау тобын құрып, бір-бірін жұбатып жүр.

Басқа да жиһадқа мәжбүрлеуші экстремистік ұйымдар тәрізді "Ислам мемлекеті" (ИМ) адамдарды өз қатарына тартқан кезде әртүрлі тақырыпта уағыз жүргізеді.

ҚОЛДАУ

Ресейлік ВКонтакте әлеуметтік желісінде ИМ әйелдері мен жесірлерін қолдау тобы хор қыздары тақырыбын талқылаған. Олардың бірі осы тақырыпқа арнап өлең жазыпты.

ВКонтакте желісіндегі Кариманың өлеңі көшірмесі.

ВКонтакте желісіндегі Кариманың өлеңі көшірмесі.

​"Карима Умм Саад" деген атпен тіркелген қолданушы күйеуін хор қыздарынан қызғанатыны, өлген соң өзін ұмытып кете ме деп уайымдайтыны туралы өлең жазған. «Сен соғысқа аттанған сайын өздеріне шақыратын хор қыздарынан қызғанамын. Олар сенімен менен бұрын кездесуі мүмкін, сондықтан оларға қатты қызығамын. Кеудеңнен қаның сорғалап жатқанда, олар сені қарсы алады. Уәде еткен жұмаққа енесің, сынақтың бәрі артта қалады» дейді Карима.

Ол күйеуімен жұмақта жолығатын күнді өзі де армандайтынын айтады.

Шілденің 20-сы күні Убейда Шишан атты әйел өз пікірін жариялапты. Оны басқа да әйелдер бір-бірімен бөліскен. Убейда әйелдерді тыныштандырып, о дүниеге кеткен ерлерің "сендерді хор қыздарынан артық көреді" деп жұбатады.

ИМ тобының әйелдері осындай сауалдар туындаған кезде бір-бірін қолдайды. Одан бөлек ерлері соғысқа аттанған кезде эмоциялық тұрғыда қолдаудың амалын да тауыпты.

Бұл үшін топ мүшелері үнемі романтикалық сипаттағы оқиғаларды жазып отырады. Онда ИМ-ді қолдап қаза тапқан адамның "Құдайдың қалауымен шаһид" болғанын айтады.

Экстремистік ұйым шайқаста өлгенді игілікті мақсат санайды. Сондықтан соғыста өлгендердің жесірлерін мадақтап отырады.

ӘЙЕЛ МЕН БАЛА

Ерлеріне адал және қарапайым әйелдер құдайдың бұйрығын орындады, енді жұмақта ерлерімен кездеседі деседі. Шілденің 10-ы күні «Жәннатты сағынушы» деген аккаунт иесі жариялаған суретте соғысқа аттанып бара жатқан сақалды еркектің бет-аузы тұмшаланып жабылған әйелді сүйіп тұрған суреті салынған.

Қолын шошайтып тұрған әйелдер. (Көрнекі сурет).

Қолын шошайтып тұрған әйелдер. (Көрнекі сурет).

​«Құдай қаласа, біз қайғы мен азап аяқталған жерде жолығамыз. Ол жер мәңгілік, онда тек Алланың разылығы бар. Бұл біздің әрқайсымыздың арманымыздың шегі» деп жазыпты пост авторы.

Бірақ ИМ жасағының бәрі бірдей бұндай хикаяға иланады деуге келмейді.

ВКонтакте желісінде таяуда «жиһадшы қалыңдықтарын» сынаған пікір жарияланды. Оның авторы әйелдердің ИМ ішіндегі шынайы жағдайдан хабарсыз екенін, өздерін қандай қиындықтар күтіп тұрғанын білмейтінін ескерткен еді.

ИМ күйеуі Сирияда өлген жесір әйелдердің отанына қайтуына рұқсат етпейді. Тіпті болмаса, баласын тастап барып кетуді талап етеді. Мамыр айында күйеуі өлген 25 жастағы тәжік әйелі Гулру Олимова еліне қайтуға рұқсат сұрағанында «үш балаңды тастап кете бер, олар - ИМ меншігі» деген жауап алған.

Йоанна Паражчуктың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG