Accessibility links

«Наурыз» айтысы: Еркебұлан мен Маржан


Айтыскер ақын Еркебұлан Қайназаров. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.

Айтыскер ақын Еркебұлан Қайназаров. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.

Наурыздың 15-сі мен 16-сы күндері Шымкент қаласында республикалық «Наурыз» айтысы өтті. 2004 жылдан бері тұрақты өтіп келе жатқан бұл айтыс биылғы жылы Төле бидің 350 және Абылай ханның 300 жылдықтарына арналды.

Ақындардың төртінші жұбы болып астаналық Еркебұлан Қайназаров пен Оңтүстік Қазақстан облысының ақыны Маржан Есжанова айтысты.

«Айтыстың Төле биі Жүрсін еді, Жүретін ақындарын бағалап бай» деп айтысты бастаған Еркебұлан Қайназаров өлеңіне «Нұрсұлтанның нұрлы жолын» арқау етті:

– Қазақты қаншама хан билеп өткен,
Бәрінің бар өзіндік үлгілері.
Керей менен Жәнібек көшті бастап,
Мемлекет құруды ту қып еді.
«Жеті жарғы» жасаған Әз Тәукенің,
Іздегені әділдік, шындық еді.
Есім хан «Ескі жолды» еске салып,
Қасым хан «Қасқа жолмен» зырғып еді.
Үш жүздің басын қосқан Абылайдың,
Аңсағаны ынтымақ, бірлік еді.
...Абылайдың арманын орындаған,
Құт болды-ау Нұрсұлтанның нұрлы жолы.

Ал Маржан Есжанова сөз арасында Оңтүстік Қазақстан облысындағы айтыскер Әселхан Маржан Еcжанова, айтыскер ақын. Шымкент, 16 наурыз 2012 жыл

Маржан Еcжанова, айтыскер ақын. Шымкент, 16 наурыз 2012 жыл

Қалыбекова ашқан айтыс мектебінің жабылып қалғанына наразы екенін білдірді:

– Қажымұқанды шаршатқан қатал тағдыр,
Десек те оны ешкім жыға алмайды.
Кешегі Қонаевтай алыптың да,
Соңғы өмірі ешкімнен сұралмайды.
Мектебін жауып өңкей бақа-шаян,
Әселхан апам мұңлы жыр арнайды.
Бәріміз сол мектептен шыққан едік,
Маржан бүгін соны айтпай тұра алмайды.
Балақтан тартқанында бақа-шаян,
Аспанға алыбыңда шыға алмайды.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG