Accessibility links

Қазақстандық академиктердің үлкен бір тобының президент Н Назарбаевтың атына бірнеше рет ашық хат жолдауларына не себеп болды, көптен бері талқыланып жатқан ғылым туралы заң ғалымдарды неге қанағаттандырмайды? Азаттықтың кезекті дөңгелек үстелінде осы сауалдарға жауап ізделді.

Дөңгелек үстелдің аудиожазбасын осы арадан тыңдай аласыздар

Жақында қазақ ғылымның бүгіні мен келешек тағдырына алаңдаған академиктердің үлкен тобы мен ғылыми қауым өкілдерінің мемлекет басшысының атына жолдаған «Қазақстанда ғылым бола ма, жоқ па?» («Быть или не быть науке в Казахстане?») деген ашық хаты жарияланды.

Президент Н.Назарбаев жыл сайынғы халыққа арнаған кезекті жолдауында ғылым мәселесіне қысқаша ғана тоқталып өтті.

Азаттық Радиосы қазақ ғылымының бүгінгі халі мен келешек тағдырына өзінің кезекті дөңгелек үстелін арнаған еді. Оған:

Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің кафедра меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, академик Баян Рақышев, математика ғылымдарының докторы, академик Назарбай Білиев, медицина ғылымдарының докторы, академик Камал Ормантаев және филология ғылымдарының докторы, академик, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамның президенті Өмірзақ Айтбайұлы қатысты. Дөңгелек үстел талқылауы барысында Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновтың да пікірі тыңдалды.

Дөңгелек үстелді Азат Еуропа/Азаттық Радиосының қызметкері Сұлтан Хан Аққұлұлы жүргізеді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG