Accessibility links

Серік Баймағамбетовтің соты басталды


Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағамбетов сот залында. Астана, 19 қыркүйек 2012 жыл.

Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағамбетов сот залында. Астана, 19 қыркүйек 2012 жыл.

Қыркүйектің 19-ы күні Астанада кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағамбетовтің ісі бойынша сот басталды. Оған «қызмет бабын асыра пайдаланды, 80 мың доллар көлемінде пара алды» деген айып тағылды.

Қаржы полициясы Серік Баймағамбетовтің мұндай ірі көлемдегі параны «облыстық кедендік бақылау департаменттерінің бірінің бастығының орынбасары қызметіне тағайындағаны үшін және оған қорғаныш болғаны үшін» алғанын айтады.

Серік Баймағамбетов биыл ақпан айында тұтқындалып, Астанадағы уақытша оқшаулау орнына қамалған. Оған "қызметін асыра пайдаланды және ірі мөлшерде пара алды" деген айып тағылды.

Баймағамбетов 2011 жылдың мамырынан бастап істеген кедендік бақылау комитеті төрағалығынан кеткен соң бірден қамауға алынды. Бұл орында ол тоғыз айдан сәл көбірек уақыт қызмет атқарды.

Серік Баймағамбетов 2009 жылы ішкі істер министрі болып тағайындалды. Сол кезде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдары жүйесіндегі «келеңсіз құбылыстарды түп-тамырымен жою» мен «өз ішінде тәртіп орнату қажеттігін» айтқан. Президент Назарбаев ішкі істер министрінің орынбасары болып үш жыл жұмыс істеген Баймағамбетов жайлы «тәжірибелі маман», «жаңаша Серік Баймағамбетовтің соты. Астана, 19 қыркүйек 2012 жыл.

Серік Баймағамбетовтің соты. Астана, 19 қыркүйек 2012 жыл.

стильмен жұмыс істейді» деген пікір айтқан. Алайда ол ішкі істер министрі қызметінде ұзақ отырған жоқ.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы коррупциялық жанжалдан кейін Серік Баймағамбетов кеден комитетіне жұмысқа ауысты. Бұл қызметті оған дейін атқарған Қозы-Көрпеш Кәрібозовтың қазір қайда жүргені белгісіз.

54 жастағы Серік Баймағамбетов Қазақстан президентінің әкімшілігінде басшылық қызметтер атқарған, әділет және ішкі істер вице-министрі, қаржы полициясы төрағасының орынбасары болған.

Серік Баймағамбетов тұтқындалғаннан кейін бұл жағдай туралы интернетте әр түрлі жорамал тарады. Біреулер мұны «қаржы полициясының жаңа басшылығының кек алуы» деп атады. Сенат депутаты Ғани Қасымов «Серік Баймағамбетов біреулердің қазған орына түсіп, жасырын саяси күрестің құрбаны болды» деп мәлімдеді. Қаржы полициясы мұндай дәлелдермен келіспеді.

Қазақстан парламентінде Серік Баймағамбетов жайлы «ол өз қамқорлығына алғандардың құрбаны болды» деген сөз шықты. «31 арнаға» берген сұхбатында депутат Айгүл Соловьева осылай деді. Оның айтуынша, кеденде бұрын жұмыс істеп көрмеген Баймағамбетов ондағы жағдайды толық қадағалай алмаған.

Депутат Мұхтар Тінікеев оған көптеген мемлекеттік мекемелерде, оның ішінде ішкі істер министрлігінде жұмыс істеген тәжірибелі, өз ұстаныма берік, адал адам ретінде мінездеме берді.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG