Accessibility links

Қазақстан және Ресей зиялылары биліктің сөзін айтты


Қазақстан-Ресей интеллигенциясы форумы. Астана. 30 наурыз, 2015 жыл.

Қазақстан-Ресей интеллигенциясы форумы. Астана. 30 наурыз, 2015 жыл.

Астанада Қазақстан-Ресей интеллигенциясы форумы ашылып, оны болашақта тұрақты өткізу жоспарланды. Жиынға қатысушылар мәдени жетістіктермен алмасып, «бірыңғай ақпараттық орта» құруға шақырды.

Қазақстан және Ресей интеллигенциясы форумына қатысушылар жиынды «Бейбітшілік пен жасампаздық диалогы» деп атайды. Форумға екі ел парламенті депутаттары, жастар және ардагерлер ұйымы жетекшілері, академиялық қоғамдастық өкілдері, Қазақстан және Ресейдің көрнекті қайраткерлері жиналды.

Сөйлегендердің көбінің сөзі билікті қолдау мен мақтауға арналды. Форумда екі ел басшылығы іс-қимылын жаппай қолдауға шақырған сөздер көп айтылды.

Бірақ ресейліктер мен қазақстандықтарға бір-бірінің мәдениетін терең тану жетіспейді деген тақырып қызу пікірталас тудырды.

Форумды ұйымдастырушылардың бірі, Қазақстан азаматтық альянсының президенті Нұрлан Ерімбетовтің айтуынша, Қазақстан мен Ресейдің арасында гуманитарлық-мәдени әріптестік орнатудың өзара тиімді мүмкіндігі мол. Бірақ оның пікірінше, қазір Қазақстан жастары көбінесе «көргенсіз сериалдар мен боғауыз сөздерге толы әлдебір ток-шоуларды» көреді.

— Олар Эрмитаждың не екенін, Третьяков галереясы, Үлкен театр, Таганка дегеннің не екенін білмейді. Ал Қазақстан туралы қазіргі Ресей жастары не біледі? Кезекті министрдің қамалғаны немесе кезекті әкімнің пара алу үстінде ұсталғанын ба? Жастар үшін қазір жасалып жатқан ақпараттың сиқы, міне осындай. Қазір біз тиісті қоғамдық пікірді қалыптастыруға ықпал ете алмай отырмыз. Жеткен жеңістеріміз, сәтті жетістіктеріміз бар, бірақ өкінішке орай, негативтен басқа ештеңе айтылмайды, - дейді Нұрлан Ерімбетов.

Елбасының кітапханасында. Астана. 30 наурыз, 2015 жыл.

Елбасының кітапханасында. Астана. 30 наурыз, 2015 жыл.

Форумға қатысушы ресейлік саясаттанушы әрі тележурналист Максим Шевченконың айтуынша, Қазақстан мен Ресей тұрғындары бір-бірі туралы тым аз біледі.

— ​Мәскеуде тұратын бізге Ресей тарихының Орта Азия, далалық өркениет халықтарына қатысымен бірдей, өздерінен кейін Ресей Федерациясы тарихына тікелей қатысты мәдени, әдеби мұра қалдырған Ұлы даланы мекендеген халықтардың тарихын түсіну жетіспейді, - дейді Максим Шевченко.

Оның айтуынша, Кедендік одақ аясында халықтар арасында «құр ғылыми қоғамдар емес, бір-бірінің мәдениетін насихаттау деңгейінде» мәдени жетістіктермен алмасатын байланыс орнату керек.

— Еуразия одағы шын мәнінде мықты бірлестікке айналып, гуманитарлық-мәдени сала да оған сай болатынына сенімдімін, - дейді Ресей мемлекеттік думасының депутаты Роберт Шлегель.

Ол Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразия экономикалық одағына мүше елдер «бірыңғай ақпараттық ортада болуын» қамтамасыз ететін «Еуразия-24» телеарнасын құру туралы идеясын қолдайтынын айтады.

Елбасының кітапханасында. Астана. 30 наурыз, 2015 жыл.

Елбасының кітапханасында. Астана. 30 наурыз, 2015 жыл.

Интеллигенция форумында Ресей мемлекеттік думасының кейбір депутаттары Украинадағы дағдарыс тақырыбын қозғады. Олардың сөздері «ол жақтағылар тарихы қайта жазғысы келеді» деген сарында болды.

Мұны естіген тұңғыш президент кітапханасы баспасөз қызметі маманы Оксана Лоскутова Азаттық тілшісіне келіп, бұл туралы жазбауды талап етті. Журналистердің оған бағынбайтынын айтқаннан кейін ол нұсқауын орындамаған журналистің үстінен шағымдану үшін форум ұйымдастырушыларына кетті.

Форумды Қазақстан азаматтық альянсы, «Еуразия мониторингі» сараптамалық зерттеулер орталығы, ресейлік «Север-Юг» саясаттану орталығы, «Еуразия зерттеулер институты» даму қоры және «Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG