Accessibility links

Жер серігінен түсірген сурет – геноцидке қарсы папарацци


Еуропа Ғарыш Агентігі жасаған компьютерлік үлгіде Жер орбитасы маңындағы 12 мың жасанды серік бейнеленген. (Көрнекі сурет)

Еуропа Ғарыш Агентігі жасаған компьютерлік үлгіде Жер орбитасы маңындағы 12 мың жасанды серік бейнеленген. (Көрнекі сурет)

Жанжалды аймақтарды жер серігі арқылы бақылау зорлық-зомбылықты болдырмауға септеседі. Оңтүстік Осетиядағы, Қырғызстандағы жанжалдарды зерттеу кезінде де жер серігінен түсірілген суреттерді пайдаланылған.


Өзін біреудің көріп тұрғанын білсе, адам басқаша әрекет жасайды. Авторитарлық режимдер көзқарасы өзге адамды ықтыру үшін қыр соңынан қалмай аңдытып қояды. Бірақ бұл тәсілді қылмыстың алдын алу үшін де пайдалануға болады.

Спутниктік «Сентинел» («Күзетші») жобасын құрудың мақсаты да осы болатын. Бұл – «Гугл», Операциялық спутниктік бағдарлама арқылы оқыту және зерттеу жөніндегі БҰҰ институты, Гарвард университеті гуманитарлық бастамасы және белгілі адамдар қолдау көрсететін кейбір үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен жобасы.

Әу баста жобаның мақсаты Оңтүстік Суданда 9 қаңтарда басталған референдумға байланысты шығуы мүмкін кез-келген зорлық-зомбылықты тыюға көмектесу болатын. Үш күндік референдум барысында «елдің оңтүстік бөлігі тәуелсіздік алып, мемлекеттен бөлінуі керек пе» деген мәселе шешілуі керек болған.

Хартумдағы (Оңтүстік Судан) орталық үкіметке қарсы азаматтық соғыс жиырма жылға созылып, тек 2005 жылы ғана аяқталды.

Өртелген ауылдар, өзге де апат белгілері байқалатын, жер серігі арқылы алынған деректер картаға түсіріліп, болашақта өзге де зорлық-зомбылық оқиғаларын тоқтатуға көмектесетін модель ретінде пайдаланылады.


ҚОҒАМНЫҢ ЖІТІ НАЗАРЫНДА

Жобаны жақтаушылар «бұл бастама туралы ақпарат таратсақ, осы пиар-науқанның өзі зорлықшыларға тоқтау салар» деп біледі. «Бүкіл әлемді «Сентинел» жобасының веб-сайты бақылап отыр» дегенді ойласа, қорқатын шығар деп үміттенеді.

Бұл бастамаға қолдау көрсеткен америкалық актер Джордж Клуни спутниктік
Америкалық актер Джордж Клуни журналистармен бірге Джубадағы сайлау аумағында жүр. Судан, 9 қаңтар 2011 жыл.
бейнекамераларды «геноцидке қарсы папарацци» деп атады. Ол камералар қылмыскер болуы мүмкін деген адамдардың бет-бейнесін суретке түсіріп алады.

Патрик Меир – Гарвард университеті гуманитарлық бастамасындағы дағдарыстарды картаға түсіру жобасының тең құрылтайшысы. Оның командасы жер серігі түсірген фото арқылы алынған Судан жөніндегі ақпараттарды өңдеумен айналысады. «Google Earth пайда болғанға дейінгі спутниктік фотосуреттер тек әскери мақсатта ғана түсірілетін», – дейді ол.

Үкімет орындары көптен бері жер серігінен суретке түсіруді тек өзге елдерге тыңшылық жасау үшін ғана пайдаланатын. Бірақ осындай сапалы сурет түсіруге қабілетті коммерциялық мақсаттағы алғашқы жер серігі тек 1999 жылы ғана ұшырылды.

Ұшақтан түсірілген фотосуретпен салыстырғанда, жер серігінен алынған фотосуреттер бұлыңғырлау. Бірақ олар аумақты жоғарыдан бақылайды, сондықтан жерде болып жатқан оқиғаларды ауқымдырақ қамтиды.

Қазіргі кезде жер шарын айналып ұшып жүрген жер серіктерінің алтауы спутниктен суретке түсіретін жекеменшік компанияларға (DigitalGlobe, GeoEye және ImageSat International, т.б.) тиесілі. Операциялық спутниктік бағдарлама көмегімен оқыту және зерттеу жөніндегі БҰҰ институты жер серігінен түсірілген суреттерді талдап, оларды үкіметтік емес ұйымдар мен жұртшылық назарына еркін ұсынады.

«Амнести интернешнл» халықаралық құқыққорғау ұйымы мониторинг жүргізу барысында жер серігі арқылы алынған фотосуреттерді кеңінен пайдаланды. Бұлардың ішінде 2008 жылы Грузия мен Ресей арасында
Цхинвали көшесіндегі Ресей қарулы күштері. Оңтүстік Осетия, 30 тамыз 2008 жыл.
болған соғыс кезінде түсірілген фотосуреттер де бар. «Амнести интернешнл» ұйымының өкілдері жердегі дерек көздері берген хабарларды жер серігінен түсірілген фотосуреттердің растағанын айтады. Ол кезде, Грузияның уысынан шығып бара жатқан Оңтүстік Осетияның астанасы Цхинвали қаласын грузин армиясының артиллериясы алғашқы жолы атқылаған кезде бейбіт тұрғындардың жүзден аса үйі оқ өтінде қалғаны айтылған болатын.


ЖАҺАНДЫҚ ҒАРЫШТЫҚ БАҚЫЛАУШЫ

2010 жылдың маусым айында қырғыз бен өзбек ұлты өкілдері арасындағы болған қақтығыстардан соң Қырғызстанның оңтүстік облыстарының жер серігінен түсірілген фотосуреті зорлық-зомбылықтың географиялық таралу шекарасын анықтау үшін керек болды. Фотосуреттер халықтың қауіпке ұшырағалы тұрған бөлігін анықтауға мүмкіндік берген. Ол суреттерден жолдар мен өзге де жерлерде қойылған SOS белгілерін байқауға болады.

Операциялық спутниктік бағдарлама көмегімен оқыту және зерттеу жөніндегі БҰҰ институтының жер серігінен түсірілген фотосуреттер бойынша
Оштағы қираған үйлер. Қырғызстан, 18 маусым 2010 жыл.
сараптамашысы Ларс Бромли «Қырғызстанның жер серігінен түсірілген суреттері оқиға орнындағы жағдайдың нақты картинасын, тіпті сол жерде жүрген тілшілерден де артық бере білді» дейді.

«Қатер төніп тұр дегеннің дәлелін ертерек алып, соның арқасында геноцид актісі мен кең ауқымды шабуылдың жолын кесу немесе оның алдын алу – өте өршіл идея», дейді Патрик Меир.

Жер серіктері деректерді оқиға орнынан тікелей бере алмайды. Суреттерді өңдеуге 8-24 сағат уақыт кетеді. Ірі шабуыл жасауға немесе бірнеше ауылды қиратып тастауға осы да жетіп жатыр.

Жер серігінен фотоға түсіру зорлық-зомбылықты тоқтата алмауы мүмкін, бірақ оның алдын алуға себі тиюі керек. Әсіресе адам аяғы жетпейтін аймақтарда өте тиімді болмақ.

Технологияны бұлайша пайдаланудың алғашқы қарлығашы – «Амнести интернешнл» ұйымының 2007 жылы жанжал салдарынан екіге бөлінген Суданның екінші бөлігіндегі «Назарды Дарфурға аудару» атты бастамасы.

Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері «осы жоба аясында алынған фотосуреттер бұдан кейін болуы мүмкін оқиғалардың алдын-алу кезінде пайдалы болды» дейді.

«Келесі қадам – жер серігінен түсірілген суреттерді Гаагадағы халықаралық қылмыстық сотта куәлік ретінде пайдалану» дейді Патрик Меир. Әзірше бұл – жаңа идея. Бірақ оны құқыққорғаушылар болашақта пайдалануы мүмкін.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG