Accessibility links

КВН-да президенттің «мейірімді» образы ғана қалды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Үкімет басшысы мен министрлерді жиі қағытатын ойыншылар Назарбаев туралы әзілді сирек айтады.

КВН-да 1990 жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың басында президент, үкімет туралы қалжыңдар көп болған. Бірақ қазір әзілкештердің аузына әрі кетсе премьер-министрдің аты ғана ілінеді.

«ҚАЗІР КВН ШОУҒА АЙНАЛЫП КЕТТІ»

Бұрынғы КВН ойыншысы, қазір бұл ойынның тұрақты көрермені Асқар Құбайжанов бүгінгі ойыншылар президент туралы еркін қалжыңдай алмайды деген пікірде. Оның сөзінше, қазір КВН-да президенттің тек зілсіз «мейірімді» образы ғана қалған.

– Бұрындары өте маңызды тақырыптар қозғалатын – президент, үкімет жайлы. Соңғы уақытта олар президент туралы әзілдемеуге тырысады. Бұл тіпті тенденцияға айналды. 2000 жылдардың басында билік өкілдері туралы мұндай Асқар Құбайжанов. Алматы, 4 шілде 2013 жыл.

Асқар Құбайжанов. Алматы, 4 шілде 2013 жыл.

әзілдер ерекше қабылданатын. «Қазақстан-2030» стратегиясын мысқылдап команда атауы ретінде қолданды. Ал қазір егер президент туралы қалжыңдаса, тек «жақсы жағынан» ғана, – дейді Асқар Құбайжанов.

Оның ойынша, Қазақстандық шығармашыл жастардың қазір президент туралы еркін қалжыңдай алмауының себептері өзіндік цензура мен КВН-нің мазмұнын жеңілдеткен жанрлық өзгеріске ұшырауында жатуы мүмкін.

– Мен КВН-дегі саяси әзілдерді арнайы жоғарыдан бақылайды деп ойламаймын. Меніңше, мұнда көбірек өзіндік цензура әсер етіп отырған сияқты. Әрі мұндай құбылыс бүкіл ел бойынша белең алды. Жеке көзқарасым бойынша, қазір КВН өзгеріп кетті. Егер бұрындары ол жастардың пікірін көрсететін алаң болса, қазір шоуға айналып кетті. «Бауыржан-шоу», «Шымкент-шоудан» еш айырмашылығы жоқ. Жалпы бұл бүкіл елдегі көңіл күйді де көрсетеді, – дейді Асқар Құбайжанов.


«ПРЕЗИДЕНТ ТУРАЛЫ ТҰСЫ КҮЛКІСІЗ»

Азаттық тілшісі соңғы бірнеше жылда өткен КВН ойындарына шолу жасаған еді. Онда президент Нұрсұлтан Назарбаевтың аты аталатын әзілдер өте аз болып шықты. КВН-да кездесетін Назарбаев туралы эпизодтарды әзіл-қалжың деп атау Жарас Ниязбек. Алматы, 4 шілде 2013 жыл.

Жарас Ниязбек. Алматы, 4 шілде 2013 жыл.

қиын. Бұл қойылымдарда президенттің мемлекеттік ақпарат құралдарында жиі насихатталатын бейнесі сол күйінше сипатталады.

Журналист Жарас Ниязбек бұл образды «тым серьезный» деп қабылдайды.

– Мысалы, КВН бастан-аяқ күлкілі болып келе жатса, президент туралы тұсына келген кезде күлкісіз болып қалады. Саясатты мадақтау немесе «Нұр Отанға» алғыс сияқты бірдеңе болып кетеді. Бұл тұрғыдан алған кезде өткір сындар жоқ, – дейді ол.

Төменде келтірілген, 2012 жылы «Сенсация» КВН командасының өнер көрсетуі де осы үрдісті байқатады.


Әзіл тақырыбы билік өкілдеріне ойысқан кезде күрт сірескен стильге көшетін студенттердің бойынан өзіндік цензурадан бөлек шығармашылық ізденімпаздық пен батылдықтың кемдігін көретіндер де бар.

– Меніңше, президент туралы «не өгіз өлмейтін, не арба сынбайтын» әдемі әзіл жасауға болады. Мәселен, президент жыл сайын қаншама жобаларды іске қосады, ол артынан жабылып жатады. Талантты әртіс үшін одан артық сатира жоқ сияқты. Жалпы, Назарбаевтың жеке басына, намысына тимей-ақ жақсы әзіл жасауға болады, әттең оның бәріне біздің КВН-шілердің батылдығы жетпей тұр, – дейді Алматы тұрғыны, КВН көрермені Жарқын Батыр.

«САЯСАТ ЕШКІМГЕ ҚЫЗЫҚ ЕМЕС» ПЕ?

КВН-дағы президент образының «тым жұтаң» екендігімен КВН ойыншыларының бірі келісіп, бірі келіспейді. Азаттық тілшісі әңгімелескенде кейбірінің айтқан уәжі – «қазіргі кезде саясат ешкімге қызық емес».

– Бізде ойыншылардың ең үлкені – 25 жаста. Өйткені олар үйленеді, бала-шағасын асырау үшін КВН-ды тастауға мәжбүр болады. Себебі мұнда ақша төлемейді. Сондықтан КВН-да көбіне студенттер ойнайды. Ал студенттер өздеріне қызықты нәрселерді айтады. Бірақ қазір жайлап-жайлап КВН-шілердің жасын өсіріп жатырмыз, – дейді Қазақстан КВН одағының редакторы Қасиет Кәрім.

АҚШ президенті Барак Обама мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев әзілдесіп тұр. Оңтүстік Корея, Сеул, 27 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

АҚШ президенті Барак Обама мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев әзілдесіп тұр. Оңтүстік Корея, Сеул, 27 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Ол орайы келсе бұрынғы еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов сияқты саясаткерлерді ойыншылар қалжыңға қосатынын айтты. Әбденов ұсынған зейнет жүйесін реформалау кезінде жаппай қоғам наразылығын тудырған еді.

Бірақ КВН одағы өкілінің сөзі кейбір әзілкеш жастардың пікірімен үйлесіңкіремейді. Аты-жөнін атамауды өтінген келесі бір КВН ойыншысы «саясатты айтқанда қатты кетуге болмайтынын, мұны барлық ойыншылардың білетінін» де айтады.

Жергілікті өзілкештер мен тапқырлар үшін саяси әзіл-қалжың мен Назарбаев тақырыбы мүлдем жабық деп айтуға да келмейді. Кейбір КВН көрермендері қазақстандық ойыншылардың ел ішінде бір басқа, шетте бір басқа саяси әзіл айтатынына назар аударады.

Бұрынғы КВН ойыншысы Асқар Құбайжановтың айтуынша, сыртта, Мәскеуде өнер көрсететін «Астана.кз» пен «Казахи» сияқты топтардың кейбір әзіл-қалжыңдарын «жеткілікті дәрежеде маңызды» деп атауға болады.

– Мысалы, сондай бір өнер көрсету кезінде қазақстандық КВН-шілер Путин мен Назарбаев екеуі әңгімелесіп отырғандай қалжың қойды. Сонда «Путин» «Назарбаевтан»: «Сіз оппозициялық басылымдарды оқығанды жақсы көресіз бе?» деп сұрайды. «Назарбаев»: «Иә, кей кезде тұтас тиражын сатып аламын» деп жауап береді. Бұл жеткілікті дәрежеде маңызды, – дейді Асқар Құбайжанов.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG