Accessibility links

«Терроризм» бойынша айыпталған Саян Хайыровтың үкімі тез шықты


Саян Хайыров сотта отыр. Алматы, 7 қараша 2013 жыл.

Саян Хайыров сотта отыр. Алматы, 7 қараша 2013 жыл.

«Терроризм» бабы бойынша да айыпталған Саян Хайыров 11 жылға сотталды. Ол үкімге қарсы шағым бере ме, жоқ па – әлі белгісіз.

«Терроризм» бабы бойынша айыпталған Саян Хайыровтың үкімін қарашаның 7-сі күні Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының судьясы Гүлшаһар Шыныбекова жариялады.

38 жастағы Саян Хайыровқа қатысты үкім оқылған сот залы журналистерге толы болды. Оның туыстарынан әйелі ғана залда отырды. Әдеттегідей хиджаб киген Шынар Бисенбаева өзіне бағытталған телеобъективтерден тығылғысы келіп еді, ештеңе шықпады. Ол сотталушы отыратын қалың пластиктен жасалған қоршауға таяу екінші қатардағы орындыққа отырды. Шынар Бисенбаева Алмалы аудандық соты ғимаратының вестибюлінде Азаттық тілшісіне түскі асқа үзіліс кезінде күйеуіне сәлемдеме бергенін айтып үлгерді.

ҚОРШАУ БӨЛГЕН ЖҰП

Өңі қуқыл тартқанымен, сырт көзге байсалды көріген Саян Хайыровты айдауылдар алып кірді. Өткен сот отырыстарында оның адвокаты «Хайыровты Саян Хайыровтың жұбайы Шынар Бисенбаева (оң жақ шеттегі хиджаб киген адам). Алматы, 7 қараша 2013 жыл.

Саян Хайыровтың жұбайы Шынар Бисенбаева (оң жақ шеттегі хиджаб киген адам). Алматы, 7 қараша 2013 жыл.

абақтыда ұрып-соқты» деп мәлімдеген еді. Сотталушылар отыратын қоршауға кіре берген Хайыров әйелін көзімен іздеп тауып, оған сәл жымиды да, басын изеп, екеуін бөліп тұрған қалқаға жақындады.

Күйеуіне ұмтыла берген келіншектің жолын айдауыл бөгеп қалды. Полицей қолын қалт көтеріп, оны кері итерді. Басы салбырап кеткен келіншек орнына отырды. Осы сәтте «Оған қолыңды тигізбе!» деген Хайыровтың қатқыл дауысы естілді.

Айдауыл қоршаудың алдына тұрды. Үкімді күткен күйеуі мен әйелі үнсіз тілдескендей бір-біріне бірер сәт қарап қалды. Телеоператорлар екеуінен камераларын бұрған жоқ. Бірақ Саян Хайыров та, Шынар Бисенбаева да бір ауыз сөз айтпады.

«ТӨРЕЛІГІН ҚҰДАЙ БЕРЕДІ»

Үкім тез жарияланды. Судья Гүлшаһар Шыныбекова үкімнің кіріспе бөлімі мен қорытынды бөлімін ғана оқыды.

Судья залдан шығысымен айдауылдар Хайыровты тез алып кетті. Бір топ Судья Гүлшаһар Шыныбекова үкім оқып тұр. Алматы, 7 қараша 2013 жыл.

Судья Гүлшаһар Шыныбекова үкім оқып тұр. Алматы, 7 қараша 2013 жыл.

журналист Шынар Бисенбаеваның соңынан ерді. Бір мезетте олар келіншекті бұрышқа қуып тыққандай етіп тоқтатты. Оған «Үкім әділ шықты деп есептейсіз бе? Үкімге қатысты шағым бересіздер ме?» деген сұрақтарды жаудырды. Қаптаған телекамерадан жүзін бұрып әкеткен Хайыровтың әйелі бірінші сұраққа «Төрелігін Құдай өзі береді» деп жауап берді. Екінші сұраққа «адвокаттан сұраңыздар» деді.

Саян Хайыровтың адвокаты Жандос Бұлхайыр үкімді жариялауға қатысқан жоқ. Мұның алдында ол Азаттық тілшісіне үкім жарияланған кезде басқа сот процесінде болатынын айтқан. Үкім жарияланған соң Жандос Бұлхайыр Азаттық тілшісіне «Шағым түсіретін шығармыз. Бірақ мұны Хайыровтың өзі шешеді» деді.

Саян Хайыров Қазақстан-Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өткен айыбын ғана Саян Хайыровтың сотына қатысушылар. Алматы, 7 қараша 2013 жыл.

Саян Хайыровтың сотына қатысушылар. Алматы, 7 қараша 2013 жыл.

мойындады. Ал «террористік топ құрып, басқару», «адам ұрлау», «заңсыз қару-жарақ пен жарылғыш құралдар жасау мен оқ-дәрі сақтау» деген айыптарды мойындамады.

Биліктің айтуынша, былтыр Алматы маңында болған оқиғаларға, атап айтқанда Таусамал кентіндегі жеке меншік үйлердің біріндегі жарылысқа, Іле Алатауы паркіндегі жаппай кісі өлтіруге, Бағанашыл кентінде полициямен қарулы қақтығысқа «Хайыровтың тобының» қатысы бар. Бұл оқиғалар кезінде ішінде төрт әйел, жеті бала (арасында Хайыровтың 10 жасар баласы бар) бар 33 адам қаза тапты.

Саян Хайыровтың ісіне қатысты сот өтіп жатқан тұста Қазақстанда террорға қарсы ауқымды науқан басталды. Оқу орындарында студенттерге лекция оқып, журналистердің арасында экстремизмді насихаттаумен күрес жөнінде семинарлар өткізілді. Әйелдерді хиджаб кимеуге шақырды.
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG