Accessibility links

Сенат Назарбаевтың өкілетін ұзарту туралы өтінішті қолдады


Қазақстан парламентінің қос ғимараты - Мәжіліс (сол жақта) пен Сенат (оң жақта). Астана, наурыз, 2009 жыл.

Қазақстан парламентінің қос ғимараты - Мәжіліс (сол жақта) пен Сенат (оң жақта). Астана, наурыз, 2009 жыл.

Қазақстан парламентінің Сенаты бейсенбі күні жалпы отырысында президент Назарбаевтың өкілетін 2020 жылға дейін ұзартуға қатысты референдум өткізу және Конституцияға тиісінше өзгеріс енгізу туралы Мәжілістің ұсынысын мақұлдады.


Қаңтардың 6-сы күні Қазақстан парламенті Сенатының жалпы отырысында сенаторлар осыған дейін Мәжіліс депутаттары жария еткен ұсынысты бірауыздан қолдап дауыс берді.

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі:



Сонымен бірге Сенат Қазақстан Конституциясына өзгеріс енгізу мәселесі бойынша республикалық референдум тағайындауды сұрап парламенттің атынан президент Назарбаевқа үндеуді және Конституцияға ұсынылып отырған өзгерістер туралы жобаны қоса жолдады.

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы тиісті заң жобасы тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы және оны құрушы Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи миссиясын іске асыру үшін жағдайлар жасау, Елбасы қоғамдық саяси мәртебесін Негізгі заңның шеңберінде тану, сондай-ақ елдің одан әрі тұрақты және қарышты дамуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген», – делінген Парламент Сенатының заңнама және құқықтық мәселелер жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Қазақстан парламенті сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтановтың сөзі:



Желтоқсанның 29-ы күні Қазақстан парламенті Мәжілісінің депутаттары президент Назарбаевтан оның қызмет өкілетін ұзарту жөнінде ел Конституциясына тиісті өзгеріс енгізу туралы заңды қабылдауды сұраған болатын.

Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілетін 2020 жылға дейін ұзарту жөнінде референдум өткізу туралы бастамашыл топ жетекшісі Ерлан Сыдықов бұған дейін Азаттық радиосына берген сұқбатында ел азаматтарынан қол жинау науқаны барысында 2,5 миллионнан астам қол жинағандарын мәлімдеген еді.

Былтыр 70 жасқа толған президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды үздіксіз басқарып келе жатқанына 20 жылдан асты. Ол соңғы рет 2005 жылы желтоқсанда Қазақстан президенті болып жеті жылға қайта сайланған болатын.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG