Accessibility links

Шетпеліктер сотында айыпталушылар «шығынды мойындамайтындарын» айтты


Шетпе оқиғасы бойынша айыпталушылар. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.

Шетпе оқиғасы бойынша айыпталушылар. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.

2011 жылы желтоқсанның 17-сі болған Шетпедегі толқудан кейін төрт ай өткенде, сәуірдің 17-сі Ақтауда айыпталушылардың үстінен сот басталды. Сот отырысы Ақтаудағы оралмандарды бейімдеу орталығында өтіп жатыр. Айыпталушылар сот барысында бірнеше мәрте нарызылық танытып, сотқа қатысудан да бас тартты. Ал адвокаттардың бірі «Жәбірленушілердің басым бөлігі - полицейлер» дейді.


Ақтау қаласында Шетпе станциясындағы 2011 жылы желтоқсанның 17-сінде болған оқиға бойынша алғашқы сот отырысы таңғы сағат 10.00-де басталған еді. Түске дейін айыпталушылардың наразылығынан үш рет үзіліс жарияланған бұл сотқа түстен кейін айыпталушылар қатысудан бас тартқан болатын. Оларды сот залына айдауылдар алып келді.

Журналистер сот отырысын монитордан бақылап отыр. Айыпталушылар мен сотқа қатысып отырған азаматтар ақпарат құралдарының сот залына кіре алмауына наразылық білдірді

Алғашқы сот процесіне ондаған адам – айыпталушылардың туыстары, жақындары, қоғамдық ұйым белсенділері жиналған. ​Қоғамдық комиссия өкілі Жәнібек Қожық таңертең бұл сот процесіне осы комиссияның өкілдері - Жармахан Тұяқбай, Рысбек Сәрсенбайұлы, Маржан Аспандиярованың бақылаушы ретінде келгенін хабарлады.

Тыңдау Ақтау қаласындағы 35-ықшам ауданында орналасқан «Оралмандарды бейімдеу орталығында» өтіп жатыр.

БҮРКЕНШІК КУӘЛЕР

Айыпталушылардың нарызылығын туғызған тағы бір дүние - Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан соттағыдай, мұнда да бүркеншік атпен жауап беретін куәлар бар. Осыған наразы болған айыпталушылар соттың әділ болатынына күмән келтіріп, сот залында бірнеше мәрте айқайлады. Мәселен, айыпталушы Қасым Ермұханұлының ісіне бүркеншік атпен бес куә тартылған. Бұл мәселеге сотқа бақылаушы болып қатысып отырған Рысбек Сәрсенбайұлы да нарызылығын танытып:
Рысбек Сәрсенбайұлы Шетпе оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотқа қатысып отыр. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.

Рысбек Сәрсенбайұлы Шетпе оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотқа қатысып отыр. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.


- Айыпталушы бес куәнің бірде біреуімен беттестірілмеген...Ол шын куә ма, өтірік куә ма - белгісіз...Сот залында айыпталушылар тұрған орындарында айқайлап жатыр. «Бұл сотта сендердің тағдырларың шешіледі» деп оларға басу айтқан адамдар да болды. Бірақ айыпталушы балалар «Біздің тағдырымызды баяғыда-ақ шешіп қойған. Бұл сот әншейін, ойыншық сот. Мұндай сотқа қатыса алмаймыз» деп
айтты, - дейді.

АЙЫПТАУШЫЛАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ УӘЖДЕРІ

Айыптаушы жағынан сөз алған прокурор сотталушылардың жолаушылар пойызының қалыпты жұмысын бұзып, 14 миллион 751 мың теңге зиян келтіргенін айтты.

Прокурордың айтуынша, айыпталушылар стратегиялық маңызы бар көлік қатынасына кедергі жасаған, билік орындарына бағынбауға шақырушылар күш қолдану, өртеу, мүлікті қирату тәсілдеріне жүгінген, полицияға қарулы қарсылық көрсеткен. Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің қызметкері Кесікбаевқа жеңіл дене жарақатын салған.

ТҮСКЕ ДЕЙІНГІ ҮШ ҮЗІЛІСТІҢ СЕБЕПТЕРІ

Сот отырысы басталған бетте екі сотталушы - Ерболат Садырбаев пен Қуаныш Төлеуов адвокаттарының Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотта жүргені, Шетпе оқиғасы бойынша айыпталушы сот залында туыстарымен амандасып тұр. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.

Шетпе оқиғасы бойынша айыпталушы сот залында туыстарымен амандасып тұр. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.

шетпеліктер сотына келе алмағаны анықталды. Осы жайтты ескерген судья 5 минут үзіліс жариялады.

Үзілістен келген судья айыпталушы Ерболат Садырбаев пен Қуаныш Төлеуовтың қорғаушысы ретінде Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасының келісімімен Әлімбек Өстеміровтің тағайындалғанын айтты. Алайда айыпталушылар мемлекеттік қорғаушы Өстеміровпен бұған дейін кездеспегендерін айтып, өтіп жатқан сот отырысына қатысудан бас тартатындарын мәлімдеді.

Айыпталушылар осындай жайттарға нарызылық таныта келе, судьяның «отырыңдар» деген ескертуіне қарамастан, қарсылықтарын білдіру үшін орындарына отырмай қойды.

Сотқа бақылаушы ретінде қатысып отырған Рысбек Сәрсенбайұлы бұған қатысты былай дейді:


Залда сотты бақылап отырған адамдар да шу шығарып, судья сот отырысынан айыпталушыларды күзетпен уақытша алып кетуге бұйрық ​берді. Мұнан кейін судья үзіліс жариялап, бір сағат уақыттан кейін қайта келіп «Айдауылдардың хабарлауынша, айыпталушылар сотқа қатысудан бас тартты. Қылмыстық кодекстің баптарына сәйкес, олардың қатысуынсыз істі қарай беруге болады» деп, сотты әрі қарай жүргізді. Бірақ, залдағы көпшілік «айыпталушылардың өздері қатыспаса, олардың заңды талаптары орындалмаса, ондай сотқа қатысудың еш мән-мағынасы қалған жоқ» деп, тарай бастады.

Осы оқиғалардан кейін судья Бердібек Мырзабеков сағат 15.00-ге дейін үзіліс жариялады.

«ӨРТЕНГЕН ШЫРША МЕН СЫНҒАН ОРЫНДЫҚТАР»

Адвокат Жоламан Мырзатаевтың айтуынша, бұл істе 12 айыпталушы, шамамен 6-7 адвокат бар. Ол:

- Бұл айыпталушыларға «көлік құралдарын тоқтатты» (299-баптың 1-бөлім), Шетпе оқиғасы бойынша айыпталушыларды соттан әкетіп бара жатқан полиция көлігі. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.

Шетпе оқиғасы бойынша айыпталушыларды соттан әкетіп бара жатқан полиция көлігі. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.

«жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және соған қатысты» (241-баптың 1,2,3-бөлімдері), «мемлекеттік орган қызметкерлерінің өміріне қауіп төндірді» (321-баптың 2-бөлімі) деген айыптар тағылып отыр, - дейді.

"Жәбірленушілердің басым бөлігі – Жамбыл облысынан келген милициялар. Мұнан соң «Шетпенің ішінде шырша өртенген. Тепловоз бүлінген. Вокзалдың ішінде орындықтар сынған» деген шағым айтушы мекеме өкілдері бар" дейді Жоламан Мырзатаев.

ҮШ ЖӘБІРЛЕНУШІ ТАЛАПТАРЫНАН БАС ТАРТТЫ

Түстен кейінгі сотта судья айыпталушылардың әрқайсысына «Тағылған айыпты мойындайсың ба?» деген сауал қойды. Айыпталушылардың бәрі айыпты мойындамайтындарын айтты. Одан кейін жәбірленушілер сұралды.

Жәбірленуші Жақсылық Шамұратов облыстық жолаушылар тасымалдау саласында қызмет ететінін айтып, өзін «Автобустардың қожасымын» деп таныстырды. Оның "Шетпе ісі" бойынша сот залындағы прокурор қызметкерлері. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.

"Шетпе ісі" бойынша сот залындағы прокурор қызметкерлері. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.

сөзіне қарағанда, Шетпедегі оқиға кезінде «мобилизацияға жұмылдырылған» алты автобусы бүлініп, 1 миллион теңгеден астам шығын шеккен.

– Автобустар менің сөзімді күтпестен-ақ кетіп қалыпты. Соғыс жағдайында жоғарыдан түскен бұйрықты сөзсіз орындаймыз, – деді ол.

Жәбірленуші Жақсылық Шамұратов «айыпталушыларды білмейтінін, оларды соттатуға құлықты еместігін, тек шығынды өндіріп алса жеткілікті екенін» айтып, талап-арызынан бас тартты.

Шетпедегі оқиға кезінде 11 бағдаршам сынған екен. Жәбірленуші мекеменің өкілі Болат Исалиев «пойыздар жүрісінің сынған бағдаршамын жасауға 47 мың 80 теңге жұмсалғанын», бірақ талап-арызынан бас тартатынын айтты.

Теміржол мекемесінің өкілі Алданов Нұрияз «көтеріліс жасап жатқандар тепловоздың есігін ашпақ болып, одан соң таспен ұрғанын», соның кесірінен мекеме 1 миллион 642 мың 444 теңге шығын шеккенін айтты. Бұл жәбірленуші де талап-арызынан бас тартатынын мәлімдеді. Бірақ оған мекеме басшысының бас тарту жөнінде сенімхатын әкелу жүктелді.

Шетпе оқиғасына байланысты бүгінгі соттағы төртінші жәбірленуші – Маңғыстау темір жол бөлімшесінің заңгері Ләйла Болысова мекемеге 2 миллион 534 мың 930 теңге шығын келгенін айтты.

Маңғыстау темір жол бөлімшесінің шығынын есептеу туралы бастаманы желілік полиция ұсынып, «Қазақстан теміржолы» компаниясы есептеген екен.

– Ол шығын жүк пойыздарының жүрмей қалуынан келген. Осы шығынды орнына келтіруді талап етеміз. Бірақ нақты қай адам пойызды тоқтатқанын айта алмаймыз, – деді жәбірленуші мекеменің өкілі Ләйла Болысова.

«Онда мына адамдарға талабыңыз бар ма?» деген адвокат сұрағына «талаптан бас тарта алмаймыз» деп жауап берді заңгер.

СОТ ӨКІЛІНІҢ СӨЗІ

Өткен жылы желтоқсанның 17-сі күні Шетпе станциясында жаңаөзендіктерді қолдаған тұрғындар мен полиция арасында қақтығыс болып, ресми ақпарат бойынша бір адам қаза тауып, он шақты адам жараланған еді.

Қаңтардың 25-і күні Жаңаөзен оқиғасына байланысты ресми мәлімдеме таратқан Қазақстанның бас прокуроры Асхат Дауылбаев Шетпедегі оқиғаға байланысты Маңғыстау облыстық сотының баспасөз өкілі Нұрлан Күнтуов. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз өкілі Нұрлан Күнтуов. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.

«жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны және билік өкілдеріне қарсы күш қолданғандары үшін» 3 адам – Бахытжан, Сабырбаев және Жылқышиев қылмыстық жауапкершілікке, тағы 12 адам «жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, билік өкілдеріне қарсы күш қолдану және көлік құралдары мен қатынас жолдарын бұзғаны үшін жауапкершілікке» тартылғанын айтқан еді.

2012 жылы сәуірдің 17-сі күні кешке Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметкері Нұрлан Күнтуов Шетпе мен Жаңаөзендегі оқиғаларға орай өткен сот отырыстарына байланысты брифинг ұйымдастырды.

Оның айтуынша, Шетпедегі іске байланысты 12 айыпталушының 11-і қамауда отыр, 1 айыпталушы ешқайда кетпеу туралы қолхат берген. Бұл іс бойынша өткен сотқа 4 мемлекеттік айыптаушы, 7 қорғаушы, 19 жәбірленуші, 53 куәгер қатысып отыр. Соттың алғашқы күні 4 жәбірленуші сұралған.

Маңғыстау облыстық сотының өкілі Нұрлан Күнтуовтың сөзі:
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

  • 16x9 Image

    Асылхан МАМАШҰЛЫ

    1973 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. 1994 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда пединститутын бітірген. 1997-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында оқыған. "Қазақ энциклопедиясы" баспасында (2001-2007), республикалық "Ана тілі" газетінде (2007-2009) , "ABDI-press" орталығында (2009-2010) жұмыс істеген. 2011 жылдан Азаттық радиосының тілшісі.

    Тарихи, саяси мәселелер тақырыбында жазады, белгілі тұлғалардың саяси портреттерін жасайды. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG