Accessibility links

ФИФА Ресейді нәсілшілдікпен күресуге шақырды


ФИФА президенті Зепп Блаттер.
ФИФА президенті Зепп Блаттер.
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Ресейден футбол матчтары кезінде ресейлік фанаттар тарапынан болатын нәсілшілдікті жою шараларын жасауға кепілдік беруге шақырды. ФИФА президенті Зепп Блаттер Ресейде жоспар бойынша 2018 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалдық ойындары өтетінін айтып, "Ресей билігі нәсілшілдік мәселесін толықтай шешуі тиіс" деп мәлімдеді.

Ресей жанкүйерлері арасындағы нәсілшілдік мәселесі ФИФА-ның бас хатшысы Жером Валькенің таяуда Мәскеуге сапары кезінде талқыланады деген болжам бар.

Ресейде футбол матчтарындағы нәсілшілдік проблемасы 26 қазанда Чемпиондар лигасының ойындары кезінде тағы да бой көрсеткен. ЦСКА футбол клубының фанаттары ұлыбританиялық "Манчестер Сити" клубының жартылай қорғаушысы Яя Туреге тіл тигізіп, айқайлаған.

Соңғы жылдары Ресей футбол фанаттары тарапынан нәсілшілдік көріністері жиі қайталанатын болып жүр.
XS
SM
MD
LG