Accessibility links

Айыпталушылардың тергеу кезінде азапталғанын адвокаттар да айтты


"Шетпе ісі" бойынша айыпталған азамат сотта отыр. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.

"Шетпе ісі" бойынша айыпталған азамат сотта отыр. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.

Шетпе оқиғасына байланысты өтіп жатқан сотта айыпталушы екі азамат өз адвокаттарын шақыруды тағы да талап етті. Айыпталушылардың көпшілігі тергеу кезінде зорлық-зомбылық көргендерін айтты.

Бүгін, 19 сәуірде Ақтау қаласында өтіп жатқан Шетпе оқиғасы жөніндегі сот процесі қайта жалғасты. Алғашқы кезекте айыпталушылар, одан кейін куәгерлер сот тергеуіне алынды.

Түске дейін сұралған 12 айыпталушының барлығы да өздеріне тағылған айыптан бас тартып, «жала жабылып отырғанын» мәлімдеді.

Кейбір айыпталушылар «ұрып-соққан - осы» деп, сотқа куәгер ретінде қатысып отырған кейбір полиция қызметкерлерін көрсетті. Полиция қызметкерлері оны жоққа шығарды. Ал адвокаттар полицейлер әрекетін дәлелдейтін айғақтар бар екенін айтты.

«ЖЕТІМ-ЖЕСІРДІҢ БАЛАЛАРЫН ҚАМАП ОТЫР»

«15 жылдан бері өнер мектебінің мұғалімімін, екінші топтағы мүгедекпін» деген Бақытжан Ғабиден Шетпе оқиғасы кезінде жиналған жұртшылықты кездейсоқ көріп, барғанын айтып берді.

- Бейбіт күнде халыққа оқ атады деп ойлаған жоқпын. Бірақ Жаңаөзенде аямағандар енді аямайтынын түсіндім. Мен жасаққа барып, «Бейбіт адамдарға тиіспеңдер» дедім. Сол кезде әкім келіп, жиылғандардың президенттің жарлығын оқып бергеннен кейін Шетпе сотына қатысқан прокурорлар үзіліске шығып барады. Ақтау, 19 сәуір 2012 жыл.

Шетпе сотына қатысқан прокурорлар үзіліске шығып барады. Ақтау, 19 сәуір 2012 жыл.

тынышталмаса, қиын болатынын айтты. Адамдардың өліміне немқұрайды қарай алмадым. Бейбіт өмірге шақырдым. Осы да қылмыс па? Мен тек қана «Қантөгіс тоқтасын», «Қай мәселе де қантөгіссіз шешілуі керек» дедім, - деді Бақытжан Ғабиден.

Айыпталушы Ержан Мәмбетов те «Маған сөйледің деп айып тағып отыр. Сөз бостандығы қайда сонда?» деген сауалмен аяқтады сөзін.

Айыпталушы Дүйсенбек Сәдіғұлов «Мен сөйлеп үлгере алмадым. Бірақ сөйлемегеніме өкінемін. Бұл жерге бірыңғай жетім-жесірдің балаларын, бұрын істі болғандарды қамап отыр. «Еркек тоқты – құрбандық». Сөйлесем, Жаңаөзендегі заңсыздықты айтатын едім» деді.

Айыпталушы Асылбек Төлеев «Әкім де келіп, «5 минут уақыт беремін. Кетпесеңдер, өз обалдарың өздеріңе» деді. Басқарып жүрген Болатбек Ақшалов «қашпасаңдар өлесіңдер» деп айқайлады». Мұның арты жақсылықпен бітпейтінін біліп, кетіп қалдым» деп жауап берді.

Осыған ұқсас сөздерді басқа айыпталушылар да айтты. Жауаптарына қарағанда, олар келгенде пойыз тоқтап тұрған.

«МЕНІ САБАҒАНДАР ОСЫ ЖЕРДЕ ОТЫР»

Сотта жауап бергендердің көпшілігі алдын ала берген жауаптарына тергеу кезінде азаптап, қинағаннан кейін қол қойғандарын айтты.

Айыпталушы Есенқос Дұрысбаев жауабында «Бес-алты спецназ жабылып, мылтықтың дүмімен ұрғанда талып қалып, 3 күнге дейін тамақ іше алмадым» деді.

Айыпталушы Асан Мәдиев «Тергеуде мені сабағандар осы жерде отыр. «Дубинканы артыңа тығамын, атамын» деп, шешіндіріп ұрып-соқты. Содан бері Адвокат Нұрлыбай Ізмағамбетов. Ақтау, 19 сәуір 2012 жыл.

Адвокат Нұрлыбай Ізмағамбетов. Ақтау, 19 сәуір 2012 жыл.

құлағым дұрыс естімейді» деп, сотқа куәгер ретінде қатысып отырған екі полицейдің аты-жөнін атап көрсетті. Сондай-ақ тергеуде жауап бергенде жанында адвокат болмағанын ескертті.

Айыпталушы Нұрболат Садырбаев та «зорлықпен қол қойғанын» айтты.

Осы тұста қорғаушы Нұрлыбай Ізмағамбетов пен прокурор сөзбен қатығысып қалды.

Адвокат сотталушылардың ұрып-соғып жатқаны туралы шағым түсіргенін айтқан соң, сот оны кейін талқылауға келісті.

Үзілістен кейінгі сот отырысында куәгерлер тыңдалды. Соның ішінде Шетпеде тоқтап қалған пойыздардың бірінің машинисі Сәрсеновтің сөзі алдын ала берген жауабына сай келмеді.

Куәлікке тартылған жолсерік әйелдің айтуынша, Шетпе станциясында кідірген пойыз вагонына бетперде киген 10-15 жігіт кіріп, «вагондағы ер-азаматтар шықпаса, вагонды жарамыз» деген, олардың «қолдарында шаппа (бәкі – ред.) болған».

«ЕКІ СОТТЫҢ ҚАТАР ӨТУІ - ЗАҢСЫЗ»

Сот үзілісі кезінде Азаттық тілшісі өз қорғаушыларының келуін талап етіп отырған Нұрболат Садырбаев пен Қуаныш Төлеевтің әрекеті қаншалықты заңды екенін және айыпталушылар айтқан «азаптау фактілеріне» орай адвокат Нұрлыбай Ізмағамбетовтің пікірін сұраған еді.

- Айыпталушыға заң бойынша сұраған адвокатын беру керек. Бермесе - қорғану құқығын бұзды деген сөз. 22-23 желтоқсанда барғанымда «мені ұрып-соқты» деп менің қорғауымдағы Дұрысбаев та, Әдиев те көрсетті. Оларды фотоға түсіріп алып, облыс әкіміне, облыс прокурорына, қоғамдық комиссия жетекшісі Өмірзақ Озғанбаевқа арыз жаздым. Комиссия қарады, бірақ қорытынды шығармай үнсіз қалды, - дейді адвокат Нұрлыбай Ізмағамбетов.

Азаттық тілшісі Ақтау қаласының бір шетінде, оқшау тұрған ғимаратта өтіп жатқан «Шетпе сотының» бүгінгі отырысы аяқталғаннан кейін жоғарыда аталған екі Інісі сотталып жатқан Сақан Әспентаев. Ақтау, 19 сәуір 2012 жыл.

Інісі сотталып жатқан Сақан Әспентаев. Ақтау, 19 сәуір 2012 жыл.

айыпталушының (Нұрболат Садырбаев пен Қуаныш Төлеевтің) адвокаттарына жолықпақ үшін «Жаңаөзен сотына» барды.

Тілші сот ғимаратына келгенде далада жалғыз адам отырды. Өзін Сақан Әспентаев деп таныстырған азамат «сот залынан қуылғанын» айтты.

- Аяғынан оқ тиген інім Сейсен сотталып жатыр. Оған куәгерлікке келген екі полиция екі түрлі сөз айтқанда күліп жіберіп едім, сот залдан шығарып тастады, - дейді Сақан Әспентаев.

«Жаңаөзен соты» аяқталғанда «Шетпе сотындағы» айыпталушы Нұрболат Сабырбаевтың адвокаты Мұхтар Әлібиевпен тілдесудің сәті түсті.

- Бір адвокат екі сотқа қатысатын жағдай туса, сот уақыты реттелуі керек еді. Оның Адвокат Мұхтар Әлібиев. Ақтау, 19 сәуір 2012 жыл.

Адвокат Мұхтар Әлібиев. Ақтау, 19 сәуір 2012 жыл.

орнына адвокатты заңсыз шеттетіп, екі сотты қатар жүргізіп отыр, - дейді адвокат Мұхтар Әлібиев.

Жаңаөзен оқиғасы бойынша айыпталушы Мұрат Қосбармақов пен Бауыржан Лепесовті қорғап жүрген Сәулебай Сансызбайұлы Шетпе соты бойынша тергеліп жатқан Қуаныш Төлеуовтің де адвокаты екен. Ол Шетпе сотына бір-ақ рет қатысқанын, одан кейін Жаңаөзен сотының төрағасы жібермей қойғанын айтады.

- Мен оны алдын ала тергеуден бастап қорғап келе жатырмын. Арамызда ақылы келісім-шарт бар. Алайда осы келісім-шартты орындай алмай отырмын. Арнайы кесте жасап, сот процесін кезек-кезек өткізуге болатын еді. Оны неліктен жасамай отырғанын түсінбедім. Сот төрағасына бірнеше рет шағымдандым. Ертең «Шетпе сотына» барайын десем, мына жақтан «адвокаттық лицензияңды аламыз» деп қоқан-лоққы көрсетіп отыр, - дейді адвокат Сәулебай Сансызбайұлы.

Адвокат «келісім-шартты орындамаса, Төлеуов қаржы полициясына арыз жазып, үстінен қылмыстық іс қозғатуға негіз бар екенін» айтты.

- Ол кезде мені облыстық соттың төрағасы да, Жаңаөзен сотының төрағасы да қорғай алмайды, - дейді адвокат Сәулебай Сансызбайұлы.

Оның айтуынша «Жаңаөзен сотындағы» айыпталушылардың тең жартысынан астамы тергеу кезінде зорлық-зомбылық көрген.

«АЙДАУЫЛ МЕН АДВОКАТТЫҢ ҚАҚТЫҒЫСЫ»

«Жаңаөзен сотынан» шыққан жұртшылық «полициялар адвокат Сансызбайұлының Адвокат Сәулебай Cансызбайұлы. Ақтау, 19 сәуір 2012 жыл.

Адвокат Сәулебай Cансызбайұлы. Ақтау, 19 сәуір 2012 жыл.

жағасына жармасқанын» айтып жатты. Соған орай Сәулебай Сансызбайұлының өзінен бұл оқиғаның мән-жайын сұраған едік. Адвокат бұл жайды «айдауылдармен арадағы аздаған түсініспеушілік» деп сипаттады.

- Айдауылдар сот аяқталар-аяқталмастан бізді итеріп, күш көрсететіндей қажеттілік жоқ еді. Соған байланысты азғантай бір түсініспеушілік болып қалды. Оның әрекеті, әрине, заң талабына сыймайды, - деді Сәулебай Сансызбайұлы.

Ал осы оқиғаға куә болған адамдардың бірі Нұрияш Әбдірова «полиция қызметкерлері адвокат Сансызбайұлына жабыла кетіп, өздерінің кім екендіктерін тағы да көрсетті» деп сипаттады:

  • 16x9 Image

    Асылхан МАМАШҰЛЫ

    1973 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. 1994 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда пединститутын бітірген. 1997-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында оқыған. "Қазақ энциклопедиясы" баспасында (2001-2007), республикалық "Ана тілі" газетінде (2007-2009) , "ABDI-press" орталығында (2009-2010) жұмыс істеген. 2011 жылдан Азаттық радиосының тілшісі.

    Тарихи, саяси мәселелер тақырыбында жазады, белгілі тұлғалардың саяси портреттерін жасайды. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG