Accessibility links

«Наурыз» айтысы: Нұрмат пен Маржан


Айтыскер Нұрмат Мансұров. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.

Айтыскер Нұрмат Мансұров. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.

Наурыздың 15-16 күндері Шымкент қаласында екі күнге созылған республикалық «Наурыз» айтысы өткен болатын. 2004 жылдан бері тұрақты өтіп келе жатқан айтыс биылғы жылы Төле бидің 350 және Абылай ханның 300 жылдықтарына арналды.

Екінші күні Оңтүстік Қазақстан облысының айтыскері Маржан Есжанова мен қызылордалық ақын Нұрмат Мансұров айтысты.

Айтысты бастаған Нұрмат Мансұров жемқорлық тақырыбын жырға қосты:

– Ақсақалдың алдынан бітуші еді,
Дау болса ағайынның арасында.
Парасатпен ел-жұртын биледі олар,
Пара болмай қазақтың даласында.
Ал бүгін «пара» деген пәлелі ұғым,
Қоғамның сіңіп алды-ау санасына.

Тойымсыз көкелерге айтатыным,
«Аз күнде көп жеймін» деп аласұрма.
Өз ұлтыңнан тонаған байлығыңнан,
Түбінде бақ-береке табасың ба?
Көршіңнен ұрлап алған моншағыңды,
Көрге кіріп жатқанда тағасың ба?


Айтыс ақыны Маржан Еcжанова. Шымкент, 16 наурыз 2012 жыл.

Айтыс ақыны Маржан Еcжанова. Шымкент, 16 наурыз 2012 жыл.


Айтыскер Маржан Есжанова Қазақстандағы мұнай мен уран тақырыбын өлеңіне ілік етті.

– Қазақстанда мұнай көп,
Мұнайға бірақ «құдай» көп.
Шетелдік инвесторлардың,
Басына салар бұғау жоқ.
Алыстан мысал іздемен,
Отырар менен Созақтың,
Уранын үңгіп іздеген,
Шетелдіктерің жүдә, көп.

Азабынан уранның,
Жарымжан бала туған соң,
Анада зар мен жылау көп.
Алайда біздің қазақта,
Төзімділік пен шыдау көп.
Шетелге кеткен байлықтың,
Есебінде сұрау жоқ.
Ал, енді біз шетелден,
Бірдеңе алсақ, сынау көп.
Тауық екеш тауық та,
Бізге келсе шығады,
Шеттерінен «тұмау» боп.
Миллиардқа сиыр алып ек,
Ақша кетті желге ұшып,
Қалды бәрі қырылып,
Сиыр түгіл бұзау жоқ.

  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG