Accessibility links

Қырғыз премьері Кеден Одағы қорын құруды ұсынды


Қырғызстан премьер-министрі Жантөре Сатыбалдиев. Бішкек, 14 мамыр 2013 жыл.
Қырғызстан премьер-министрі Жантөре Сатыбалдиев. Бішкек, 14 мамыр 2013 жыл.
Қырғызстан премьер-министрі Жантөре Сатыбалдиев Кеден Одағына қосылғысы келетін елдерге қолдау көрсететін қор құруды ұсынды. Астанада өткен Еуразия экономикалық кеңесінің жиынында сөйлеген Сатыбалдиев Қырғызстанның Кеден Одағына кіруге дайын екенін тағы айтты.

Кездесуге осы одаққа мүше үш ел - Ресей, Қазақстан, Беларусьтің және Украина мен Қырғызстанның премьерлері қатысты. Қазақстан премьері Серік Ахметовтің айтуынша, Украина мен Қырғызстан өкілдерінің жиынға қатысуы "бұл елдердің интеграциялық процестерге араласуға ниетті екендерін көрсетеді".

Украина қарашада Еуропа Одағымен (ЕО) еркін сауда айналымы туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр. Ал бұрынғы постсоветтік елдерді Кеден Одағына кіргізуге тырысатын Ресей "2015 жылы Кеден Одағы ЕО үлгісіндегі Еуразия экономикалық одағына айналады" дейді.
XS
SM
MD
LG