Accessibility links

Ядролық отын банкі Қазақстанға жақсылық па, қатер ме?


Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аймағы. 1 қазан 1991 ж.

Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аймағы. 1 қазан 1991 ж.

Совет одағы жарты ғасыр бойы ядролық сынақ өткізген Семей өңірінің халқы президент Назарбаевтың Қазақстанда халықаралық ядролық отын банкін орналастыру бастамасына қатысты әртүрлі пікір айтты.


2011 жылы 12 қазанда Астанада ашылып, 13 қазанда Семейде аяқталған «Ядросыз әлем үшін» халықаралық форумында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан МАГАТЭ қамқорлығымен қызмет ететін ядролық отынның халықаралық банкі депозитариясы рөліне өзінің кандидатурасын ұсынды. Біз бұл мәселенің оң шешім табатынына сенеміз» деді.

МАГАТЭ-нің бас хатшысы Юкия Амано дәл осы форум үстінде Қазақстан үкіметіне «ұсынысы үшін» алғыс білдірді.

Кезінде ядролық полигонның жабылуын белсенді түрде жақтап шығып жүрген «Невада – Семей» қоғамдық ұйымының төрағасы Сұлтан Қартоев Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанымын жөн көреді.

– Президент дұрыс шешім шығарды: ядролық жанармай агрессиялық саясат жүргізетін елдердің қолына тигенше бейбітшіл Қазақстанда сақталғаны артық, - деді ол Азаттық радиосына.

Сұлтан Қартоевтың ойынша, «атом өнеркәсібін жасанды түрде тежеу – прогреспен алысу».

– Жыл санап саны артып келе жатқан көлік мыңдаған адамның өмірін қиып, қоршаған ортаны ластап жатыр – алайда ешкім де бұл процесті тоқтатып, автокөлікті тастап жылқыға мінер емес, - дейді ол.

«ЕШҚАНДАЙ ҚАУІП-ҚАТЕР ЖОҚ»

Курчатов қаласында орналасқан радиациялық қауіпсіздік пен экология институтының директоры Сергей Лукашенко:

– Ел экологиясы мен халықтың денсаулығына төнер ешқандай қауіп-қатер көріп отырған жоқпын, - дейді.

Сергей Лукашенко «ядролық отын сақтайтын банк пен радиоактивті Наразылық білдірушілер Украина парламенті ғимаратының алдына әкеліп тастаған жәшіктер ядролық отын қалдығын бейнелейді. Киев, 17 желтоқсан 2009 ж.

Наразылық білдірушілер Украина парламенті ғимаратының алдына әкеліп тастаған жәшіктер ядролық отын қалдығын бейнелейді. Киев, 17 желтоқсан 2009 ж.

қалдықтар көметін жер – екі бөлек дүние» дейді.

– Әңгіме дәл осы аз байытылған уранның шамамен 100–200 тоннасын сақтау туралы. Бұл – төмен радиоактивті жанармай – бабын білсе, қауіп төндірмейді.

Сергей Лукашенконың пікірінше, егер күзетті МАГАТЭ өз міндетіне алса, бұл дегеніміз жүз пайыздық қауіпсіздік. Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстанның өзі жылына шамамен 13-17 мың тонна байытылмаған уран өндіріп, оны біраз уақыт арнаулы қоймаларда сақтайды. «Сондықтан қажетті тәжірибе бар», – деді ол Азаттық радиосына.

«Ядросыз әлем үшін» форумында "президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан атом электростанциясын салу жоспарларынан бас тартпайтынын айтты" деп ерекше атап өткен Сергей Лукашенко:

– Жапондық «Фукусима» станциясындағы уақиғалардан соң көптеген елдер жаңа атом станцияларын салу жоспарларын қайта қарап жатыр әрі ахуалы сейсмикалық жағынан қауіпті жерлердегі тіпті барларының жұмысын тоқтатып жатыр. Бірақ, өкініштісі, бүгінде ғалымдар атом энергиясына қарағанда арзан энергия көздерін әзірше ойлап таба қойған жоқ. Сол себептен де бүгінгі күні бізде оған қарсы қояр балама жоқ, - деді.

ПОЛИГОН ӨМІР СҮРУГЕ ЖАРАЙ МА?

Бұл күндері аталған институт қызметкерлері екі жылдық зерттеулердің нәтижелерін шығарды, онда бұрынғы Семей ядролық полигонының жер қойнауы мен суында бар радионуклидтердің ауылшаруашылық өнімдер мен үй малына қазіргі кезде қалай әсер етіп жатқаны көрсетілген, деп хабарлады Сергей Лукашенко Азаттық радиосына.

Азаттықтың тілшісіне Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының қызметкері Андрей Паницкийдің айтып түсіндіруі бойынша, зерттеу аймағы ретінде Семей полигонына жақын аумақтың оңтүстік-шығыс бөлігін таңдаған.

– Биыл радионуклидтердің азық-түліктерге, ауыл шаруашылығындағы Өлшегіш аспап ядролық сынақ нәтижесінде пайда болған шұңқыр жиегінде радиация сәулесінің сағатына 255 микрорентгеннен асатынын көрсетті. Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аймағы, 22 тамыз 2011 ж.

Өлшегіш аспап ядролық сынақ нәтижесінде пайда болған шұңқыр жиегінде радиация сәулесінің сағатына 255 микрорентгеннен асатынын көрсетті. Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аймағы, 22 тамыз 2011 ж.

жануарлардың, құстардың органдары мен ткандеріне өту коэффициенттері алынды. Көкөністер бойынша былтырғы зерттеулер көрсеткендей, тіпті радиациямен ең көп ластанған аймақтарда қалыпқа сай өнім өсіп шығып жатыр, – деп сендіреді ол.

"Полигонға іргелес жатқан солтүстік және батыс аумақтар жайлы да, - дейді Андрей Паницкий,- Осылай деуге болады":

– Бұл жерде біз екі жыл бұрын тәжірибелер өткіздік. Біздің қорытындымыз: бұл жерлер адамның игеруіне және шаруашылық қызмет жүргізуге әбден жарамды, - деді ол.

"Алайда тура сол бұрынғы сынақ алаңдарында өмір сүріп, шаруашылық қызметін жүргізуді" ғалымдар дұрыс көрмейді" деп нақтылады маман, бірақ мұның себебін ол денсаулық пен өмірге төнетін қауіптен көрмейді:

– Жай ғана әзірге мұның қажеті шамалы, өйткені айналада әлі күнге дейін бос жатқан іргелес аймақтардың ұланғайыр аумақтары бар.

ПОЛИГОН ҚҰРБАНДАРЫ

Егер, курчатовтық ғалымдардың мәлімдемелері бойынша, ядролық сынақтардың зардаптары ауыл шаруашылық өнімдері мен малға әсер етпегенімен, адам денсаулығына кері әсер етеді. Радиациялық медицина мен экология институтының аға ғылыми қызметкері Татьяна Белихинаның Азаттық радиосына айтып бергеніне қарағанда, қауіпке төніп тұрған негізгі топты құрайтындар әлі күнге дейін де – осы аумақта 1949 жылдан 1989 жылға дейін тұрып келе жатқан Семей өңірінің халқы, сонымен бірге оның үрім-бұтағының екінші және үшінші ұрпағы борлып отыр. Ол:

- Барлық өкілдерінің иммунитет тапшылығы, асқынған респираторлық ауруларға және қан тамырлар жүйесі, өкпе, асқазанның онкологиялық ауруларына деген бейімділігі байқалуда, -дейді.

Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов "Семейдегі форумда сөз сөйлей отырып, қалада кешенді дозиметрияның Республикалық орталығын салу жоспарлануда, ал МАГАТЭ басшылығы орталықтың болашақ мамандарының сынақ мерзімінен өтуін қамтамасыз етуді уәде етті" деп хабарлады.

«РЕФЕРЕНДУМ ҚАЖЕТ!»

Қазақстан билігінің ядролық бастамалары 45 жылдық еңбек өтіліне ие дәрігер-терапевт, ядролық сынақтар кезеңінде де Семейде тұрған Лидия Кобзарьдың үрейін тудырады:

– Семейдегі ядролық сынақтардың барша зардаптарын соңына дейін анықтап бітпей, ақылға қонбаса да, ел президенті өз халқының басын қайтадан жаңа қатерге тікпек. Қазақстандықтар моралды және техникалық тұрғыдан атом станцияларын салу мен ядролық жанармай сақтау банкін Семей қаласының тұрғыны Лидия Кобзарь. Семей. 1 қараша 2011 ж.

Семей қаласының тұрғыны Лидия Кобзарь. Семей. 1 қараша 2011 ж.

құруға даяр болғанымен, ешкім де апаттар, табиғи катаклизмдер сияқты факторларды алдын-ала болжай алмайды.

Фукусима трагедиясын еске алған Лидия Кобзарь мұндай мәселелерді бүкілхалықтық референдум арқылы шешу керек деп есептейді:

– Билікке жақын жүрген адамдардың пікірін сұрап білудің мәні жоқ. Жылы орнынан айырылып қалмас үшін олар президенттің пікірін әрмен қарай да қуаттай бермек, - дейді ол.

Азаттық радиосы тілшісінің танымал қазақ жазушысы, Совет одағы ядролық сынақтарының құрбандары жайлы «День, когда рухнул мир» романының авторы Роллан Сейсенбаевпен тілдесуге сәті түсті, алайда ол қызу жұмыс кестесінің кесірінен егжей-тегжейлі түсінік бере алмайтынын айтып ғафу өтінді. Ал ядролық жанармай банкін Қазақстанда құруға қатысты көзқарасы туралы сауалға Роллан Сейсенбаев:

– Қарсымын! Басқа айтарым жоқ, - деп жауап берді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG