Accessibility links

Спорт федерацияларының көбін шенеуніктер басқарады


Қазақстан бокс федерациясына президенті әрі Kazenergy ассоциациясының төрағасы Тимур Құлыбаев (сол жақта) пен Қазақстанның сол кездегі премьер-министрі әрі муай тай федерациясының президенті Кәрім Мәсімов. 4 қазан 2011 жыл.

Қазақстан бокс федерациясына президенті әрі Kazenergy ассоциациясының төрағасы Тимур Құлыбаев (сол жақта) пен Қазақстанның сол кездегі премьер-министрі әрі муай тай федерациясының президенті Кәрім Мәсімов. 4 қазан 2011 жыл.

Сарапшылардың бірі «федерацияларды спорт мамандары басқаруы керек» десе, өзгелері «шенділер проблемаларды тез шешеді» деп шенеуніктерді қолдады.

СПОРТ ФЕДЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ

Қазақстанның экс-премьері, қазіргі президент әкімшілігінің жетекшісі Кәрім Мәсімов – Қазақстан муай тай федерациясының президенті, Азия муай тай федерациясының төрағасы, әлемдік муай тай федерациясының вице-президенті. Мәсімов «федерацияны жақсы басқарғаны үшін» 2006 жылы «Муай тайдан Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы» деген атақ алды.

Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов нысана көздеу федерациясын бес жылдан бері басқарып келеді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев – волейбол федерациясының құрметті президенті. «Волейболдан Қазақстан президенті кубогын Волейбол федерациясының құрметті президенті әрі ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев (сол жақта) пен футбол федерациясының президенті әрі қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков. Астана, 1 желтоқсан 2010 жыл.

Волейбол федерациясының құрметті президенті әрі ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев (сол жақта) пен футбол федерациясының президенті әрі қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков. Астана, 1 желтоқсан 2010 жыл.

өткізу идеясының авторы» Әбіқаев волейбол қауымдастығын 2007 жылдан бері басқарып келеді. Ол 2007-2008 жылдары Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі болып жүргенде де бұл қызметті қатар атқарды.

Қазақстан қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков – бес жылдан бері Қазақстан футбол федерациясының президенті. Жақсыбековке дейін бұл федерацияны президент Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев Австриядағы елші болған кезінде Венада отырып басқарған.

Kazenergy ассоциациясының төрағасы Тимур Құлыбаев 2009 жылы Қазақстан бокс федерациясына президент болып сайланды. Оған дейін бұл федерацияны Ұзақбай Қарабалин («Қазмұнайгаз» компаниясының бұрынғы басшысы, қазір қазақ мұнай және газ институтының президенті) басқарып келген еді. Қарабалин Қазақстан боксшылары Пекин олимпиадасында бір алтын мен бір қола медаль ғана алғаннан кейін федерация басшылығынан кетті.

Премьер-министрдің орынбасары Қайрат Келімбетов – 2007 жылдан бері Қазақстан Теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов.

Теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов.

велоспорт федерациясы басшысы. Келімбетовке дейін бұл федерацияны Қазақстанның алтыншы премьер-министрі Даниал Ахметов басқарып келген.

Қазақстандағы миллиардерлердің бірі (Forbes рейтингісі бойынша) Болат Өтемұратов – теннис федерациясының президенті.

2012 жылдың қыркүйек айында Қазақстан хоккей федерациясының төрағасы болып Асқар Мәмин екінші рет сайланды. Енді ол бұл федерацияны 2015 жылға дейін басқарады.

Биыл қыркүйек айында қаржы министрі Болат Жәмішев Қазақстан коньки федерациясының құрметті президенті қызметіне кірісті.

Әділет министрі Бақыт Имашев – қазіргі бессайыс, мәжіліс депутаты Серік Үмбетов – көгалдағы хоккей, «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшысы Асқар Сманқұлов – баскетбол, бас прокуратураның аппарат жетекшісі Ұлан Байжанов бадминтон федерациясын басқарады.

Атырау облысының жаңа әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов – Қазақстан стол теннисі федерациясының президенті. Ол бұл қызметті мәжілістің вице-спикері болып жүргенде-ақ атқарған.

«ШЕНЕУНІКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРІН АТҚАРСЫН»

Спорт федерацияларының басшысын спорт және дене шынықтыру агенттігі немесе сол федерацияның мүшелері сайлайды.

Бірақ журналист Гений Төлегенов спорт федерацияларын шенеуніктердің басқаруына қарсы.

– Министр, әкім, депутаттар өздеріне міндеттелген мемлекеттік қызметтерін жақсылап атқарып алғаны дұрыс. Олар спортқа көңіл бөлетін жағдайда емес. Қазақстан спортшысы Зүлфия Чиншанло олимпиадада алтын алды. Лондон, 29 шілде 2012 жыл.

Қазақстан спортшысы Зүлфия Чиншанло олимпиадада алтын алды. Лондон, 29 шілде 2012 жыл.

Егер шенеунік федерацияны басқарған кезде жақсы жұмыстар атқарса, спорттың дамуына үлес қосса – басқара берсін. Алайда Қазақстанда шенеуніктердің спорт федерацияларын басқаруы пайда әкеліп жатқан жоқ, – деді ол.

Гений Төлегеновтің ойынша, «шенеунік не кабинетте отырып мемлекеттік қызметін атқаруы тиіс, не спорт федерациясын басқаруы керек».

– Бұрын шенеунік болған Қайрат Тұрлыханов қазір тек ауыр атлетика федерациясының президенті. Одан басқа қызметі жоқ. Тек осы спорт түрін дамыту үшін жұмыс істеп жатыр. Нәтижесі – олимпиаданың төрт алтын медалі. Басқа шенеуніктер де осылай істеуі керек, әйтпесе президенттік қызметтерін білікті мамандарға босатып бергені жөн, – дейді ол.

Журналист сөзін «тек Тимур Құлыбаев келген соң бокс жандана түскенін», «велоспорт федерациясын Қайрат Келімбетов дамытуға тырысып жатқанын» айта Бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев. Лондон, 12 тамыз 2012 жыл. (Сурет Facebook әлеуметтік желісінен алынды).

Бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев. Лондон, 12 тамыз 2012 жыл. (Сурет Facebook әлеуметтік желісінен алынды).

келе, «футбол федерациясын басқарып отырған Әділбек Жақсыбековтің жұмысынан нәтиже көріп отырған жоқпыз» деп аяқтады.

Спорт жанкүйері Жансейіт Ахтановтың пікірінше, «сол спортты түсінетін, білетін мамандарды федерация президенті етіп сайлау керек».

– Мысалы, Серік Үмбетов басқаратын көгал хоккейі тоқырап тұр. Асқар Мәмин хоккейді дамыта алмай отыр. Әбіқаев жетекшілік ететін волейбол федерациясының жұмысына көңілім толмайды. Волейболдан Қазақстанның құрамасы Азия ішіндегі жарыстарда жеңіске жете алмайды. Ал Асқар Сманқұлов баскетболды дамытатын жұмыс жасап жатқан жоқ. Баскетбол құрамамыз кішігірім жарыстарға қатыса алмай жүр. Олардың не үшін федерация басында отырғанын түсінбедім, – дейді жанкүйер.

«ПРОБЛЕМАНЫ ШЕНЕУНІКТЕР АРҚЫЛЫ ТЕЗ ШЕШУ»

Спорт журналисі Рауан Оқастың ойынша, спорт федерацияларын басқаруға шенеуніктерді «сөзі өтеді», «қаржы жағынан көмектеседі» деп шақырады.

– «Сөзін өткізіп жүргендер» де, «қаржысымен мәселені шешіп жүргендер» де бар. Болат Өтемұратов шетелден теннисшілер (Ярослава Шведова, Галина Воскобоева, Теннисші Ярослава Шведова. Лондон, 30 маусым 2012 жыл.

Теннисші Ярослава Шведова. Лондон, 30 маусым 2012 жыл.

Ксения Первак, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев) әкеліп, Қазақстанда сол спортты дамытып жатыр. Тимур Құлыбаев «сөзін өткізіп» жүріп, Азия бокс қауымдастығының вице-президенті болып сайланды. Боксшылардың дайындалуына бар жағдайды жасап отыр. Қайрат Келімбетов те велоспорттан ақша аяп отырған жоқ. Сондықтан басқа шенеуніктер де ізденіп, дұрыс жұмыс істесе, өзі басқарып отырған спорт түрін дамытатын еді, – деді журналист.

Ал Қазақстан спорт және дене шынықтыру агенттігінің қызметкері Ардақ Тоғымов лауазымды адамдардың спорт федерацияларын басқаруын құптайтынын айтты.

– Шенеуніктер проблеманы тез шешуге көмектеседі, белгілі бір саланы қалай дамытуға болатынын біледі, сөздері кез келген жерге өтеді, спортшылардың мәселелерін жоғары жаққа жеткізе алады. Мәртебелі президенттің арқасында біраз нәрсені тындыруға болады. Ал оларға жол сілтеп, түсінбегенін түсіндіріп отыратын орынбасары сол саланың маманы болса жеткілікті, – дейді агенттік өкілі.

Қадірлі оқырман, мақаланы автордың Facebook-тегі жеке парақшасында да талқылай аласыз.

(Материалды әзірлеуге Нұржан Еркінұлы атсалысты)
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG