Accessibility links

Шетпе оқиғасына байланысты екі азамат ұсталды


Шетпе кенті шетіндегі белгі. Маңғыстау облысы, 22 сәуір 2012 жыл.

Шетпе кенті шетіндегі белгі. Маңғыстау облысы, 22 сәуір 2012 жыл.

Іздеуде жүрген шетпелік екі тұрғын – Болат Аманиязов пен Болат Зейіловтің ұсталғанын Маңғыстау аудандық ішкі істер басқармасы шілденің 5-і күні растады.

– Негізі айыптар алдыңғы іздеу бойынша тағылған. Қазір іс тергелуде. Түпкілікті түрде анықталған жоқ, – деді басқарма бастығы Амангелді Досжанов.

Ол бұдан басқа сұрақтарға жауап бермей, Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасына хабарласу керек екенін айтты.

«ЖАЙ ҒАНА ҚАТЫСҚАН» ДЕЙДІ

Ақпарат бойынша, Болат Аманиязов және Болат Зейілов Шетпе оқиғасынан кейін өздері тұратын ауылдан кетіп қалған. Полиция олардың үстінен қылмыстық іс қозғап, іздеу жариялаған.

Туыстары екі азаматтың да 19 маусымда ұсталғанын, қазір Маңғыстау Шетпедегі халық наразылығы. Маңғыстау облысы, 17 желтоқсан 2011 жыл. (Оқырманнан келген сурет)

Шетпедегі халық наразылығы. Маңғыстау облысы, 17 желтоқсан 2011 жыл. (Оқырманнан келген сурет)

ауданындағы изоляторда қамауда жатқанын айтты.

– Артынан төрт-бес күннен кейін адвокат жалдап, сонымен шұғылданып жатырмыз. Ол да Шетпедегі оқиға бойынша ұсталып отыр. Сол кезде көрінбей кетіп қалып еді. Қолға түспей кеткен еді. Қазір оның кетіп қалғаны жөнінде іс қозғап жатқан жоқ. «Жай ғана қатысқан» дейді. Видеода да жоқ көрінеді, – деді Болат Зейіловтің нағашысы (аты-жөнін айтпады).

«ҮШ БАП БОЙЫНША АЙЫП ТАҒЫЛДЫ»

Болат Зейіловтің адвокаты Мұхтар Әбілеевтің айтуынша, «екі азаматқа да «Шетпе ісімен» сотталғандар сияқты үш бап бойынша айып тағылған».

– 241, 321 және 299 баптармен іздеуге берген де, сырттай айып тағылған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Олар қазір Шетпедегі изоляторда қамауда отыр, – деді адвокат Мұхтар Әбілеев.

Бұған дейін «Шетпе ісі» бойынша сотталған азаматтардың адвокаттары бұл үш бапқа тиесілі айыпты былай түсіндірген еді: «көлік құралдарын тоқтатты» (299-баптың 1-бөлімі), «жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды, соған қатысты» (241-баптың 1,2,3-бөлімдері), «мемлекеттік орган қызметкерлерінің өміріне қауіп төндірді» (321-баптың 2-бөлімі).

2011 жылы желтоқсанның 17-сі күні Шетпе станциясында жаңаөзендіктерді қолдаған тұрғындар мен полиция арасында қақтығыс болып, ресми ақпарат Қақтығыс орыны - Шетпе теміржол вокзалының алдындағы алаң. Маңғыстау облысы, Шетпе, 22 сәуір 2012 жыл.

Қақтығыс орыны - Шетпе теміржол вокзалының алдындағы алаң. Маңғыстау облысы, Шетпе, 22 сәуір 2012 жыл.

бойынша бір адам қаза тауып, он шақты адам жараланған еді.

Шетпедегі оқиғаға байланысты 12 адамның үстінен іс қозғалып, мамыр айында сот үкімі шықты. Айыпталушы Қажымұрат Әбезов – 7 жылға, Ержан Мәмбетов – 5 жылға, Ғабиден Бақытжан – 5 жылға, Нұрболат Сабырбаев – 4 жылға сотталды. Ал айыпталушы Қасым Ермұқанұлына екі жыл шартты жаза берілген.

Сот Шетпе оқиғасы бойынша алты азаматты (Бекберген Жылқышиев, Қуаныш Төлеуов, Дүйсенбек Сәдіғұлов, Асылбек Төлеев, Есенқос Дұрысбаев, Асан Әдиев) рақымшылық заңымен босату туралы үкім шығарған, бір айыпталушыны (Жұмабек Мырзатаевты) толық ақтаған.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG