Accessibility links

ҰҚК тінту кезінде Жаңаөзен оқиғасын сөз еткен


ҰҚК Алматы департаментінің ғимараты. (Көрнекі сурет)

ҰҚК Алматы департаментінің ғимараты. (Көрнекі сурет)

ҰҚК (ұлттық қауіпсіздік комитеті) қаңтардың 23-і күні тіркелмеген «Алға» партиясының Алматыдағы кеңсесі мен партия мүшелерінің, тағы бірнеше белсенді азаматтардың үйлерін тінтіп, өздерінен жауап алған.


«Алға» партиясының белсендісі Кенже Әденовтің дүйсенбі күні кешкі сағат 7-лер кезінде айтқан дерегіне қарағанда, «ҰҚК қызметкерлері партия жетекшісі Владимир Козлов пен қоғамдық белсенді Серік Сапарғалидің үйін тінтіп болып, енді оларды жауап алуға әкеткен».

«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰҚКД САНКЦИЯСЫ»

Азаттық радиосының тілшісі Владимир Козловтың зайыбы Әлия Тұрысбековаға хабарласып, оқиғаның мән-жайын сұраған еді.

– Менің әке-шешемнің үйін де тінтті. Тінтуге Маңғыстау облыстық ҰҚК департаменті желтоқсанның 16-сындағы Жаңаөзен оқиғасына орай Айжангүл Әміроваға Тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козлов (оң жақта) полицеймен сөйлесіп тұр. Ақтау, 21 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козлов (оң жақта) полицеймен сөйлесіп тұр. Ақтау, 21 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша санкция берген екен. ҰҚК Әміроваға байланысты мәлімет іздеп, кейін бағалаймыз дейді. Компьютерлердің паролін сұрау үшін кеңсеге администраторды ғана кіргізді. Сизов пен Тоқмұрзинді ҰҚК-ге алып кетті, – дейді Әлия Тұрысбекова.

Кенже Әденовтің айтуынша, ҰҚК «Алғаның» мүшесі Михаил Сизов, есепші Гүлжан Лепесова мен күзет бастығы Асқар Тоқмурзиннен жауап алғаннан кейін оларды босатқан.

- Бір қызығы, олар тіпті Асқар Тоқмурзиннің өз үйі тұрмақ, оның бұрынғы әйелінің үйіндегі кеңсе техникаларын да алып кеткен, - дейді Кенже Әденов.

Бұл күні театр режиссері Болат Атабаев пен қоғамдық белсенді Жанболат Мамай да ҰҚК-ге шақырылды. «Рух пен тіл» клубының мүшесі Инга Иманбайдың айтуынша, Жанболат Мамайдың да үйін тінтіп, әкесі екеуін жауап алуға әкеткен. Әзірше ол кісілерге қатысты ешқандай ақпарат жоқ. Олардың телефондары күні бойы сөндірулі тұрды.

«ЖАҢАӨЗЕН ОҚИҒАСЫН ТЕКСЕРУ»

Тіркелмеген «Алға» партиясы жетекшісінің орынбасары Михаил Сизовтың айтуынша, оның үйін «прокурордың санкциясы бойынша, Жаңаөзен оқиғасын тексеруге байланысты тінткен».

– Арнайы қызметтің алты өкілі үйді үш сағат бойы тінтіп, негізінен ақпарат сақтайтын құралдар – DVD, CD дискілерді, компьютерді, кеңсе жабдықтарын, фото-видео құралдарды алып кетті, – дейді Михаил Сизов.

Ол өзін ҰҚК тергегенін, бірақ онда болған жайттарды көпке жарияламау туралы қолхат бергендіктен егжей-тегжейін айта алмайтынын ескертті.
Жаңаөзен оқиғасына қатысы бар, қатысы жоқ сұрақтардың бәрін қойды.

- Әртүрлі сұрақ қойды. Жаңаөзен оқиғасына қатысы бар, қатысы жоқ сұрақтардың бәрін қойды, – деді Михаил Сизов.

Партия белсендісі Кенже Әденовтің дүйсенбі күні кешке таман айтқан дерегіне қарағанда, ҰҚК «Алға» партиясының кеңсесін әлі тінтіп жатыр. Партияның бірнеше белсендісі тінту шарасының қашан аяқталатынын күтіп тұр.

Дүйсенбі күні таңертең «алғалықтар» Азаттыққа хабарласып, партияның кеңсесіне таңғы 8-ден бері кіре алмай тұрғандарын хабарлаған. Оқиға орнына барған Азаттық тілшісі де, өзге журналистер де ешқандай ақпарат ала алмай қайтқан еді.

170-БАП

Respublika-kz.info сайтының хабарлауынша, дүйсенбі күні кешке «Взгляд» газетінің редакциясына ҰҚК қызметкерлері келіп, басылымның бас редакторы Игорь Винявскийдің үстінен қылмыстық кодекстің 170-бап 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.

Бұл бап «бұқаралық ақпарат құралдары немесе ұйымдасқан топ арқылы Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын не территориялық тұтастығын күшпен құлатуға не өзгертуге шақырған» адамдарға қатысты.

Осы бап бойынша сотталған азамат 1 000-5 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айып төлейді немесе 3-7 жылға дейін түрмеге кесіледі.

Тіркелмеген "Алға" партиясы төрағасының орынбасары Михаил Сизовтың Азаттық тілшісіне айтқан мәліметіне қарағанда, ҰҚК қызметкерлері Игорь Винявскийдің де үйін тінткен.

ҰҚК баспасөз қызметі бұл оқиғаларға байланысты түсініктеме беруден бас тартты.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG