Accessibility links

Созақ көтерілісіне 82 жыл толды


ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ отбасы. Сергей Прокудин-Горский түсірген тарихи фото. (Көрнекі сурет)

ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ отбасы. Сергей Прокудин-Горский түсірген тарихи фото. (Көрнекі сурет)

Қазақстанда 1929-31 жылдары Совет өкіметіне қарсы ұйымдастырылған 300-дей көтерілістің ірілерінің бірі – 1930 жылғы Созақ көтерілісіне 7 ақпанда 82 жыл толды. «Байлар мен діндарлардың билікке қарсы қарулы көтерілісі» деп бағаланған осы толқу әлі күнге дейін саяси бағасын алған жоқ» дейді зерттеушілер.


1928 жылдың тамызында Қазақ АССР Орталық атқару комитетінің «Ауқатты байлардың мал-мүлкін тәркілеп, жер аудару» жөніндегі қаулысы шыққаннан кейін Қазақ өлкелік партия комитетін басқарған Филипп Голощекин елді неғұрлым қысқа мерзім ішінде отырықшылыққа көшіруді бұйырды.

«Орталық биліктің жергілікті белсенділері халықтың қолындағы соңғы сауын малына дейін сыпырып алып, түрлі салықтармен халықты мезі қылды, елдің ішерге асы қалмады. Ал «колхозға бірікпейміз» дегендерді белсенділер қамап тастады» дейді тарихшылар.

«СОЗАҚ КӨТЕРІЛІСІ – ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС»

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбеков «Созақ көтерілісіне жергілікті белсенділердің жасы келген адамдарды апанға салып, қыс айларының қар-аралас жаңбыры кезінде азаптауы түрткі болған» дейді:

– Егер де 1930 жылдың басында орта шаруалардың үлкен тобын бай-құлақ деп айыптап, Созақ пен Шолаққорғанның жанында қазылған апанға салмаса, бұл көтеріліс басталмайтын еді. Сұлтанбек Шалақұлы бастаған жігіттер ашық аспан астында ауыр жағдайда отырған осы аталарын босатып аламыз деп сылтау ғып келген, – дейді тарихшы.

Созақ көтерілісін зерттеген тарихшының айтуынша, 1930 жылдың ақпанында әр ауылдың наразы жұрты жиналып, атқа мінерлері бас қосып, қолдарына қару алған. Халық тама руынан шыққан Сұлтанбек Шалақұлын хан көтеріп, көтеріліске жетекші етіп сайлады.

Көтерілісшілер ақпанның 7-сі күні таңертең өздеріне қорлық көрсеткен Қазақстан өлкелік партия комитетінің 1925-1933 жылдардағы бірінші хатшысы Филипп Голощекин.

Қазақстан өлкелік партия комитетінің 1925-1933 жылдардағы бірінші хатшысы Филипп Голощекин.

белсенділерді ұстап алып, оларды көпшілік алдында сабап өлтіреді. Созақ абақтысында жатқандарды босатады. Наразы жұрт балта, айыр, орақпен қаруланып, қамбалар мен дүкендердегі азық-түлікті тонап, жұртқа таратып жібереді. Аудандық атқару комитетінің кеңселері өртеліп, байлар тізімі жойылады.

Тарихшы Талас Омарбеков көтерілісшілердің аудандағы 20 шақты басшы, белсенді мен комсомол өкілдерін жазалап, Маркс пен Лениннің суреттерін көшеге шығарып өртегенін айта келе:

– Міне, бұл – шынында да кеңестік жүйеге қарсы ашықтан-ашық болған, айқын түрдегі ұлт-азаттық көтеріліс, үлкен көтеріліс, – дейді.

Тарихшының айтуынша, Сұлтанбек Шалақұлы бастаған жасақ 2 мың адамнан асқан. Бірақ көп ұзамай зеңбірекпен қаруланған жазалау отрядтары келіп, шоқпар, мылтықпен қаруланған бас көтерілісшілерді қоршап алып, қырып салған.

«ДУАНАҒА» СЕГІЗ АЙ ҚАМАЛҒАН БАЛАЛАР

Осы оқиғаны зерттеп, «Созақ көтерілісі» деген кітап жазған жазушы-журналист Өтеш Қырғызбаевтың айтуынша, «Созақ көтерілісіне басшы болған Сұлтанбек Шалақұлының 1930 жылы ақпандағы шайқаста қызыл әскер қоршауында қаза тапқаны айтылғанымен, оның сүйегін көрген немесе өлімін растайтын ешкім табылмады».

Зерттеушінің сөзіне қарағанда, Созақ көтерілісінде мергендігімен аты шыққан Созақ көтерілісін зерттеген журналист Өтеш Қырғызбаев.

Созақ көтерілісін зерттеген журналист Өтеш Қырғызбаев.

Салықбай Аралбайұлы көтерілістен кейін 10 жылға сотталған. Беломор каналының құрылысында үлгілі еңбегі үшін орден тағып, елге оралған Салықбайды жерлестері «халық жауы» деп билікке ұстап беріп, атқызып тастаған екен.

Өтеш Қырғызбаев Созақ көтерілісінен кейін қуғын-сүргін мен қудалау көрген адамдардың бұл тақырыпта көпке дейін ашыла әңгімелесуге сескенгенін айтады.

Ол Созақ көтерілісіне қатысқан адамдарды қамау үшін құрылған «Дуана» лагерінде отырғандардың әңгімелерін де жазып алған.

– Созақ қыстағы Қайнар елдімекенінің жанындағы Дуана деген жерде лагерь ашқан. Оның орны қазір де бар. Милициялар көп дегенде көлемі 3 метрдей ғана болатын кішкентай орларды жағалап, төбеден қадағалап, қарсы шыққандарын атып тастап отырған. Ол жерде балалар мен әйелдер де болған. Кейін олардан еш күдік болмаған соң, 8 айдан кейін босатып жіберген, – дейді Өтеш Қырғызбаев.

«ХАЛЫҚТЫҢ ҮШТЕН БІРІ ҒАНА ҚАЛДЫ»

Тарихшы Талас Омарбеков «ресми деректерде Созақ көтерілісінде 400-ден астам адамның қаза тапқаны айтылады» дейді.

Осы оқиғаны зерттеушілердің бірі Өтеш Қырғызбаевтың сөзінше, «бұл көтеріліс кемінде 2 мың адамның өмірін қиған».

– Алғашқы кезде 500 сарбазды атып өлтіргені, кейін тағы 400-ін табан астында атқаны бар, негізі үлкен қырғын болған. Елге санын азайтып көрсеткен тарихи Қазақстанда 1930-жылдардағы аштыққа ұрынған анасы мен баласы. (Көрнекі сурет)

Қазақстанда 1930-жылдардағы аштыққа ұрынған анасы мен баласы. (Көрнекі сурет)

деректерді ғана берген. Созақ көтерілісінен кейін көп адам тау асып, құм басып, көрші елдерге үдере көшкен, сол кезде көбісі жолда қырылған, – дейді Өтеш Қырғызбаев.

1928 жылы өз алдына аудан болып құрылған Созақта 12 мыңға жуық отбасы, 1 миллионға жуық ұсақ мал болған екен.

«Көтерілістен кейін Созақ ауданында халықтың үштен бірі ғана қалды» дейді тарихшылар.

«КІНӘЛІ – КОММУНИСТІК САНА»

Өтеш Қырғызбаев «Созақ көтерілісі үкімет тарапынан еленбей, 80 жылдығы тіпті аудандық деңгейде аталмай қалғанын» айтады.

Ол Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміне хат жазып, Шымкент қаласы орталығындағы саябақта тұрған, Созақ көтерілісін басу кезінде қаза тапқан қызыл әскер ескерткішінің орнына сол көтерілісте мергендігімен аты шыққан Салықбай мерген бастаған көтерілісші сарбаздарды бейнелейтін ескерткіш орнатуды ұсынған екен.

– 1990 жылдары Созақ ауданында құрылған комиссия тарапынан Созақ көтерілісіне белгі орнату ұсынысы айтылып, оның тұғыры қаланғанымен, ол ескерткіш әлі орнаған жоқ, сол күйі қалды, – дейді Өтеш Қырғызбаев.
...саяси бағасын алмауына, Қазақстан тарихына енбеуіне кейбір коммунистік көзқарастан арылмаған тарихшылар себеп болып отыр.

Ал тарихшы-ғалым Талас Омарбековтің пікірінше, «Созақ көтерілісінің осы уақытқа дейін саяси бағасын алмауына, Қазақстан тарихына енбеуіне кейбір коммунистік көзқарастан арылмаған тарихшылар себеп болып отыр».

– Қазіргі аға буын тарихшыларымыз коммунистік жүйеден шыққандықтан, әлі күнге коммунистік санадан арылмаған. Созақ көтерілісін жай ғана «күштеп ұжымдастыруға қарсылық» ретінде ғана бағалап жүрген – осындай тарихшыларымыз. Соның салдарынан көтеріліс тарихтағы шынайы бағасын алмай отыр, – дейді Талас Омарбеков.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG