Accessibility links

"Әлеуметтік жанжал ошағын анықтайтын" карта


«Доссормұнайгаз» кәсіпорны операторы Ләззат Мырзабаева жұмысшылардың еңбекақы төлеміне қатысты талаптарын айтып тұр. Атырау облысы Мақат ауданы, 1 шiлде 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
«Доссормұнайгаз» кәсіпорны операторы Ләззат Мырзабаева жұмысшылардың еңбекақы төлеміне қатысты талаптарын айтып тұр. Атырау облысы Мақат ауданы, 1 шiлде 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Сарапшылардың бірі «карта болашақтағы қақтығыстарды болдырмауға көмектеседі» десе, енді бірі «бұл – биліктің халықты ауыздықтаудағы кезекті амалы» дейді.

Әлеуметтік-еңбек шиеленістерінің алдын алу мақсатында әлеуметтік жанжалдарға мониторинг жасау картасын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры жанындағы әлеуметтік әріптестік орталығы дайындаған.

«ЖҰМЫСКЕР ҚАЙДА ДЕМАЛАДЫ, КІММЕН СӨЙЛЕСЕДІ...»

Орталық директоры Нұрлан Ерімбетовтің айтуынша, әлеуметтік-еңбек шиеленістерін анықтаудың ресми емес картасы 50 индикатор бойынша жұмыскерлердің әлеуметтік көңіл-күйін анықтайтын әлеуметтік жанжалдарға мониторинг жасайды.

– Сол индикаторлар бойынша біз жұмыскерлердің әрбір қадамын бағамдай аламыз. Ол үйден қашан шықты, жұмысқа нешеде барады, қайда демалатынын өлшейміз, кіммен сөйлеседі, уақытты қалай өткізеді, тамақтануы, сонымен қатар
Нұрлан Ерімбетов "Айт PARK" пікірталас клубының модераторы кезінде. Алматы, 3 қараша 2009 жыл.
Нұрлан Ерімбетов "Айт PARK" пікірталас клубының модераторы кезінде. Алматы, 3 қараша 2009 жыл.
белгілі бір аймақтағы бағаларды зерделейміз, – деді Нұрлан Ерімбетов.

Нұрлан Ерімбетов өзі басқаратын орталықтың президент аппараты және үкіметпен бірлесіп жұмыс істеп жатқанын айтты. Оның хабарлауынша, «басты бағыт – қорға қарасты компанияларда еңбек ететін жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту».

– Мониторинг жасайтын картаның арқасында біз ертең «қай аймақта «жарылыс» болуы мүмкін, қай аймақта жағдай қалыпты, қай жерде нақты мәселелерді бүгіннен шешу қажет» деген сияқты жайттарды алдын ала біліп отырамыз. Міндетіміз – мәселені уақыты өтіп кеткен соң шешпей, бүгіннен бастап алдын ала әрекет жасау, – деді Ерімбетов.

"ХАЛЫҚТЫ АУЫЗДЫҚТАУ"

Парламент депутаты, Қазақстан коммунистік халықтық партиясының жетекшісі
Владислав Косарев "Хабар" телеарнасы эфирінде. Алматы, 12 қаңтар 2012 жыл.
Владислав Косарев "Хабар" телеарнасы эфирінде. Алматы, 12 қаңтар 2012 жыл.
Владислав Косаревтің ойынша, «бұл карта – маңызды құжат».

– Сөйте тұра «карта жасадық, болды» демей, «әрі қарай не істеуіміз керек» дегенді ойлауымыз керек. Қақтығыстың болғанын күтіп, кейін соны басумен айналысуымыз керек пе? Жоқ! Сондықтан мемлекетке тұрақты әрі жалпы халық мойындаған ішкі саясат қажет. Ол халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған болуы тиіс, – дейді Владислав Косарев Азаттық тілшісіне.

Ал оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлиннің айтуынша, «бұл картаны билік халықты ауыздықтау үшін жасап отыр».

– Қазіргі Қазақстан билігі еңбекшілерге бет бұрып, олардың қамын ойлайтын билік
Оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин. Алматы, 6 шілде 2012 жыл.
Оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин. Алматы, 6 шілде 2012 жыл.
емес. Олар ең алдымен өздерінің қамын ойлайды. Сондықтан бұл карта жұмысшылардың жағдайын жақсарту, олардың талап-мүдделерін қанағаттандыру бағытында емес, түрлі жанжалдар, еңбек даулары немесе төтенше жағдайлар болуы мүмкін деген жерлерді алдын-ала ауыздықтау мақсатында жасалынып отыр, – дейді саясаткер.



«ӨЗІНЕН БАСТАСЫН»

Ал саясаттанушы Расул Жұмалының айтуынша, «әлеуметтік қақтығыс тақырыбындағы зерттеулер бұған дейін де аз жасалған жоқ, алайда олардың нәтижесі көңіл көншітпейді».

– Бізде әлі күнге шейін түрлі әлеуметтік-экономикалық түйткілдер болып тұрады. Олардың оңтайлы шешілуін (мәселен, Жаңаөзен оқиғасынан) байқамадық. Екіншіден, айтарлықтай зерттеудің жүргізілуі қаншалықты қисынды. Себебі
Саясаттанушы Расул Жұмалы. Алматы, 30 қыркүйек 2010 жыл.
Саясаттанушы Расул Жұмалы. Алматы, 30 қыркүйек 2010 жыл.
зерттеусіз-ақ қай аймақта қандай мәселе күрделі екенін айтып береміз. Бұл – жағдайы өте қиын моно-қалалар, бір кәсіпорынға, өнеркәсіпке қарап қалған кішігірім қалалар. Ең қауіпті жағдай Жаңаөзен, Арқалық, Ақсай, Сәтбаев, Қандағаш сияқты қалаларда. Жалақы, зейнетақы мен еңбектің қауіпсіздігі, әлеуметтік теңсіздік пен жастардың мәселесі – бұл жайттар зерттеусіз-ақ белгілі. Сондықтан көп қаражатты қажет ететін зерттеулерге қаржы жібергенше, сол сомаларды жұмыс ашуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсауға болар еді, – дейді саясаттанушы.

Расул Жұмалының ойынша, «Қазақстан экономикасының басым бөлігін бақылап отырған «Самұрық-Қазына» зерттеуді өзінен бастағаны дұрыс».
XS
SM
MD
LG