Accessibility links

Софроний паналау орнынан шеттетілді


Софроний әкей. 24 шілде 2013 жыл.
Софроний әкей. 24 шілде 2013 жыл.

Алматы маңындағы Сергий Радонежский ғибадатханасы басшысы Софроний паналау орнынан шеттетілді. Қазақстандағы орыс православ шіркеуі басшылығы жергілікті билікпен кездескен соң ол қызметінен кетті.

Желтоқсанның 11-інде Іле ауданы білім беру бөлімінің «Софроний әкейдің паналау орнынан» балаларды тартып алу туралы талап-арызы бойынша белгіленген сот отырысы өтпеді. «Іс қай сотта қаралуы тиіс?» деген мәселені шешу Алматы облыстық соты құзырына берілді.

Сонымен бірге Алматы облысындағы Сергий Радонежский ғибадатханасы мен оның жанындағы жұрт Софронийдің есімімен атайтын паналау орны басшылығы ауысты. Софронийдің (азаматтық аты-жөні Петр Евтихеев, Ресей азаматы) айтуынша, енді Ресейге кетуге мәжбүр. Қазақстанда ықтияр хат негізінде тұратын оны билік Ресейге депортациялауға баяғыдан тырысып келеді.

МИТРОПОЛИТ ПЕН АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗДЕСУІНЕН КЕЙІН

Қазақстандағы Алматы орыс православ шіркеуі епархиясының баспасөз хатшысы протоиерей Евгений Иванов Алматы облысы Іле ауданы Түймебаев
Алматы орыс православ шіркеуі епархиясының баспасөз хатшысы протоиерей Евгений Иванов. Алматы, 12 желтоқсан 2013 жыл.
Алматы орыс православ шіркеуі епархиясының баспасөз хатшысы протоиерей Евгений Иванов. Алматы, 12 желтоқсан 2013 жыл.
атындағы кенттегі ғибадатхана мен паналау орны басшылығының ауысқаны туралы ақпаратты растады.

– Біздің негізгі міндетіміз – паналау орнын сақтап қалу және оның жұмысын дамыту. Шіркеу позициясы осындай. Өкінішке орай, кейбір адамдардың, ұйымдастырушылардың, қызметкерлердің салдыр-салақтығынан, біліксіздігінен паналау орны жұмысында бірталай кемшіліктер кеткен. Енді бұл олқылықтарды түзету керек, – дейді протоиерей Евгений Иванов Азаттық тілшісіне.

Іле ауданы басшылығымен кездескеннен кейін Қазақстандағы орыс православ шіркеуі (ОПШ) басшысы митрополит Александр маман мәселесіне қатысты бұйрық шығарды. Протоиерей Евгений Ивановтың айтуынша, билік олқылықтарды жөндеуге уақыт берген, ал әзірше «паналау орны жұмыс істей береді».

Жергілікті билік өкілдері «Софроний әкейдің паналау орнына» қатысты соңғы оқиғалар туралы Азаттық тілшісіне комментарий беруден бас тартты. Әкімдік кезекшісі «Іле ауданы әкімінің орынбасары» деп атаған Ерболат Тұрымбетов «қазір орынбасар емеспін» деп, балаларды паналату үйіне қатысты комментарий
Софроний баспанасында тұрып жатқан қарттар. 24 шілде 2013 жыл.
Софроний баспанасында тұрып жатқан қарттар. 24 шілде 2013 жыл.
беруден бас тартты. Ол кабинетінің есігі жанында ілінген тақтайшадағы «Мәслихат хатшысы» деген жазуды көрсетті. Тұрымбетовтің кабинетінен шыққан аудандық білім беру бөлімі шенеуніктері мен Қазақстандағы орыс православ шіркеуі Алматы епархиясының заңгері Юрий Липовой да бұл мәселе жөнінде комментарий беруден бас тартты.

Бірақ алматылық журналист Андрей Щербаковтің әлеуметтік желілердегі мақаласына қарағанда, Іле ауданы әкімі Бердәулет Абдуллаев желтоқсанның 7-сі күні митрополит Александрмен кездесуден кейін бұл мәселе жөнінде толық комментарий берген.

Журналист Андрей Щербаков Іле ауданы әкімінің «Иә, паналау орны жайында сөйлестік. Митрополит Александрдың өтініші бойынша оны қабылдадық, бұл жайында мәжіліс өткіздік. Не шешкенімізді, айналайын, қазір айта алмаймын, бір айдан кейін келіңіз. Паналау орны епархия тағайындайтын жаңа басшылықпен жұмыс істей береді. Бұл – олардың ішкі мәселесі, біз араласпаймыз. Тек айтарым, паналау орнында бәрі тамаша болады, бұрынғыдан да жақсы болады» деген сөздерін келтірген.

СОФРОНИЙДІҢ БҮГІНГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН БОЛАШАҒЫ

Софронийдің орнына Алматы қаласындағы Покровск-Всехсвятов ғибадатханасынан протоиерей Евгений Бобылев тағайындалды. Алматы епархиясының баспасөз хатшысы Евгений Иванов паналау мекемесінің жаңа басшысын «Ол – ақылды, жеткілікті білімі бар, тәрбие ісі мен білім саласының қыр-сырын жақсы білетін адам» деп сипаттады.

Сергий Радонежский ғибадатханасы және балаларды паналату орны мен қарттар үйіндегі қызметтен толық шеттетілгенін Азаттық тілшісіне Софроний әкей де растайды.

– Ол жаққа несіне барамын? Ол жерде балалар жоқ, – дейді Софроний әкей.

Софронийге Ақмола облысындағы Ақмол ауылындағы шіркеуге баруды ұсынған. Ол бас тартып, Ресейге сұранған. Оның өтініші қабылданыпты. Софронийдің
Софроний қонысы алдында тұрған күзетші. Алматы облысы, 11 желтоқсан 2013 жыл.
Софроний қонысы алдында тұрған күзетші. Алматы облысы, 11 желтоқсан 2013 жыл.
айтуынша, Қазақстандағы сияқты балаларға арналған жақсы бір паналау орнын Ресейде де ашқысы келеді.

Паналау мекемесі «Софроний мұнда жоқ» деп, Азаттық тілшісін кіргізбей қойды. Бірақ күзет қызметі діншілдердің Сергий Радонежский ғибадатханасына келуіне кедергі болмайды. Ғибадатхана аумағында мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиеленетін «жоғарғы паналау орны» орналасқан.

Күзет қызметі мектеп жасындағы балаларған арналған үй-жайлар мен қарттар мен мүгедектер баспанасы орналасқан жаққа да жібермеді. Күзетші «паналау мекемесінің жаңа басшысы Евгений әкей қызметкерлермен жиналыс өткізіп жатыр» деді. Азаттық тілшісі Евгений әкеймен жолыға алмады.

ТАЛДЫҚОРҒАНҒА ЖЕТУ МҮМКІН БОЛМАДЫ

Софронийдің жүрегі қысылып ауруханаға түскені осы мақала жарияланар алдында белгілі болды. Оның адвокаты Владислав Мадзигонның айтуынша, 12 желтоқсан күні Талдықорғанда өтетін апелляциялық сотқа бара жатқан жолда Софронийдің денсаулығы сыр берген. Сот отырысында «паналау мекемесінің тәрбиеленушісі – қыз баланы ұрып-соқты» деген айыппен жуырда ірі көлемде айыппұл салған Алматы облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешіміне қарсы шағымы қаралуы тиіс болған.

– Қапшағайға жеткенде жүрегі қысылып, өңі бозарып кетті. Қазір Алматыдағы жекеменшік клиникалардың бірінде жатыр. Сотқа телефон соғып, отырысты кейінге қалдыруды сұрадым, – дейді Владислав Мадзигон Азаттық тілшісіне.

Желтоқсанның 12-сі күні Астана-Алматы епархиясы баспасөз қызметі «Алматы облысындағы Түймебаев атындағы балалар мекемесінің жұмысы туралы мәлімдеме» жасады. Мәлімдемеде Свято-Сергиевский ғибадатханасы шіркеуі
Софронийдің балалар мен қарттар паналайтын баспанасындағы балалар. Алматы облысы, Іле ауданы, 3 қыркүйек 2013 жыл.
Софронийдің балалар мен қарттар паналайтын баспанасындағы балалар. Алматы облысы, Іле ауданы, 3 қыркүйек 2013 жыл.
айналасында жайсыз жағдай болғанына Софроний әкейдің өзі кінәлі деп көрсетілген.

Игумен Софронийдің шіркеуді құрып, оның жұмысын дамытудағы еңбегін ескере отырып, Астана-Алматы епархиясы «алайда оның мінез-құлқындағы мемлекеттік билік органдарымен конструктивті ынтымақтастық орнатуға қабілетсіздігі, әділ сынды көтере алмайтыны, жұмысындағы олқылықтарды жөндеуге құлықсыздығы сияқты жағымсыз жақтары да толық анықталды» деп жазады

Софронийге «Қиын балалармен жұмыс істеу үшін педагогтық білімі жоқ әрі үстінен жиі шағым түскен» деген кінә тағылады. Жергілікті православ шіркеуі басшылығы «Игумен Софроний Свято-Сергиевский ғибадатханасының басшысы бола тұра мемлекеттік билік пен шіркеу басшылығының балаларды паналату мекемесіндегі жағдайды оңалтуға бағытталған бүкіл әрекетіне қарсылық жасап, бас шіркеу мен мемлекет басшылығына қоғамда сенімсіздік тудыру мақсатында өсек-аяң, ойдан шығарылған қауесет таратумен айналысқан» дейді.

120-дан астам аса бала, 120-дай зейнеткер мен мүгедек тұрып жатқан шіркеу айналасындағы қиын жағдай осыдан бір жылдай бұрын басталған. Әуелі көші-
Софронийдің балалар мен қарттар паналайтын баспанасы. 3 қыркүйек 2013 жыл.
Софронийдің балалар мен қарттар паналайтын баспанасы. 3 қыркүйек 2013 жыл.
қон қызметі православ миссионері Софронийге қатысты шағым түсіріп, оны Ресейге депортациялауды талап етті. Ғибадатхана жанынан Софроний ашқан паналау орнын жұрт оның есімімен атап кеткен. Алматы облысы Іле ауданы Түймебаев атындағы кентте орналасқан ғибадатхана мен балалар мен қарттар паналайтын баспананың жақсы жабдықталған жатаханалары, инфрақұрылымы, үлкен қосалқы шаруашылығы, ауыл шаруашылық жері бар.

Софроний «көші-қон заңын бұзды» және «тәрбиеленушілерді ұрып-соқты» деп айыпталады. Биыл көктемде жергілікті билік оны балаларға қамқоршылық ету және қорғаншылық құқынан айырды. Күзде Іле аудандық білім беру бөлімі паналау мекемесін сотқа беріп, ондағы тәрбеиелнушілерді балалар үйіне өткізбек болды. Мемлекеттік балалар үйіне немесе қамқоршыларының қолына табыстау үшін шенеуніктер сот шешімін күтпестен бірнеше баланы алып кетті. Софроний балалардың мүддесін ресми қорғай алмайтын болды. Бірақ ол балалар мекемесі мен қарттар үйін желтоқсанның 11-іне дейін басқарып келді.
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG