Accessibility links

AzattyqLIVE: Ауған ардагерлері басқыншы ма, құтқарушы ма?


Ауған соғысы ардагері Абзал Темешов пен Азаттық тілшісі Қасым Аманжол. Алматы, 15 ақпан 2016 жыл.
Ауған соғысы ардагері Абзал Темешов пен Азаттық тілшісі Қасым Аманжол. Алматы, 15 ақпан 2016 жыл.

AzattyqLIVE Ауғанстаннан Совет әскері шығарылғанына 27 жыл толуына байланысты осы соғыс пен ардагерлер ахуалы жайлы талқылады. Қонақ - ауған соғысы ардагері Абзал Темешов болды.

Совет әскері Ауғанстанға 1979 жылы желтоқсан айында кіріп, 10 жылдан кейін шықты. Соғысқа Қазақстаннан 20 мыңнан көп жауынгер аттанып, бірнеше жүз сарбаз қаза тапты. Бірнеше мың солдат соғыстан мүгедек болып оралды.

Ресми мәліметтер бойынша, Ауғанстандағы соғыс кезінде 14 мыңнан астам совет солдаты мерт болған, бірнеше жүз жауынгер жоғалып кеткен. Кейбір деректерге қарағанда, 600 мыңнан астам ауған азаматы қаза тапқан.

Қазақстандағы ауған соғысы ардагерлері кеңесінің дерегіне сүйенсек, соғыс кезінде хабарсыз кеткен қазақстандық сарбаздар бар. Кейбір деректерде олардың санын 21 деп көрсетеді. Ал 2012 жылы соғыста қаза болған Алексей Зуев пен Абдулхаким Ергешовтың сүйектері табылып, Қазақстанға жеткізілген.

AzattyqLIVE хабарына ауған соғысы ардагері, алғашқы шайқастарға қатысқан Абзал Темешов болды.

Ауған ардагерлері басқыншы ма, құтқарушы ма?
please wait

No media source currently available

0:00 0:31:09 0:00

  • 16x9 Image

    Қасым АМАНЖОЛ

    Қасым Аманжол – Азаттық радиосының тв-продюсері. 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Жүргенов атындағы Өнер академиясының кино және телевидение факультетін аяқтаған. 20 жылдан астам Қазақстанның телевизия саласында істеп келеді. Авторлық бағдарламалардың, деректі фильмдердің авторы. «Шынның жүзі» сұхбаттар циклын, «Анық Абай» деректі сериалын, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы жайлы фильмдерді, 2014 жылы Шығыс Украинадағы соғыс пен Қырым туралы фильмдер түсірген. 2015 жылдан бері Азаттықта тікелей эфирлер жүргізіп, тележобалар жасайды. Телетоптың жұмысына продюсерлік істейді.

XS
SM
MD
LG