Accessibility links

Ресейлік блогер Қазақстанды «есерсоқтық рейтингімен» бағалады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суретті жарнамасы. Алматы, 3 сәуір 2011 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суретті жарнамасы. Алматы, 3 сәуір 2011 жыл.

Илья Варламовтың Алматы туралы фоторепортажы Қазақстандағы интернет қолданушылар арасында қызу пікірталас тудырды. Ал «Живой журнал» блог-тұғыры Қазақстанда ашылмайды.

Белгілі ресейлік блогер әрі фотограф Илья Варламов «Живой журналдағы» блогында жазуынша, ол құрастырған «есерсоқтық рейтингінде» өзі көрген 170 елдің ішінде Қазақстан бірінші орынды иеленген. Ол Қазақстанға мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткен медиа-конференция ұйымдастырушыларының шақыруы бойынша келген.

Илья Варламов бұл тосын рейтингте Қазақстанға бірінші орын беру себебін қоғамдық орындарды фотоға түсіруге тыйым салуды ерсі санағандықтан деп түсіндіріп, мұны «қазақ фотофобиясы» деп атайды.

Бірақ қазақстандық иентернет-қолданушылардың ашуына тиген бұл емес сияқты. Варламовтың жазуынша, Алматыда жаяу жүргінші – екінші сортты адам. Өйткені қалада тротуар деген мүлде жоқ, бар болса да қоқыстан көрінбейді. Оның сөзінше, әр қазақтың көкейіндегі жалғыз арман – «қазақтың ерекше понты» – «ақ джип мініп, орнымнан төңіректегі жұрт еститіндей қарғи қозғалсам» деген ой.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ДАУ

Блогер Варламов «Алматыда көз тоқтатар ең тәуір нәрсе – Солтүстік Кореядағы сияқты жергілікті көсем Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген жайнаған плакаттар Лондон олимпиадасы жеңімпазы Зульфия Чиншанлоға көлік сыйлау сәті. Талдықорган, 15 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Лондон олимпиадасы жеңімпазы Зульфия Чиншанлоға көлік сыйлау сәті. Талдықорган, 15 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

ғана. Бұл плакаттар «күні ертең сенің де үлкен ақ джипің болады, оның күңгірттелген терезесінен лас әрі жайсыз қала көрінбейді» деген үміт оятады. Қысқы Алматы – бай-бақуатты дөкейлер қаласы» деп жазған.

Қазақстан интернетіндегі жұрт «Алматының жақсы жақтарын көрмей, жаман қырынан ғана көрсеткен» деп Илья Варламовты сөге бастады. Қазақстандық блогер Дмитрий Щелоков Назарбаевтың жайнаған плакаттары туралы жазған Варламов «Алматыдан бәрібір тәуір бірдеңе тауыпты ғой» дейді.

Дмитрий Щелоковтің пікірінше, Алматы мен басқа қала әкімдері сайланса, көшелер мұндай күйге түспес еді. Олар келесі жолы сайланбай қалудан қорқып, өз міндеттерін тыңғылықты орындар еді.

Илья Варламов Twitter желісіндегі кейбір жазғырушыларға «Алматының проблемасы мен емеспін, мен көргенімді ғана жаздым» деп жауап берген:


Кейбір интернет қолданушылар Варламовты сөккен қазақстандықтарды келемеждей бастады:

Алматы қаласы әкімдігі баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Данияр Сейсембаев ресейлік блогер жариялаған постпен таныс екенін айтты.

– Иә, оның блогын оқыдым. Қалаға келген қонақ өз пікірін жазған. Мен онымен келіспеймін, – деді ол Азаттық тілшісіне.

«Живой журнал» блог-тұғыры Қазақстанда ашылмайтындықтан, Илья Варламовтың фоторепортажын мұндай кедергілерді айналып өте алатын жандар ғана көрген. Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің мақалалары жарияланған соң, 2009 жылдан бастап Қазақстанда ашылмайтын болған LiveJournal блогтарына кіру үшін интернет қолданушылар прокси-серверлер мен анонимайзерлерді пайдалануға мәжбүр. «Живой журнал» 2010 жылы 56 елдің өкілдері қатысқан ЕҚЫҰ-ның Астанадағы саммиті күндері ғана бірер күн ашық болды.

«ЖЖ Қазақстанда ашылмайтындықтан, өзімнің постымды қазақтармен талқылай алмаймын» деп өкініш білдіреді Илья Варламов.

Тәуелсіз веб-сайттарды бұғаулау – Қазақстан сияқты авторитарлы елдерде жиі кездесетін құбылыс. Бұғауланған сайттарға кіру тәсілдерінің бірнеше түрі бар. Бұл жайында Азаттықтың «Құлыпталған сайтты ашудың қарапайым төрт тәсілі»
деген мақаласынан оқуға болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG