Accessibility links

115 мың түлектің үшеуі 125 балл алды


Биыл мектеп бітірген түлектер. Алматы, 25 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Биыл мектеп бітірген түлектер. Алматы, 25 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстанда маусымның 1-інен басталған ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) осы айдың 15-іне дейін жалғасады. Ресми ақпарат бойынша, қазір түлектердің 97 пайызы сынақ тапсырып біткен.

Маусымның 8-інде алғашқы жеті күндік емтихан қорытындысын жариялаған білім және ғылым министрлігі тек үш түлектің жоғары балл жинай алғанын хабарлады.

– Бір апталық ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша тестілеуге қатысуға ниет білдірген 118 мың 772 жастың 115 мың 47-сі қатысты. Үш түлек ең жоғары балл (125 балл – ред.) жинады. Бұлар – Алматыдан Әсел Қысықова, Кирилл Ким және Алматы облысынан Әсем Айдарова, – дейді министрлік.

Өткен жылы ең жоғары ұпайды 30 түлек, ал 2010 жылы 43 адам жинаған.

«ӨТКЕН ЖЫЛҒЫДАН ТӨМЕН»

Бұған дейін алғашқы төрт күннің қорытындысын жасаған министрлік тест тапсырған түлектердің үштен бірі 50 балл да жинай алмағанын хабарлаған еді. Ал жеті күннің қорытындысы бойынша, 10 мың 511 адам (сынақ тапсырушылардың 9,1 пайызы) ғана 100-ден артық балл жинаған.

Биыл сынақ тапсырған түлектердің өткен жылдарға қарағанда төменірек балл жинағанын аймақтық ақпарат құралдары да жазып жатыр.

Lada.kz сайтының хабарлауынша, Маңғыстау облысында орташа ұпай деңгейі 90,5 балдан 72,09 балға дейін төмендеп кеткен. Жергілікті білім басқармасы маусымның
Сынақ тапсырып отырған оқушылар. (Көрнекі сурет)
Сынақ тапсырып отырған оқушылар. (Көрнекі сурет)
2-сі мен 6-сы аралығында өткен ҰБТ-ға 1 мың 148 түлек қатысқанын мәлімдеді. Басқарма «Алтын белгіден» үміткер 30 оқушының 13-і ғана «өз білімдерін дәлелдей алғанын» айтады.

Ал «Қазақпараттың» хабарлауынша, Өскеменде орташа деңгей 76 балл болған. Агенттік «Ең жоғарғы көрсеткіш – 122 балды жалғыз түлек алды, ең төменгі балл 27 болды. «Алтын белгiге» үміткер 71 адамның тек 14-і өз білімдерін дәлелдеді» деп, қалалық білім басқармасының мәліметін келтіреді.

Маусымның 5-і күні Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы тестілеудің алғашқы үш күні оқу үздіктерінің тек 14 пайызы ҰБТ-де «өз білімдерін дәлелдей алғанын» мәлімдеді.

«ТЕЛЕФОНДАРЫН ӨЗ ЕРІКТЕРІМЕН БЕРЕ ҚОЙМАДЫ»

Биыл ҰБТ-ға қатысатын үміткерлерді сынақ тапсыратын ғимаратқа кірген кезде қатаң тексеріп, телефондарын жинап алып, ішке тек су мен шоколад алып өтуге ғана рұқсат берген. Осыған байланысты түлектерді тексерушілердің ісіне наразы пікірлер де айтылған.

– Биыл қатаң ереже болып жатыр. Кіреберісте балалардың денесін, киімін темір іздегішпен іздеуге мәжбүрміз. Ал қыздардың юбкасын көтеріп қарауға тура келді. Темір іздегіш сигнал беріп тұр, олар өз еріктерімен бере қойған жоқ ұялы
ҰБТ-ге арналған "шпаргалканың" аялдамадағы жарнамасы. Алматы, 15 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
ҰБТ-ге арналған "шпаргалканың" аялдамадағы жарнамасы. Алматы, 15 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
телефондарын. Сол себепті көтеріп қараған кездер болды, – дейді Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының бастығы Альбина Елшиева мұндай шағымдарға байланысты жергілікті ақпарат құралдарына берген сұқбатында.

Бірақ тест тапсырған түлектердің арасында да ерекше ісімен көзге түскендер болды. Осы аптада Риддерде 11 метрлік «шпаргалка» жасаған түлек туралы хабар тарады. Ол ұсақ шрифтімен терілген 25 мың жауапты скотчқа мұқият жапсырған екен. Алайда тексерушілер оны бірден байқаған.

«БІЛІМІ БАР БАЛА...»

Биыл сынақ тапсырған түлектердің кейбірі «тестіде қиын сұрақтар кездескенін» айтады.

– Көп сұрақтар жаңадан келді. Тестілерде кездескен жоқ. Ондай сұрақтарды өтпеген едік. Барлық пәндерден сондай болды. Бізді құлату үшін шығар. Тестіге көп дайындалған едім. Тестілерді жаттадық. Бәрі нормально болатын шығар деп ойлағанмын. Өңшең басқа сұрақтар келді. Шпаргалка қолдануға тырыстық. Бірақ олардың қажеті болмай қалды, – дейді тест тапсырған түлек Темірлан Оразбай Азаттық тілшісіне.

«Ар-намыс» республикалық оқытушылар мен ұстаздар бірлестігінің төрайымы
«Ар-намыс» бірлестігінің төрайымы Ғалия Әміртаева. Алматы, 12 сәуір 2012 жыл.
«Ар-намыс» бірлестігінің төрайымы Ғалия Әміртаева. Алматы, 12 сәуір 2012 жыл.
Ғалия Әміртаеваның айтуынша, тест жүйесі балалардың тек жаттандылыққа үйретіп, өз бетімен білім алуына кедергі жасап отыр.

– Біз оқыту емес, мектептерде рейтинг, тест қорытындысын қуумен айналысып келе жатырмыз. Тест қорытындысы балалардың тест жаттауына байланысты. Ал тест баланың білімін үнемі айқын көрсете бермейді. Сұрақты сәл өзгертсе, балалар білмей абдырап қалады, – деген Ғалия Әміртаева.

Ол бұл пікірін «білімі бар бала сұрақты қалай өзгертсең де жауап береді» деп толықтырып қойды.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG