Accessibility links

«Наурыз» айтысы: Нұрмат пен Кәрима


Айтыскер Нұрмат Мансұров. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.

Айтыскер Нұрмат Мансұров. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.

Наурыздың 15-16-сы күндері Шымкентте республикалық «Наурыз» айтысы өтті. 2004 жылдан бері тұрақты өтіп келе жатқан бұл айтыс биыл Төле бидің 350 және Абылай ханның 300 жылдықтарына арналды.

Алғашқы күні соңғы жұптардың бірі болып Оңтүстік Қазақстан облысының ақыны Кәрима Оралова мен қызылордалық Нұрмат Мансұров айтысты.

Айтысты бастаған Нұрмат Мансұров «шахтадан шыққан патшалар» туралы айтты:

– Арбалып дұшпанына сүйек атқан,
Бүгінде ит көбейді ие қапқан.
Абылайхан келгенінше кемеліне,
Төленің тәлімімен түйе баққан.
Ал бүгінгі қазақтар қайдан шықты,
Билері бір-біріне күйе жаққан.
Ағайын, білігіңнен ақсағанша,
Жымысқы дұшпан ойын жақтағанша,
Кезгеніңді есіңнен шығармашы
Бір кездері шұбырып ақтабанша.
Нұрсұлтанға қараймыз ала көзбен,
Қолында шамалырақ ақша болса.
Еліне еңбек етсе болды емес пе,
Қай патша отырса да тақта қанша.
Шахтадан шыққандарға зар болармыз,
Яхтадан шыққандар патша болса.
Айтыс ақыны Кәрима Оралова. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.

Айтыс ақыны Кәрима Оралова. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.

Оның қарсыласы Кәрима Оралова жемқорлықты сөз етті:

– Ал бүгінде деймісің кім сөйлейді,
Деп жүрсек тек шындықпен тіл сөйлейді.
Пендешілік қаншама болса-дағы
Тіл емес, белден басып пұл сөйлейді.
Заңымыз өз күшінде болса дейміз,
Көңілі қараша елдің толса дейміз.
Төле бидің тура айтқыш қасиеті
Бүгінгі айтқыштарға қонса дейміз.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG