Accessibility links

«Наурыз» айтысы: Ержеңіс пен Төлеген


Айтыскер Ержеңіс Әбдиев. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.

Айтыскер Ержеңіс Әбдиев. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.

Наурыздың 15-16-сы күндері Шымкентте республикалық «Наурыз» айтысы өтті. 2004 жылдан бері тұрақты өтіп келе жатқан бұл айтыс биыл Төле бидің 350 және Абылай ханның 300 жылдықтарына арналды.

Алғашқы күні жезқазғандық айтыскер Төлеген Жаманов пен қызылордалық ақын Ержеңіс Әбдиев айтысты.

Мектепте мұғалім болып істейтін Ержеңіс Әбдиев сөзінде ұстаздар тақырыбын қозғады:

– Мұғалімнің барлығы «Жаяу Мұса»,
Олардың жайын бүкіл ел білгендей.
Қызылорда қаласын ұстаз біткен,
Сүртіп жүр деп Төлеген сендіргендей.
Оның рас, мұғалімнің мектепке емес,
Сенбілікке көңілін бөлдіргендей.
Басшылар ұстаздарға көше менен,
Көз жасын қатар сүртсін деп жүргендей.

Қаламының орнына қалақ алып,
Қуанышын қайғыға сендіргендей.
Бес теңге жалақыға құлша жұмсап,
Қорқытып, қара аспанды төндіргендей.
Үй, бала-шағасына қаратқызбай,
«Жұмыстан шығарады» деп көндірген ғой.
Қызылорда түгілі Шымкентте де ,
Өрт болса мұғалімдер сөндірген ғой.
Базарды еріккендер өртеп жатса,
Шығынын ұстаздардан өндірген ғой.

Ақын Төлеген Жаманов. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.

Ақын Төлеген Жаманов. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.

Ақын Төлеген Жаманов өткен тарихты жырға қосты:

– Жасқанбай қарай алсақ жалғанға өткен,
Жетіліп «Жеті жарғы» заңдар жеткен.
Алаштың азаттығын арман етіп,
Би теңселіп, толғанып хандар да өткен.
Аю мен айдаһардың арасында,
Алаңдап Абылайда арманда өткен.

  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG