Accessibility links

Бұрынғы білім вице-министрінің ісі


Бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов.

Бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов.

«Миллиард теңгеден аса бюджет ақшасын талан-таражға салған және жымқырған» деген айып тағылған бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметовтің ісі бойынша сот процесі 23 маусым күні Астана қаласының №2 Алматы аудандық сотында басталмақ.

Коррупцияға қатысты күдікке ілінген Қазақстанның бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметовтің үстінен қылмыстық істі қаржы полициясы былтыр сәуір айында қозғаған. Шаяхметов қазір үй қамағында отыр. Бұл іс бойынша тағы бір айыпталушы – «Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің құрылыс нысандары дирекциясы» бас директоры Александр Пак сот процесін Астананың тергеу абақтысында күтіп отыр.

Саят Шаяхметовке «Өскемен қаласында 700 орындық кәсіптік орталық салу кезінде қызмет бабын пайдаланып аса ірі көлемде бюджет қаржысын – бір миллиард теңгеден асатын ақшаны жымқырған» деген айып тағылған.

Бас прокуратураның мәлімдеуінше, білім және ғылым министрлігі маман дайындау және қайта даярлауға арналған аймақаралық орталықтардың құрылысына бөлінген сегіз миллиард теңгені бірнеше жыл бойы тиімсіз пайдаланған. Прокурорлардың айтуынша, білім мекемелерін салу кезінде құрылыс жұмыстары да дұрыс ұйымдастырылмаған.

Білім және ғылым министрлігі бұл кәсіптік орталықтарды білім беру саласын дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Саят Шаяхметовтің (ортада) білім және ғылым вице-министрі кезіндегі суреті. Теміртау, 26 сәуір 2013 жыл.

Саят Шаяхметовтің (ортада) білім және ғылым вице-министрі кезіндегі суреті. Теміртау, 26 сәуір 2013 жыл.

жастарға қолжетімді кәсіптік білім беруді қамтамасыз ету үшін салуы тиіс еді.

2014 жылға дейін Атырау қаласында - мұнай-газ, Екібастұзда - отын-энергетика, Шымкент қаласында - өңдеу, ал Өскеменде - машина жасау саласы бойынша осындай төрт орталық ашу жоспарланған болатын.

Бас прокуратураның хабарлауынша, үш жылда мемлекеттік бюджеттен 11 миллиард 400 миллион теңге бөлінгенімен, тек Атырау қаласында ғана кәсіптік орталық ашылған. Бірақ оның құрылысынан толып жатқан кемшіліктер анықталған.

Прокурорлар Екібастұзда кәсіби орталық салу кезінде атқарылған жұмыс көлемі жобалау-сметалық құжаттағы сомадан 10 миллион 800 мың теңгеге асыра көрсетілгенін анықтағандарын айтады.

Бас прокуратураның ақпараты бойынша, кешен ғимараттарының монолиттан құйылған жабындылары шыдас бермей, темір-бетоннан жасалған конструкцияларда жарықтар пайда болған соң Екібастұздағы орталықты салу жұмыстары да уақытша тоқтатылған.

Бас прокуратураның хабарлауынша, құрылысқа деп бөлінген жер теліміне қатысты дауға байланысты Шымкентте аймақаралық кәсіптік орталық салынбаған.

Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметі ақпарат құралдарының Шаяхметовтің тұтқындалуына байланысты сауалдарына берген жауабында оны жақсы жағынан ғана сипаттаған.

Саят Шаяхметов бұл ведомствоға Стамбул университетін тәмамдаған соң келген. Қызметін білім және ғылым министрлігіне қарасты экономика және қаржы департаментінің мемлекеттік сатып алу және меншік бөлімі маманы болып бастаған ол кейін Қазақ мемлекеттік университетінде проректор болып істеп, Қазақ ұлттық университетінің Астанадағы өкілдігін басқарған, білім және ғылым министрлігінің комитет төрағасы орынбасары болған. Қазақстан білім және ғылым вице-министрі қызметіне 2011 жылдың қазанында тағайындалған.

Былтыр мамыр айында қылмыстық іс қозғалған кезде оны «басқа жұмысқа ауысуына байланысты» қызметінен босатқан.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG