Accessibility links

Шымкентте азық-түлік тағы қымбаттады


Алаш базары. Шымкент, Оңтүстік Қазақстан облысы, 6 мамыр 2014 жыл.

Алаш базары. Шымкент, Оңтүстік Қазақстан облысы, 6 мамыр 2014 жыл.

Жергілікті биліктің уәдесіне қарамастан, соңғы үш айда Шымкент базарында азық-түлік бағасы бірнеше рет өсті. Бұл әсіресе әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға қиын тиіп отыр.

ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫ, ТҰРАҚСЫЗ БАҒА

Биыл ақпан айында болған девальвациядан кейін соң билік орындары азық-түліктің бағасы көтерілмейді деп сендіргенімен Шымкентте одан бері баға бірнеше рет қымбаттады. Бағаны ұстап тұру мақсатында облыстық әкімдік құрған тұрақтандыру қоры да қымбатшылыққа әсер ете алмай отыр.

– Осыдан бір апта бұрын тұрақтандыру қоры картоптың келісін 75 теңгеден сатты. Қазір 120 теңгеге көтерді. Құмшекердің келісі 165 теңге дейді, яғни саудагерлерден бес-ақ теңгеге арзан. Бес теңге арзан болса, халықтың жағдайы көтеріледі ме? − деп наразылығын білдірді зейнеткер Қалдығыз Аманбек Азаттық тілшісіне.

Ол 33 мың теңге зейнетақысының тамаққа жетпейтінін, базар бағасы өз қалтасы үшін қымбат болып отырғанын жеткізді.

Қалдығыз апай әлеуметтік көмек ретінде облыс әкімдігі сатуға шығарған кейбір азық-түлік өнімдерінің жарамсыз екен айтады. Мысалы, картоптың тең жартысы шіріп кеткен дейді ол.

– Қоймада сақтағанының керегі қанша, сатуға іріп-шірігенде шығарса. Картоптың келісін 75 теңгеден сатқан кезде, амалдың жоқтығынан, қордан емес саудагерлерден 130-150 теңгеден болса да сатып алдық. Өйткені олар сатып тұрған картоп бұзылмаған, таза, − дейді зейнеткер.

Зейнеткер Қалдығыз Аманбектің пікірі
БАЗАР НАРҚЫ

Қазақстанда көкөністер мен жеміс-жидектер өсіруге ең ыңғайды аймақтардың бірі болып табылатын Оңтүстік Қазақстан облысында, оның ішінде Шымкент базарларында мамыр айының басынан бастап көкөністің бағасы шамамен 30-40 пайызға қымбаттады. Мәселен, қаладағы базарларда 100-130 теңгеден сатылып келген картоптың келісі қазір 140-180 теңгеге, бұрын 80-110 теңге тұрған пияздың келісі 170-200 теңгеге, бағасы 70-80 теңге болған сәбіздің келісі 90-110 теңгеден сатылып жатыр.

Ақпан айында доллар бағамы күрт көтерілгенде облыс әкімдігі тұрақтандыру қоры құрылғанын, онда картоп, пияз, қант, ұн сияқты күнделікті тұтынуға керекті Әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасы көрсетілген жазу. Алаш базары, Шымкент, Оңтүстік Қазақстан облысы, 6 мамыр 2014 жыл.

Әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасы көрсетілген жазу. Алаш базары, Шымкент, Оңтүстік Қазақстан облысы, 6 мамыр 2014 жыл.

негізгі азық-түліктердің жеткілікті екенін, сондай-ақ, қаладағы базарлардың алдына осы тұрақтандыру қоры тауарлары жеткізілетінін мәлімдеген еді.

Жергілікті билік картоп 55 теңгеден, пияз – 25 теңгеден, бір қап ұн 2500 теңгеден және қанттың бір келісі 115 теңгеден көтерме бағамен берілетінін айтқан еді. Бірақ, Азаттық тілшісі Шымкент базарларында қордың картоптың келісін 120 теңгеден, пиязды 105 теңгеден, құмшекерді 165 теңгеден сатып жатқанына куә болды.

Тұрақтандыру қорындағы азық-түлікті қаладағы 10 базарда саудаға шығаратын «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының сатушылары мамыр айындағы бағаның қымбаттауын қазақ-өзбек шекарасының жабылып қалғанымен және биылғы жылғы көкөністердің саудағы шығып жатқанымен байланыстырады.

– Қордағы азық-түлік таусылып қалды. Қарағандыда тағы бір қоймамыз бар. Ондағы азық-түлікті жеткізгенше баға осы қалпында қалады. Мұнда картоп, пияз жоқ демеуі үшін, шынын айтқанда, халық шулап кетпесін деп, өзіміз картопты көтерме бағамен алып, 120 теңгеден сатып жатырмыз. Қарағандыдан картоп келген соң келісін 75 теңгеден сатамыз. Ал пияздың бағасы 105 теңгеден аспайды, − дейді қордың Алаш базарындағы сауда нүктесіне жауапты Мұрат Дәуірбаев.

Орта есеппен күніне 600 кило вермишель (келісі 136 теңгеден), 200 келі күріш (1 кг. - 160 теңге), 50 келілік қабы 2500 теңге тұратын 3-5 тонна ұн сататын Мұрат Дәуірбаев қазір қанттың бағасы базардағымен бірдей болып қалғандықтан күніне 1 тонна ғана сатылып жатқанын, әйтпесе бұрын арзан кезінде 5-6 тонна сатылып «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының сатушысы Мұрат Дәуірбаев (оң жақта). Алаш базары. Шымкент, Оңтүстік Қазақстан облысы, 6 мамыр 2014 жыл.

«Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының сатушысы Мұрат Дәуірбаев (оң жақта). Алаш базары. Шымкент, Оңтүстік Қазақстан облысы, 6 мамыр 2014 жыл.

кететін жеткізді. Ақпан айында қор қанттың бір келісін 115 теңгеден сатқан болса, соңғы 3 айдың ішінде оның бағасын 4 мәрте қымбаттатты. Нақтырақ айтқанда әуелде 128 теңге, сосын 135 теңге, одан кейін 150 теңге болса, қазір 165 теңгеден сатып жатыр.

– Ақпан айында қоймамызда екі мың тонна картоп бар еді. Келісін 55 теңгеден саттық. Кейін картоп жолақысымен қосқанда қымбат болып келді, келісін 65 теңгеден саттық. Одан кейін вагонмен жеткізілген картоп бағасы 10 теңгеге қымбат келді. Оны 75 теңгеден саттық, − дейді Мұрат Дәуірбаев.

Ол базардағы бағаны тұрақтандыру үшін құрылған қордан шіріген картопты да сатуға шығарғанын Азаттыққа растады. Дәуірбаевтың сөзінше, қоймадағы шіріген картопты сұрыптаған соң базарға шығарылған, халық базардағы бағадан екі есе дерлік арзан болғандықтан шіріген картопты сатып алған.

Негізі салыстырмалы түрде тұрақтандыру қорындағы азық-түліктің бағасы базардағыдан арзан болғандықтан тұтынушылар осында келеді. Мәселен, қазір базарда картоптың келісі 140-160 теңге болса, қорда 120 теңге тұрады. Базардағы пияздың келісі 170-200 теңге болса, қорда – 105 теңге.

– Негізі қор базардағы көтерме саудаға қарап баға шығарады. Ал әкімшілік аптасына екі рет жиналыс жасап, бағаны бақылап отырады. Қант, пияз, картоптың бағасы көтерілгенніне бір апта болды, − дейді Мұрат Дәуірбаев.

ТҰТЫНУШЫ НАРАЗЫЛЫҒЫ

Базарда күнде сауда жасап, жұртпен тілдесіп жүрген саудагерлер азық-түліктің қымбаттағаны әсіресе әлеуметтік жағдайы төмен жандарға қиын болғанын айтады.

– Олар саудагерлер бағаны қымбаттатты деп ойласа керек, бізге ренжиді. Шымкенттегі Алаш базары. Оңтүстік Қазақстан облысы, 6 мамыр 2014 жыл.

Шымкенттегі Алаш базары. Оңтүстік Қазақстан облысы, 6 мамыр 2014 жыл.

Мәселен, біз көтерме бағаға 10-20 теңге қосып сатамыз. Жолақымыз, орынға төлейтініміз бар. Негізі қазір ескі көкөніс бітіп, жаңасы шығып жатыр. Қазір қымбат болғанымен, екі жетіден кейін баға қайта түседі, − дейді Алаш базарында тауар сататын Баян Қамрақұлова.

Зейнеткер Қалдығыз Аманбек бағаның өсуін ондағы тауарлар түгелге дерлік сырттан тасымалданатынымен байланыстырады. Халық амалдың жоқтығынан, қажет болғандықтан қымбат та болса сатып алуға, азын-аулақ ақшасын үнемдеуге мәжбүр дейді ол. Қалдығыздың пікірінше, базардағы бағаны әкімшілік тұрақтандыра алмайды.

МАУСЫМДЫҚ ФАКТОР

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев 11 мамыр күні Азаттыққа айтқан сөзінде базардағы қазіргі жағдайды маусымдық құбылысқа жатқызды.

– Қазіргі ажиотаж – маусымдық фактор. Біз жаңа картопты ескі картоптың бағасымен сат деп диқаншыға айта алмаймыз. Оның үстіне негізгі тасымалдаушы Өзбекстан 3-4 апта болды, шекарасын жауып тастады. Бұл да бағаның өсуіне себеп болып отыр»,− деді Сапарбек Тұяқбаев.

Оның айтуынша, жыл сайын сәуірдің басынан мамырдың соңына дейін картоп, «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының сауда нүктесі. Алаш базары. Шымкент, Оңтүстік Қазақстан облысы. 6 мамыр, 2014 жыл.

«Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының сауда нүктесі. Алаш базары. Шымкент, Оңтүстік Қазақстан облысы. 6 мамыр, 2014 жыл.

пияз, қырықжапырақтың бағасы көтеріліп, жаңа көкөністердің келісі 400-500 теңгеден сатылады. Бұл тауардың көлемі аз болғандықтан нарыққа аса әсер етпейді. Мамыр айының соңында баға едәуір түседі. Маусым, шілде айында толығымен тұрақталады деп сендіреді Тұяқбаев.

Әкім орынбасарының сөзінше, дәл қазір «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы сатып отырған картоп, пияз – қор тауары емес.

– Қорда тауар таусылған. Көтерме саудагерлер өз тауарын базардағы бағадан 20-30 пайызға арзан ұсынғандықтан бағаны тұрақтандыру үшін тауарларын айналымға салған, - деді ол.

Ал қант орталығы шикізатты шетелден тасымалдағаны үшін қантқа көтерме бағаны қымбаттатқан. Қазір облыс әкімдігі төтенше жағдайлар департаментінің қорындағы 900 тонна қантты сатып алған. Жергілікті билік енді сол қанттың келісін 129-130 теңгеден саудаға шығаруды жоспарлап отыр дейді әкім орынбасары.
  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG